"Байбұлақ" бiрлескен кәсiпорнымен алтын және полиметалл кен орындарын барлау және игеру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 10 қаңтар N 29. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.02.15. N 164-а Қаулысымен.

      1994 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Үкiметi мен LМI, S.А. Switzerland компаниясының арасындағы келiсiмге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 17 тамыздағы N 912 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында 1994-1996 жылдарда кәсiпкерлiктi дамыту және қолдаудың мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру шаралары мен тапсырмаларының жоспарына сәйкес /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 35, 385-бап/, халық шаруашылығының түстi және құнды металдарға сұранысын қамтамасыз ету, тау-кен-металлургия кешенiнiң шикiзат базасын дамыту мақсатында, экономиканы жаңғырту қорының қаражатының жеткiлiксiздiгiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. "Асиер" акционерлiк қоғамы мен LМI, S.А., Switzerland /Indiреndаnсе S.А./ компаниясының құрылтайшылығымен құрылған "Байбұлақ" бiрлескен кәсiпорнының Суэдаль, Мизек, Светинское, Думан-Шуақ, Гагаринское, Шатыркөл, Жайсаң, Родниковое, Шаймерден, Варваринское, Павловское, Самарское - алтын, күмiс, және түстi метал кен орындарын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен LМI, S.А., Switzerland /Indiреndаnсе S.А./ компаниясының арасындағы келiсiм жағдайында оларды толық барлау, құрылысын жүргiзу және пайдалану үшiн шетел инвестицияларын тарту негiзiнде игеру туралы ұсынысы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi "Байбұлақ" бiрлескен кәсiпорнына аталған кен орындарын толық барлауға, құрылысын жүргiзуге және игеруге лицензиялар мен тау-кен бөлiктерiн берудi рәсiмдесiн.
      3. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары, Семей, Жамбыл, Қостанай, Қарағанды облыстарының әкiмдерi екi ай мерзiмде тиiстi аумақтардағы кен орындарын дайындауға, құрылыс салуға және игеруге байланысты барлық қажеттi рұқсаттарды /оның iшiнде жер бөлiп беру/, келiсулер мен өзге де құжаттарды рәсiмдейтiн болсын.
      Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда, Экономика министрлiктерi өндiрген өнiмдi алып кетуге және бiрлескен кәсiпорынның табысты жұмыс жүргiзуiне қажеттi технологиялар, жабдықтар мен басқа да тауарларды әкелуге құқық беретiн квоталар мен лицензиялар берсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бiрлескен кәсiпорынның жұмысы мен басқаруы үшiн әкелiнген жабдықтар мен басқа да тауарларды барлық кеден алымдары мен баж салықтарынан босатсын.
      5. Аталған кен орындары жарияланған тендерден шығарылып тасталсын.
      6. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi                                                       


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады