Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Халық шаруашылығының барлық салалары үшiн ортақ қызметкерлердiң бiлiктiлiк топтары бойынша сараланған жаңа разрядаралық тарифтiк коэффициенттерi бекiтiлсiн.
2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Халық шаруашылығы қызметкерлерiнiң барлық санаттары үшiн Бiрыңғай тариф кестесi негiзiнде еңбекке ақы төлеудiң жаңа шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 20 қазандағы N 888 қаулысының 1-тармағының үшiншi абзацы /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 40, 604-бап/ қызметкерлердiң бiлiктiлiк топтары бойынша сараланған разрядаралық тарифтiк коэффициенттерге қатысты жерi;
"Бюджеттен қаржыландырылатын кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң еңбекақысы аз қызметкерлерiн қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 15 қыркүйектегi N 888 қаулысы /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993ж., N 38, 442-бап/.
3. Осы қаулы 1994 жылғы 1 желтоқсаннан бастап күшiне енгiзiлсiн.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1994 жылға арналған республикалық бюджеттi анықтау кезiнде қосымша қаражат бөлудi көздесiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 15 қарашадағы
N 1289 қаулысына
Қосымша
Қызметкерлердiң бiлiктi топтары бойынша
сараланған разрядаралық тарифтiк коэффициенттер
--------------------------------------------------------------------
Разряд | Тарифтiк коэффициент
--------------------------------------------------------------------
1 2,00
2 2,40
3 2,69
4 3,02
5 3,39
6 3,81
7 4,28
8 4,80
9 5,16
10 5,54
11 5,95
12 6,40
13 6,87
14 7,39
15 7,94
16 8,53
17 9,16
18 9,85
19 10,58
20 11,73
21 13,08