1. Орал қаласындағы спирт зауытының құрылысына арналған "Батыс" мемлекеттiк акционерлiк қоғамы мен Францияның "Срейшм" фирмасы арасындағы жалпы сомасы 13 млн. АҚШ долларына жасалған контракт мақұлдансын.
2. Жобаны қаржыландыру Францияның Қазақстан Республикасына берген кредиттiк жүйесi шегiнде жүргiзiлсiн.
3. "Батыс" мемлекеттiк акционерлiк қоғамы заем берушi ретiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне кепiлдiктер берсiн.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi аталған жобаға
Қазақстан Республикасының кепiлдiгiн беретiн болсын. 4. Қазақстан Эксимбанкi осы жоба бойынша француз банкiмен жеке кредиттiк келiсiм жасасын. 5. "Батыс" мемлекеттiк акционерлiк қоғамы Қазақстан Эксимбанкiмен жеке кредиттiк келiсiм жасасын. 6. "Батыс" мемлекеттiк акционерлiк қоғамы аванстық төлемдi, кредиттер мен олар бойынша проценттер өтеудi, сондай-ақ кредитпен қоса жасалатын барлық төлемдердi дербес жүргiзедi деп белгiленсiн. 7. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi аталған жобаның iске асырылуына және кредиттiң өтелуiне бақылау жасайтын болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi