1. "Уайтсвен Лимитед" фирмасының "Павлодар алюминий заводы" акционерлiк қоғамының, Торғай боксит кенi басқармасының және Краснооктябрск боксит кенi басқармасының қызметiнде ұтымды нәтижелерге жету мақсатында оларды басқару жөнiнде шарт жасау туралы ұсынысы қабылдансын.
"Павлодар алюминий заводы" акционерлiк қоғамының басқармасы осы қаулы қабылданған сәттен бастап, "Уайтсвен Лимитед" фирмасының жазбаша келiсiмiнсiз экспортқа өнiм шығаруға арналған қандай да болмасын шарт жасауды тоқтатсын.
2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiне Меммүлiккоммен және Павлодар облысының әкiмiмен бiрлесiп, 10 күн мерзiм iшiнде аталған кәсiпорындарды басқару туралы "Уайтсвен Лимитед" фирмасымен:
тараптардың мiндеттемелерi мен кепiлдiктерiн (осы қаулы қабылданғанға дейiн жасалған келiсiмдер бойынша мәселелердi ретке келтiрудi қарастырып);
фирма кәсiпорындардың қызметiн қаржыландыруды қамтамасыз ету туралы мiндеттемелерiн 90 банк күнiнiң iшiнде орындамаған жағдайда шартты бiржақты бұзу мүмкiншiлiгiн;
басқару туралы шарттың тәртiптерiнiң орындалуына пәрмендi бақылау жасауды қамтамасыз ету жүйесiн;
басқа да қажеттi шарттарды қарастырып, шарт жасауды, әзiрлейтiн болсын.
Меммүлiккомның төрағасына аталған шартқа Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан қол қоюға уәкiлдiк берiлсiн.
3. Өнеркәсiп және сауда министрi "Уайтсвен Лимитед" фирмасының ұсынысы бойынша белгiленген тәртiппен акционерлердiң жиналыстарын өткiзгенге дейiн кәсiпорындардың басшыларын тағайындасын.
4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Өнеркәсiп және сауда министрлiгi "Павлодар алюминий заводы" акционерлiк қоғамына экспортқа арналған өнiмiне квоталар мен лицензиялар беруде өндiрген глиноземдi 100 процентке дейiнгi мөлшерде бөлудi қарастырсын.
5. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрi кәсiпорындарды басқару туралы шарттың тәртiптерiн орындауға бақылау жасау жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлi болып тағайындалсын және оған мемлекеттiк органдардың осы қаулыны
орындау жөнiндегi қызметiн үйлестiру жүктелсiн. 6. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi он күн мерзiмде осы қаулыға қайшы келетiн үкiмет шешiмдерiнiң күшiн жою туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi қаулысының жобасын әзiрлесiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi