1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi
орталық аппаратының Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлген құрылымы аппарат қызметкерлерiнiң саны шегiнде қосымшаға сәйкес 277 адам болып бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне министрдiң төрт орынбасарын, оның iшiнде бiр бiрiншi, сондай-ақ 17 адамнан тұратын алқа ұстауға рұқсат етiлсiн. 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң орталық аппараты үшiн 5 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 5 желтоқсандағы N 1365 қаулысына Қосымша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi орталық аппаратының Құрылымы Экономика және нарықтық қайта құру бас басқармасы Егiн шаруашылығындағы технология саясаты бас басқармасы Мал шаруашылығы мен мемлекеттiк асыл тұқым инспекциясы технология саясаты бас басқармасы Сыртқы экономикалық байланыстардың бас басқармасы <*> Қаржы кредит саясаты,есеп,санация және банкроттық жөнiндегi жетекшi басқарма <*> Техникалық саясат және сервис бас басқармасы Ветеринария мен мемлекеттiк ветеринария инспекциясының жетекшi басқармасы Ет және сүт өнеркәсiбi жетекшi басқармасы Инвестициялық саясат жетекшi басқармасы Ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң сапасы жөнiндегi мемлекеттiк инспекция маркетингiнiң жетекшi басқармасы <*> Кадрлар және консалтинг жетекшi басқармасы Жемшөп және жайылым инспекциясы басқармасы Оқу орындары бөлiмi <*> Ғылым және ғылыми техникалық прогресс жөнiндегi жетекшi басқарма <*> Iс басқармасы Құқық жұмысы бөлiмi Машина-трактор паркiнiң техникалық жағдайын қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк инспекциясы (бас басқарма құқында) Еңбек қорғау, қауiпсiздiк техникасы және өрттен қорғану бөлiмi Арнайы жұмыстар секторы Екiншi бөлiм Баспасөз орталығы Бюджеттiк қаржыландыру және қолдау қоры жөнiндегi жетекшi басқарма <*> Ескерту.Қосымшаға өзгерiстер енгiзiлген - ҚРМК-нiң 1995.04.28. N 593 қаулысымен.