"Қарағандыкөмiр" мемлекеттiк холдинг компаниясы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 17 қараша N 1303. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.11.01. N 1415 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Көмiр өнеркәсiбiн басқару жүйесi туралы" 1994 жылғы 28 маусымдағы N 1773 Жарлығы негiзiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1."Қарағандыкөмiр" өндiрiстiк бiрлестiгi "Қарағандыкөмiр" мемлекеттiк холдинг компаниясы /бұдан әрi - Компания/ болып қайта құрылсын.
      2. Компания қызметiнiң негiзгi мiндеттерi болып мыналар белгiленсiн:
      саланы дамытудың басым және стратегиялық бағыттарын белгiлеу, Қарағанды көмiр бассейнiнде көмiр, қайталама ресурстар өндiрудi, өңдеудi және өткiзудi жоспарлау мен басқару;
      Қарағанды көмiр бассейнiнде рентабельдi емес өндiрiстердi қысқартуға бағытталған құрылымдық өзгерiстер жүргiзу;
      отын-энергетика кешенiн дамытудың, республиканың энергетикалық тәуелсiздiгiн қамтамасыз етудiң, экспорттық әлеуеттi арттырудың мемлекеттiк бағдарламаларын және көмiр өнеркәсiбiмен байланысты басқа да бағдарламаларды әзiрлеу мен жүзеге асыру iсiне қатысу;
      Компания құрамына кiретiн кәсiпорындарды дамытудың келiсiлген ғылыми және техникалық саясатын жүргiзу, бiртұтас өндiрiстiк және әлеуметтiк-экономикалық кешен ретiнде жұмыс iстеу қауiпсiздiгiн, сенiмдiлiгi мен тиiмдiлiгiн арттыру мақсатымен олардың жұмысын үйлестiру;
      негiзгi қорлардың, өндiрiстiк және әлеуметтiк саланың тиiмдi үдемелi өндiрiсiн қамтамасыз ету үшiн қаржы, материалдық қорлар мен басқа да қорларды шоғырландыру;
      Компания кәсiпорындары үшiн материалдық-техникалық жабдықтауды жөндеу және қосалқы өндiрiстi ұйымдастыру;
      сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асыру;
      Қарағанды көмiр бассейнiнiң инфрақұрылым дамыту, бiрыңғай экологиялық және қор жинақтау саясатын жүргiзу.
      3. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi Компания қызметiн қамтамасыз ету жөнiнде ұйымдастыру шараларын қолдансын.
      4. Компания "Қарағандыкөмiр" өндiрiстiк бiрлестiгiнiң құқығын иеленушi болып табылады және Қарағанды көмiр бассейнiнiң жағдайы мен дамуы үшiн, оның құрамына кiретiн құрылымдар мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижесi үшiн барлық жауапкершiлiктi өз мойнына алатын болып белгiленсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбiмен бiрлесiп, белгiленген ретпен:
      1994 жылғы 1 сәуiрдегi жағдай бойынша "Қарағандыкөмiр" мемлекеттiк холдинг компаниясы құрамына қосылған "Қарағандыкөмiр" өндiрiстiк бiрлестiгiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары мен құрылымдық бiрлестiктерi /N 1 қосымша/ негiзiнде мүлiктiк кешендi кезең-кезеңiмен қалыптастыру жұмысын жүргiзу;
      Компания құру жөнiндегi құрылтай құжаттарының пакетiн екi ай мерзiм iшiнде әзiрлеу;
      Компанияға кәсiпорындар, ұйымдар, мен құрылымдық бiрлiктер қайта құрылғанға дейiн олардың мемлекеттiк мүлкiн, сондай-ақ құрылған акционерлiк қоғамдардың тiзбесiне сәйкес акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн иелену құқығын беру /N 2 қосымша/;
      Компания қарауына енгiзiлген мемлекеттiк кәсiпорындардың, ұйымдар мен құрылымдық бiрлестiктердiң қайта құрылуына қарай Компанияға мемлекеттiк мүлiктiң бөлiктерiн және акционерлiк қоғамдар акцияларының, Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға /II кезең/ арналған Ұлттық бағдарламасында көзделген тәртiп бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi өткiзетiннен басқа акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн иелену, пайдалану және басқару құқығын беру тапсырылсын.
      6. Компания басқармасы "Қарағандыкөмiр" өндiрiстiк бiрлестiгi

орналасқан Қарағанды қаласында болады деп белгiленсiн.
     7. "Қарағандыкөмiр" компаниясының басшыларын тағайындау мен
бекiту Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы
14 шiлдедегi N 606 "Мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру барысында
шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiн мемлекеттiк реттеу
мәселелерi" қаулысымен /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж.,
N 28, 341-бап/ белгiленген тәртiппен жүзеге асырылсын.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы          
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1994 жылғы 17 қарашадағы
                                         N 1303 қаулысына
                                         N 1 қосымша

              "Қарағандыкөмiр" өндiрiстiк бiрлестiгiнiң
          1994 жылғы 1 сәуiрдегi жағдай бойынша "Қарағандыкөмiр"
          мемлекеттiк холдинг компаниясы құрамына қосылған 
          мемлекеттiк кәсiпорындары мен құрылымдық бiрлестiктерiнiң
                             ТIЗБЕСI
              I. Дербес кәсiпорындар мен заңды ұйымдар
     "Қарағандыкөмiрқұрылыс" тресi
     Қарағанды "Шахтаарнаулықұрылыс" шахта проходкалау басқармасы
     Бiрiккен өндiрiстiк автокөлiк кәсiпорны 
     Мамандандырылған автокөлiк кәсiпорны
     Кен-шахта жабдығын монтаждау, бөлшектеу және жөндеу жөнiндегi
     басқарма /Арнаулышахтамонтаж/
     "Көмiрсервис" мамандандырылған монтаждау-жөндеу кәсiпорны
     "Қарағандыэнергиякөмiр" бiрiккен өндiрiстiк кәсiпорны
     Кен-көлiк жабдығын жөндеу зауыты /ККЖЖ/
     Энергозауыт
     Стандартты емес жабдық және шағын механикаландыру зауыты /СЖШМ/
     Кен-шахта жабдығын жөндеу жөнiндегi механикалық зауыт
     Қарағанды жүк тиеу-тасу басқармасы
     Нұра жүк тиеу-тасу басқармасы
     Материалдық-техникалық жабдықтау басқармасы /МТЖБ/
     "Қарағандыкөмiр" жұмысшыларды жабдықтау бөлiмi
     "Восточная" орталық байыту фабрикасы
     Абай тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы /ТҮКШБ/
     "Құланөтпес" кеңшары
     "Баршын" кеңшары
     "Шахтинский" кеңшары
     "Талдысай" кеңшары 
     "Қарақойын" кеңшары
     "Сарыөзен" кеңшары
     "Соналы" кеңшары
     "Аршалы" кеңшары
     "Үштау" кеңшары
     Қарағандының "Қарағандыкөмiрбарлау" кен-барлау экспедициясы
     Федоров жөндеу-құрылыс басқармасы
     Қарағанды жөндеу-құрылыс басқармасы
     Совет жөндеу құрылыс басқармасы
     Жаңа Майқұдық жөндеу-құрылыс басқармасы
     Мамандандырылған жөндеу-құрылыс басқармасы
     Шахтинск жөндеу-құрылыс басқармасы
     Михайлов жөндеу-құрылыс басқармасы
     Киров жөндеу-құрылыс басқармасы
     инженерлiк коммуникациялар шығару жөнiндегi мамандандырылған
     басқарма /ИКШ жөнiндегi МБ/
     Абай жөндеу-құрылыс басқармасы
     Жол жөндеу және көркейту жөнiндегi жөндеу-құрылыс басқармасы
     Сарань жөндеу-құрылыс басқармасы
     Қарағандының скважиналар бұрғылау және шахта алаңдарын құрғату
     жөнiндегi "Шахтақұрғату" құрылыс-монтаж басқармасы
     Ақтас кiрпiш зауыты
     Ақпарат-есептеу орталығы
     Жобалау кеңсесi
     Дәрi-дәрмекпен бiр орталықтан жабдықтау жөнiндегi дәрiхана
                      
              II. Құрылымдық бiрлiктер

     "Стаханов" шахтасы
     "Майқұдық" шахтасы
     "Қарағанды" шахтасы
     Костенко атындағы шахта /с ОФ/
     "Киров" шахтасы
     Горбачев атындағы шахта
     Октябрь революциясының 50 жылдығы атындағы шахта /с ОФ/
     Күзембаев атындағы шахта
     Байжанов атындағы шахта
     "Соқыр" шахтасы
     "Сарань" шахтасы
     "Ақтас" шахтасы
     "Дубовская" шахтасы
     КСРО-ның 50 жылдығы атындағы шахта
     "Шерубай-Нұра" шахтасы
     "Абай" шахтасы
     Калинин атындағы шахта
     "Қазақстан" шахтасы
     Ленин атындағы шахта
     "Молодежная" шахтасы
     "Степная" шахтасы
     "Долинская" шахтасы
     "Шахтинс" шахтасы
     "Тентек" шахтасы
     Кушеке разрезi
     Молодежный разрезi
     Шұбаркөл разрезi
     "Қарағанды" орталық байыту фабрикасы
     "Сарань" топтық байыту фабрикасы
     "Сабырхан" орталық байыту фабрикасы
     "Байтам" байыту фабрикасы
     Қарағанды тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы /ТҮКШБ/
     Шахтинск тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы /ТҮКШБ/
     Сарань тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы /ТҮКШБ/
     Қызмет ғимараттары басқармасы
     Газсыздандыру жүйелерiн салу мен монтаждау, өрттiң алдын алу 
     жөнiндегi "Арнаулышахтамонтажгазсыздандыру" мамандандырылған
     басқармасы
     Өндiрiстiк-технологиялық байланыс басқармасы
     Көмiр сапасын техникалық бақылау және стандарттау басқармасы
     Жыныс үйiндiлерiн профилактикалау, сөндiру және жердi қалпына
     келтiру жөнiндегi басқарма /ПСЖҚКБ/
     Әскерилендiрiлген күзет басқармасы
     Оқу-курс комбинаты
     "Шахтерская неделя" газетiнiң редакциясы
     Нормативтiк-зерттеу стансасы /НЗС/
     Ғылыми-зерттеу ақпарат орталығы /ҒЗАО/
     Шаруашылық есептегi ашық жұмыстар учаскесi
     Электронды аппаратура бюросы
     Көмiр өткiзу
   
                                       Қазақстан Республикасы              
                                           
                                       Министрлер Кабинетiнiң              
   
                                       1994 жылғы 17 қарашадағы
                                         N 1303 қаулысына
                                         N 2 қосымша

              Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi 1994 жылғы
         1 сәуiрдегi жағдай бойынша "Қарағандыкөмiр" мемлекеттiк
         холдинг компаниясына берiлген /бұрын құрылған/ акционерлiк
                              қоғамдардың
                               ТIЗБЕСI
--------------------------------------------------------------------
Рет| Акционерлiк қоғамдардың атауы| Орналасқан орны және мекен-жайы 
 N |                              |
---------------------------------------------------------------------
 1.  "Завод РГШО" АҚ               470014, Қарағанды, "Завод РГШО" 
                                   акционерлiк қоғамы
 2.  "Сарыарқа" АҚ                  487882, Оңтүстiк Қазақстан облысы,
                                   Сайрам ауданы, Қызылсай стансасы,
                                   Тассай п/б
 3.  "Көмiр-Құрылыс" АҚ            487884, Оңтүстiк Қазақстан облысы, 
                                   Сайрам ауданы, Сайрам ауылы,
                                   Коммунистiк көшесi, 110
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады