1. Қазақстан Республикасының шетелдiк сақтандыру жөнiндегi "Қазақинстрах" мемлекеттiк компаниясы құрылсын (бұдан әрi - "Қазақинстрах" компаниясы).
Қазақстан Республикасы Үкiметi атынан "Қазақинстрах" компаниясының құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi болып табылады деп белгiленсiн.
"Қазақинстрах" компаниясының құрылтайшысы ретiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Қазақинстрах" компаниясының жарғылық қорына ақшалай түрде 3 млн. (үш миллион) теңге 1 миллион АҚШ долларын салсын.
Шетелдiк сақтандыру жөнiндегi "Қазақинстрах" мемлекеттiк компаниясы туралы Ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бiр апта мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының шетелдiк сақтандыру жөнiндегi "Қазақинстрах" мемлекеттiк компаниясының Жарғысын бекiтсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң шетелдiк инвестицияларды сақтандыру саласында сақтандыру қызметi нарқын ұйымдастыру үшiн, сондай-ақ iшкi сақтандыру нарқында сақтандыру қызметiнiң пәрмендi жүйесiн құру үшiн Қазақстандағы жекеменшiк сақтандыру компанияларының активтерiнiң арттыру мақсатында сақтандыру қызметiн жүзеге асыруға тұрақты лицензиясы бар және сақтандыру резервтерi кемiнде 3 млн. (үш миллион) теңге сомада қалыптасқан Қазақстанның сақтандыру компанияларының қатарынан Қайта сақтандыру (сақтандыру пулi) жөнiндегi ассоциация және "Қазақинстрах" компаниясын құру туралы ұсынысы мақұлдансын.
Басқа себептер бойынша Қайта сақтандыру жөнiндегi ассоциацияға мүшелiктен бас тартуға жол берiлмейдi деп белгiленсiн.
3. Қайта сақтандыру ассоциациясы арқылы сақтандыруға:
шетелдiк капиталдың қатысуына байланысты жауапкершiлiктi сақтандыру мен мүлiктiк сақтандыру саласындағы сақтандырудың барлық түрлерi;
жүктi клиент алғанға дейiн теңiз, әуе және басқа да көлiктермен экспортталған және импортталған жүктердi сақтандыру;
жауапкершiлiктi сақтандыруды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының әуе және теңiз көлiк құралдарын сақтандыру жатады деп белгiленсiн.
4. "Қазақинстрах" компаниясының валюталық сақтандыру резервi мен жарғылық қорындағы валюталық бөлiгi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде өкiлеттi банктерде сақталады деп белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Үкiметi атынан "Қазақинстрах" компаниясының қорларын сақтауға және есептiк-кассалық қызмет көрсетуге жауапты кепiл-банкпен шарт жасассын.
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi
мемлекеттiк комитетi "Қазақинстрах" компаниясының қызметiн ұйымдастыру үшiн оған қажеттi жалпы көлемi 250 шаршы метр қызметтiк үй-жай бөлсiн және компанияның жұмыс көлемiне сәйкес болашақта үй-жай бөлудi қарастырсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 20 қаңтардағы N 71 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының шетелдiк сақтандыру жөнiндегi "Қазақинстрах" мемлекеттiк компаниясы туралы ЕРЕЖЕ
1. Қазақстан Республикасының шетелдiк сақтандыру жөнiндегi "Қазақинстрах" мемлекеттiк компаниясы (бұдан әрi - "Қазақинстрах" компаниясы) халықаралық экономикалық қатынастарда республика мүддесiн бiлдiретiн және мемлекеттiк сыртқы экономикалық қызметiнде сақтандыру қызметiн көрсететiн, сондай-ақ iскерлiк қызметпен айналысатын жекеменшiк шетелдiк субъектiлердiң сақтық қорғалуын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк сақтандыру ұйымы болып табылады.
2. "Қазақинстрах" компаниясы өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, қолданылып жүрген заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң актiлерiн, осы Ереже мен Жарғыны басшылыққа алады.
3. "Қазақинстрах" компаниясы мүлiктi жедел басқаруға құқылы коммерциялық емес мемлекеттiк заңды ұйым болып табылады, ал мүлiк жетiмсiздiгi жағдайында компанияның сақтандыру мiндеттемесi бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан мемлекет мүлiктiк жауапкершiлiкте болады.
4. "Қазақинстрах" компаниясы қызметiнiң басты бағыты Қазақстан Республикасына белсендi түрде тарту мақсатында шетелдiк инвестицияларды сақтандыру, осы қызметтi жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi (отандық, сондай-ақ шетелдiк) тиiстi түрде сақтық қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында сыртқы экономикалық қызмет саласында сақтандыру қызметiнiң нарқын ұйымдастыру, сондай-ақ шетел валютасында сақтандырудың өзге де түрлерiн жүзеге асыру болып табылады.
5. "Қазақинстрах" компаниясы қабылдаған сақтандыру мiндеттемелерiн қамтамасыз ету үшiн сақтандыру жарналары (сыйлықтар) сомасынан түскен қаражаттың 75 процентi сақтандыру резервiне жiберiледi, ал сақтандыру жарналарының қалған сомасы алдын алу шаралары мен iс жүргiзу шығындарын қаржыландыруға пайдаланылады. Сақтандыру резервтерiн инвестициялаудан алынған табыс компанияның жарғылық қорын ұлғайтуға және валюта түрiндегi ағымдағы шығындарды жабуға бағытталады. Табысты пайдалану бағыттары бойынша бөлу Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiледi.
Сақтандыру жарналарының (сыйлықтарының) қаражатын ұтымды пайдалануды ұйымдастыру мақсатында "Қазақинстрах" компаниясының лауазымды адамдары мен қызметкерлерiне еңбекақы төлеу мен материалдық ынталандыруды аталған қаржы есебiнен шетелдiк валюта түрiнде жүргiзуге тиым салынады.
6. Әкiмшiлiк кеңес:
Директорат "Қазақинстрах" компаниясының басқару органдары болып табылады.
Әкiмшiлiк кеңес директораттың жұмысын байқап, бақылау үшiн 9 мүшеден құрылады.
Әкiмшiлiк кеңестiң құрамына:
"Қазақинстрах" компаниясының үш директоры, оның iшiнде бас директор, қаржы жөнiндегi директор және бас директордың ұсынуы бойынша директорлардың бiрi;
сақтандыру iсi жөнiндегi тәуелсiз сарапшылар құрамынан екi өкiл, оның iшiнде сақтандыру саласында консультациялық қызмет көрсету жөнiнде шетелдiк компаниядан бiр адам;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнен бiр адам кiредi.
Әкiмшiлiк кеңестiң жоғарыда аталған мүшелерiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi.
Сонымен бiрге әкiмшiлiк кеңестiң құрамына мiндеттi түрде директорлардан басқа, "Қазақинстрах" компаниясы қызметшiлерiнiң өкiлдерi - кем дегенде екi қызметкерi және Қазақстан Республикасы Сақтандыру компаниялары ассоциациясының (Сақтандырушылар одағы) өкiлi кiредi.
"Қазақинстрах" компаниясының Әкiмшiлiк кеңесiне мына мiндеттер жүктелсiн:
шығыс сметаларын және iс-қимыл жоспарын қарау және бекiту;
компанияның өкiлдiктерiн құру және олардың қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылдау;
көрсетiлген сақтандыру қорғауының нақты құнын қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру төлемдерiнiң, сақтандыру сомаларының және сақтандыру өтемiнiң ставкаларының (тарифтерiнiң) мөлшерiн қарау;
сақтандыру ережелерiн қарау және бекiту.
Директорат "Қазақинстрах" компаниясының ағымдағы қызметiне басшылық жасау үшiн құрылады және оның мүшелерiнiң саны тақ болады. Компания директорларының штаттық саны 1996 жылдың 1 қаңтарына дейiн бес адам болып белгiленсiн. Компанияның директоратын бас директор басқарады, ол сонымен бiрге "Қазақинтсрах" компаниясының президентi - Әкiмшiлiк кеңесiнiң төрағасы болады.
7. "Қазақинстрах" компаниясы өз жұмысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сақтандыруды қадағалау нормативтiк-әдiстемелiк актiлерiн басшылыққа алады. <*>
ЕСКЕРТУ. 7-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20.
N 1031 қаулысымен. P961031_
8. "Қазақинстрах" компаниясына заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру үшiн бас директорға шетелдiк заңгерлiк фирмалармен компанияға заңгерлiк қызмет көрсетуге шарт жасау құқы берiледi.
9. "Қазақинстрах" компаниясы қызметкерлерiнiң штаттық санын және қызметтiк автомобильдерiнiң лимитi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсуi бойынша компания айқындайды деп белгiленсiн.
"Қазақинстрах" компаниясының қызметiн қаржыландыру өз қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
10. "Қазақинстрах" компаниясының Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, қазақ және орыс тiлдерiнде өз атауы жазылған мөрi мен бланкiлерi болады.