Есепшоттар ашуды ретке келтiру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 7 желтоқсан N 1391. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1996.01.06. N 23 қаулысымен.

      Республика кәсiпорындарының төлем жасамаудағы дағдарысын, жалақы мен әлеуметтiк төлемдер жөнiндегi үлкен берешектi ескере отырып, сондай-ақ қолда бар ресурстарды олардың қаржылай сауығуы үшiн мейлiнше пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Мемлекеттiк акциялардың бақылау пакетi бар барлық мемлекеттiк кәсiпорындар мен акционерлiк қоғамдар есеп айырысу, валюталық және басқа есепшоттарын өз таңдаулары бойынша бiр банкке кешендi қызмет көрсетуге аударсын.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi мен коммерциялық банктерге мемлекеттiк кәсiпорындар мен акционерлiк қоғамдардың есеп шоттарын олар таңдаған банктерге аудару жөнiнде жәрдем көрсету ұсынылсын.
      3. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi мен ведомстволары аталған жұмыстың жүргiзiлуiн қамтамасыз етсiн. Осы қаулының орындалуына кедергi жасайтын кәсiпорындар мен акционерлiк қоғамдар басшыларының жауапкершiлiгi қаралсын. Банктердiң кiнәсiнен есепшоттарды аударудағы кiдiрiс фактiлерi бойынша қолданылып жүрген заңдарға сәйкес осы банктерге шаралар қолдану кәсiпорындар мен акционерлiк қоғамдарға мiндеттелсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Мемлекеттiк

қаржы бақылау комитетi республиканың құқық қорғау органдарымен
бiрлесiп, осы қаулының жүзеге асырылу барысында бақылау орнатсын.
Жүргiзiлген жұмыстардың нәтижесi туралы Қазақстан Республикасының
Министрлер Кабинетiне 1995 жылғы 1 ақпанға дейiн баяндалсын.
Кәсiпорындар мен акционерлiк қоғамдардың жалақы, бюджет және өнiм
берушiлер жөнiнде төлемге нұқсан келтiретiн етiп қаражатты жасыру
фактiлерiн әшкерелеген материалдар сот-тергеу органдарына берiлсiн.

     Қазақстан Республикасы
     Премьер-министрiнiң
     бiрiншi орынбасары
             
                                               
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады