Ракета-ұшырғыштардың бөлiнген бөлiктерiнiң сынықтарын әкету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1994 жылғы 16 қараша N 1298

      Россия Федерациясы мен Қазақстан Республикасының арасындағы 1992 жылғы 25 мамырдағы "Байқоңыр" космодромын пайдаланудың тәртiбi туралы және 1993 жылғы 25 желтоқсандағы "Бойқоңыр" космодромында жұмыстарды атқару үшiн қажеттi тауарларды шекара арқылы өткiзу тәртiбi туралы келiсiмдердiң негiзiнде, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының экспортқа шығарылатын тауарларға кеден тарифi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 11 қаңтардағы N 1499 U941499_ Жарлығына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 3, 20-бап) сәйкес Байқоңыр космодромын пайдалануға байланысты түстi металдары бар (алюминий, мыс) ракета-ұшырғыштардың бөлiнген бөлiктерiнiң сынықтарын одан әрi өңдеу үшiн әкетудi, жинауды, экологиялық зардаптарын жоюды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      Ракета-ұшырғыштардың бөлiнген бөлiктерiнiң сынықтарын әкетудi жүзеге асырушы Жезқазған облысының кәсiпорындары экспорттық-кеден баж салығын төлеуден (ТН ВЭД бойынша 7404 және 7602 коды) босатылсын.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады