Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 ж. қыркүйектегi Италия Республикасына ресми сапары барысында қол жеткен келiсiмдер мен шарттарды жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 10 қаңтар N 26

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Италия Республикасына ресми сапары барысында қол жеткен келiсiмдер мен шарттарды жүзеге асыру және Қазақстан-Италия ынтымақтастығын дамыта түсудi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 ж. қыркүйектегi Италия Республикасына ресми сапары барысында қол жеткен келiсiмдер мен шарттарды жүзеге асыру жөнiндегi шаралар жоспары бекiтiлсiн /қоса берiлiп отыр/.
      2. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары, облыстардың, Алматы қаласының әкiмдерi iс-шаралар жоспарында көзделген тапсырмалардың орындалуы жөнiнде нақты шаралар қабылдайтын болсын.
      3. Баспасөз және ақпарат министрлiгi, "Қазақстан теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясы Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесе отырып, сапар барысында қол жеткен келiсiмдер мен шарттардың жүзеге асырылу барысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайтын болсын.
      4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi осы қаулының орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiн жылына кем дегенде бiр рет хабардар етiп отырсын.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi


                                      Қазақстан Республикасы               

Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 10 қаңтардағы N 26 қаулысымен Бекiтiлген


              Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 ж.

           қыркүйектегi Италия Республикасына ресми сапары
           барысында қол жеткен келiсiмдер мен шарттардың
                жүзеге асырылуы жөнiндегi iс-шаралар
                             ЖОСПАРЫ 
     1. N рет саны
     2. Құжаттың атауы
     3. Iс-шаралар мазмұны
     4. Жауапты орындаушылар
     5. Орындалу мерзiмi
------------------------------------------
     1. I
     2. Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы
        өзара қарым-қатынас принциптерi туралы бiрлескен Декларация
     3. халықаралық қауiпсiздiк, қорғаныс, ядролық қаруды таратпау,
        Еуропалық одақпен байланысты дамыту салаларындағы екiжақты
        ынтымақтастықтың негiзгi бағыттарын айқындау
     4. Сыртқы Iстер Министрлiгi, Қорғанысминi, Қазақстан
        Республикасының Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгi, Қазақстан
        Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Қорғаныс
        өнеркәсiбi жөнiндегi комитет
     5. 1995 ж. I тоқсаны
  
     1. 2. 
     2. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Италия Республикасының
        Үкiметi арасындағы пайдаға салынатын салық және салық
        салудан босатуға қатысты екi еселенген салық салуды болдырмау
        жөнiндегi Конвенция
     3. денсаулық сақтау және экология саласындағы ынтымақтастық
        бағдарламасын әзiрлеу
        
        ұйымдасқан қылмысқа, контрабандаға, есiрткi сатуға және 
        терроризмге қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықтың негiзгi
        бағыттары мен түрлерiн айқындау

        Қаржы және сауда-экономика саласында италия жағымен өзара
        iс-қимыл жасасудың нақты үлгiсiн айқындау
 
        Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiнде Конвенцияны
        бекiту туралы ұсыныс енгiзу

        қазақстан-италия сауда-экономикалық ынтымақтастықтығы 
        шеңберiнде Конвенция ережелерiн орындау тетiгiн әзiрлеу
        және бақылауды жүзеге асыру
     4. Денсаулықминi. Экобиоресурстарминi
        Iшкi iстер министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi
        Қаржыминi, Экономминi, Өнеркәсiпсаудаминi, Ұлтбанкi
        Қаржыминi, Сыртқы iстер министрлiгi
        Қаржыминi, Меммүлiкком, Экономминi, Өнеркәсiпсаудаминi
     5. 1995 ж. ақпан
        1995 ж. ақпан
        1995 ж. ақпан
        1995 ж. I тоқсаны
        тұрақты түрде
     1. 3
     2. Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы
        экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi Декларация
     3. италия жағымен сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi
        Екiжақты үкiметаралық комиссия құру мәселесiн пысықтау
        
        ынтымақтастықтың ауыл шаруашылығы саласындағы негiзгi
        бағыттарын айқындау

        энергетика, табиғи ресурстарды пайдалану саласында екiжақты
        ынтымақтастық бағдарламасын әзiрлеу
     4. Өнеркәсiпсаудаминi, Экономминi, Энергоминi, 
        Мұнайгазөнеркәсiпминi, Сыртқыiстерминi
        Ауылшарминi
        Энергоминi, Мұнайгазөнеркәсiпминi, Геологияминi
     5. 1995 ж. I тоқсан
        1995 ж. ақпан
        1995 ж. ақпан
     1. 4
     2. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Италия Республикасының
        Үкiметi арасындағы iс-қимыл және инвестицияны қорғау туралы
        Келiсiм
     3. қолдау мен инвестицияны қорғау саласындағы ынтымақтастық 
        мәселелерiнiң тұтас кешенi бойынша жұмыстарды үйлестiру
        үшiн сарапшы кеңесшiлердiң құрамын түзу

        Келiсiмнiң ережелерiн жүзеге асыру жөнiндегi негiзгi
        бағыттары мен ынтымақтастықтың бағдарламасын айқындау
        және италия жағына беру үшiн ұсыныстар әзiрлеу

        Келiсiмдi Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiнде
        бекiту туралы ұсыныс енгiзу
     
        жәрмеңке-көрмелер, арнаулы экспозициялар өткiзу бағдарламасы
        жөнiнде ұсыныс әзiрлеу және енгiзу

        ақпарат алмасу, қызмет көрсету саласында, сондай-ақ
        жекеменшiк құқын қорғау, патенттер мен авторлық құқық
        төңiрегiнде ынтымақтастықты жүзеге асыру
     4. Экономминi, Қаржыминi, Өнеркәсiпсаудаминi, Сыртқыiстерминi
        ҚазАҚА, Қазпатент, Ұлтбанкi
        Экономминi, Қаржыминi, Сыртқыiстерминi
        Өнеркәсiпсаудаминi, Экономминi, "Атакент" АҚ
        Сауда-өнеркәсiп палатасы
        Қаз АҚА. Қазпатент. Сыртқыiстерминi
     5. 1995 ж. қаңтар
        1995 ж. ақпан
        1995 ж. II тоқсан
        1995 ж. I тоқсан
        тұрақты түрде
     1. 5
     2. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Италия Республикасының
        Үкiметi арасындағы ғылым және технологиялар саласындағы 
        ынтымақтастық туралы Хаттама
     3. Хаттаманың ережелерiн жүзеге асыру жөнiндегi ынтымақтастықтың
        негiзгi бағыттары мен бағдарламасын айқындау және италия
        жағына беру үшiн ұсыныс әзiрлеу       
     4. Ғылымминi. Бiлiмминi. Қазақстан Республикасының ҰҒА
     5. 1995 ж. I тоқсаны
     1. 6
     2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi мен
        Италия Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi арасындағы
        консультациялар туралы Хаттама
     3. екiжақты консультациялар әзiрлеу және өткiзу үшiн
        Қазақстан Республикасының мүдделi министрлiктерi мен
        ведомстволарын тарта отырып, Сыртқы iстер министрлiгiнiң
        жұмыс тобын құру
     4. Сыртқыiстерминi
     5. 1995 ж. I тоқсаны
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады