"Южказнефтегаз" өндiрiстiк бiрлестiгiне Жезқазған облысының аумағындағы Қызылорда облысының ұзақ мерзiмдi пайдаланудағы шаруашылықтарының жер қорынан жер учаскелерiн пайдалану құқын беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1994 жылғы 29 желтоқсан N 1481

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Жезқазған облысы әкiмiнiң және Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Жезқазған облысы Жездi ауданының аумағындағы Қызылорда облысының Тереңөзек ауданының "Қараөзек" совхозының ұзақ мерзiмдi пайдаланудағы жер қорынан қосымшаға сәйкес жалпы көлемi 2540,25 гектар "Құмкөл" кенiшiнiң мұнай кәсiпшiлiгiн кеңейту мен жайластыру үшiн "Южказнефтегаз" өндiрiстiк бiрлестiгiне жер учаскелерiн пайдалану құқын беру жөнiндегi Қызылорда облысының әкiмiмен келiсiлген ұсынысы қабылдансын.
      2. "Южказнефтегаз" өндiрiстiк бiрлестiгi:

     аталған қаулыда көрсетiлген мұқтаж үшiн жердi алуға және
уақытша ала тұрудан туындаған ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң
шығындарын белгiленген тәртiппен өтейтiн болсын;
     жер учаскелерiн уақытша пайдалану құқын беру мерзiмiнiң
бiтуiне орай оларды белгiлi мақсат бойынша одан әрi пайдалану
үшiн жарамды жағдайда келтiретiн болсын.
        
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi
                                          Қазақстан Республикасы
                                          Министрлер Кабинетiнiң
                                       1994 жылғы 29 желтоқсандағы
                                            N 1481 қаулысына
                                                Қосымша

              "Южказнефтегаз" өндiрiстiк бiрлестiгiне Жезқазған
           облысы Жездi ауданының аумағындағы Қызылорда облысының
           ұзақ мерзiмдi пайдаланудағы шаруашылықтарының жер қорынан
                жер учаскелерiн пайдалану құқын беру туралы
                                          /гектарға шаққанда/
-------------------------------------------------------------------
     Жер учаскелерiнiң     |  Құқық берiле отырып алынатын жер
   алынуына байланысты     |         учаскелерiнiң көлемi
   оларды пайдалану құқы   |  --------------------------------------
    тоқтатылатын жер       | тұрақты пайдалану | уақытша пайдалану
     иеленушiнiң атауы     | ----------------------------------------
                           |       |оның iшiнде|       | оның iшiнде
                           |       |-----------|       |-------------  
                           |барлығы|жайы.|басқа|Барлығы|жайы.|басқа
                           |       |лым  |да жер       |лым  |да жер
                           |       |     |алап.|       |     |алаптары 
                           |       |     |тары |       |     |
---------------------------------------------------------------------
Қызылорда облысының       2438,59  2340,48  98,11  101,66  101,51  0,15
Тереңөзек ауданындағы
"Қараөзек"созхозы
/Жезқазған облысының
аумағында ұзақ мерзiмдi
пайдалану/  
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады