1994 жылы 21 қазанда Москва қаласында Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерi басшылары Кеңесiнiң мәжiлiсiнде қабылданған келiсiмдер мен шешiмдердi жүзеге асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1994 жылғы 14 қарашадағы N 1286

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары 1994 жылы 21 қазанда Москва қаласында Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерi басшылары Кеңесiнiң мәжiлiсiнде қабылданған құжаттар мен шешiмдердi жүзеге асыруға кiрiсетiн болсын. Үкiметтiң шешiмдерiн талап ететiн мәселелер бойынша қосымшаға сәйкес тиiстi мерзiмдерде ұсыныстар енгiзсiн.
      2. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы интеграциялық дамуының негiзгi бағыттары Меморандумының Ережелерiн және Мемлекеттердiң Евразиялық одағын құру туралы Қазақстан Республикасының ұсынысы бойынша ТМД мемлекеттерi басшылары Кеңесiнiң шешiмдерiн, сондай-ақ Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы Интеграциялық дамуының перспективалық жоспарын негiзге ала отырып оларды кезең-кезеңiмен жүзеге асырудың ұлттық бағдарламасы мен келiсiмдердiң тиiстi жобаларын әзiрлейтiн болсын.
      3. Қазақстан Республикасының экономика министрлiгi басқа министрлiктер мен ведомстволардың қатысуымен экономикалық одақтың Мемлекетаралық экономикалық комитетiн (МЭК) құру туралы келiсiмнiң ережелерiн жүзеге асыру мақсатында өзiне берiлген бақылау және басшылық жасау қызметтерiн атқару үшiн бiрiншi кезектегi өкiлеттiктер ауқымы бойынша ұсыныстар енгiзетiн болсын.
      4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Ұлттық банкпен және басқа да мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп бiр ай мерзiм iшiнде негiзiнде Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердiң Төлем одағының ережелерi жүзеге асатын екi жақты және көпжақты келiсiмдердiң жобаларын әзiрлейтiн болсын.
      5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Сыртқы iстер министрлiгi, Әдiлет министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен және басқа да министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Төлем одағын құру туралы Келiсiм мен Экономикалық одақтық Мемлекетаралық экономикалық комитетiн құру туралы Келiсiмдi белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң бекiтуiне ұсынсын.
      6. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Сыртқы iстер министрлiгi, Мәдениет министрлiгi мен Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi, облыстар, Алматы, Ленинск қалаларының әкiмдерi басқа мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп, Отанды қорғау кезiнде қаза тапқан азаматтар мен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының құрбандарын мәңгi есте қалдыру жөнiндегi шаралардың мемлекетаралық бағдарламасының iске асырылуын қамтамасыз ететiн болсын. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң шешiмiн талап ететiн мәселелер бойынша ұсыныстар жасасын.
      7. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi, Сыртқы iстер министрлiгi, Мәдениет министрлiгi мен Еңбек министрлiгi мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп, аз ұлттарға жататын адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету жөнiндегi Конвенцияның ережелерiн жүзеге асыру үшiн жұмыс тобын құрсын.
      8. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, Экономика министрлiгi мен Әдiлет министрлiгi басқа мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп, 1994 жылы 23 желтоқсанда Алматы қаласында болатын Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы үкiметтерi басшылары Кеңесi мен мемлекеттерi басшыларының кезектi мәжiлiсiнде қарауды және күн тәртiбiне

енгiзудi талап ететiн мәселелер бойынша ұсыныстар жасасын.
     9. Осы қаулының жүзеге асуына жалпы басшылық жасау
Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары 
Н.К.Есенғаринге жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi

            1994 жылы 21 қазанда Москва қаласында Тәуелсiз
            Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерi басшылары
            Кеңесiнiң мәжiлiсiнде қабылданған келiсiмдер
            мен шешiмдердi жүзеге асыру жөнiндегi
                          ТАПСЫРМАЛАР

     1) Құжаттың атауы
     2) Тапсырманың мазмұны
     3) Орындау мерзiмi
     4) Жауапты орындаушылар
-------------------------------------------


      1. 1 ТМД мемлекеттерi басшылары Кеңесiнiң "Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы интеграциялық дамуының негiзгi бағыттары" Меморандумы мен Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы Интеграциялық дамуының перспективалық жоспары туралы шешiм
      2. Басшылыққа алу және орындау
      3. Тұрақты түрде
      4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Әдiлет

министрлiгi, Сыртқы iстер министрлiгi, министрлiктер мен 
ведомстволар
     1. 2 Қазақстан Республикасының ұсынысы бойынша Мемлекеттердiң
Евразиялық одағын құру туралы шешiм
     2. ТМД-да интеграциялық процестердi тереңдету үшiн негiзгi
идеяларды пайдалану
     3. Тұрақты түрде
     4. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары

     1. 3 Экономикалық одақтың мемлекетаралық экономикалық 
комитетiн құру туралы келiсiм, Экономикалық одақтың Мемлекетаралық
экономикалық комитетi туралы ереже
     2. Басшылыққа алу және орындау, бекiтуге әзiрлеу       
     3. Тұрақты түрде Әзiр болуына қарай
     4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi,
Экономика министрлiгi, Әдiлет министрлiгi, министрлiктер мен
ведомстволар
     
     1. 5 ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердiң Төлем одағын құру туралы
келiсiм
     2. Келiсiмдi жүзеге асыруға кiрiсу
     3. Тұрақты түрде
     4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Ұлттық банкi,
Экономика министрлiгi
     
     1. 7 Аз ұлттарға жататын адамдардың құқықтарын қамтамасыз
ету туралы Конвенция
     2. Бекiтуге әзiрлеу 
     Басшылыққа алу және орындау
     3. Әзiр болуына қарай 
     Тұрақты түрде


      4. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi, Сыртқы

iстер министрлiгi, Еңбек министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi

     1. 9 Шекара әскерлерi қолбасшыларының Кеңесi туралы ережеге
толықтырулар енгiзу туралы шешiм
     2. Басшылыққа алу
     3. Тұрақты түрде 
     4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қауiпсiздiк
комитетi, Сыртқы iстер министрлiгi

     1. 12 Грузин-абхаз шиеленiсi аймағында бейбiтшiлiктi
сақтау жөнiндегi ұжымдық күштердiң Қолбасшысын тағайындау туралы 
шешiм
     2. Қаперге алу 
     3. Тұрақты түрде
     4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Сыртқы
iстер министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi
 
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады