"Тағам" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын қайта құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 22 желтоқсан 1994 ж. N 1435

      Монополиясыздандыру, жекешелендiрудi жеделдету және тағам өнеркәсiбi үшiн бәсекеге түсе алатын орта жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне "Тағам" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын қолданылып жүрген заңға сәйкес қайта құру тапсырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттік комитетi:
      "Тағам" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының мүлiктiк құқыққа ие болуы мен мiндеттемелерiн айқындасын;
      "Тағам" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының құрамынан шығарылған акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес сатуды ұйымдастырсын;
      айлық мерзiм iшiнде "Тағам" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының құрамынан шығарылған кәсiпорындарды жедел басқару мен шаруашылығын жүргiзу туралы мәселенi шешсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Эксимбанкiмен және Қазақстан Алембанкiмен бiрлесiп, айлық мерзiм iшiнде "Тағам" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының құқықтары мен мiндеттемелерi бойынша құқықтық мұрагерлiктi айқындасын, оның iшiнде:
      технологиялар, жабдықтар мен шикiзаттар сатып алу үшiн алынған валюта және орталықтандырылған (директивтiк) кредит ресурстарын тiкелей қатысты субъектiлерге - заемшыларға қайта рәсiмдесiн;
      "Тағам" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының мiндеттемелерi бойынша бұрын берiлген Қазақстан Республикасының кепiлдiктерiн қайта тiркеуден өткiзсiн;
      1992 жылғы 26 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Қытай Халық Республикасы Үкiметiнiң арасындағы "ҚХР-нан Қазақстанға жабдықтар мен тауарлар жеткiзуге арналған мемлекеттiк кредит туралы" Келiсiмге сәйкес берiлген кредиттiң өтелмеген және бұрынғы Алматы темекi комбинаты пайдаланған бөлiгiн қайтарудың тәртiбi мен шарттары туралы мәселенi шешсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Тағам" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын құру туралы" 1993 жылғы 8 қыркүйектегi N 843 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 36, 416-бап) және "Тағам" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының президентi мен Байқау кеңесi туралы" 1993 жылғы 4 қыркүйектегi N 808 қаулыларының күшi жойылған деп танылсын.

       Қазақстан Республикасының
       Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады