Мемлекеттiк акциялар пакетiн сатудан алынған қаражатты уақытша пайдалану тәртiбi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 31 қаңтар N 107. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.04.25. N 507 қаулысымен.

      Мемлекеттiк акциялар пакетiн сатудан түскен қаражатты тиiмдi пайдалану, инвестициялық саясатты белсендi жүргiзу және жекешелендiру процестерiне байланысты әлеуметтiк мәселелердi шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Акционерлiк қоғамдардың мемлекеттiк акциялар пакетiн сатудан алынған ақша қаражаттары сауда жасау бойынша шығыстарды жапқаннан кейiн, 2-тармақта көрсетiлгендердi қоспағанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң шотына толық көлемiнде есептеледi және сауда жасағаннан кейiн тiкелей мынадай бағыттарға бөлiнедi:
      40 процент мөлшерiнде қаражат жалпыұлттық әлеуметтiк және өзге де мiндеттердi шешу үшiн мемлекеттiк бюджетке берiледi;
      30 процент мөлшердегi қаражат жекешелендiрiлген акционерлiк қоғам қызметкерлерiнiң босағандарына бiржолғы жәрдемақы төлеу үшiн, сондай-ақ жекешелендiрiлген кәсiпорындардың балансынан алынған әлеуметтiк сфералардың объектiлерiн қолдау және аймақтың басқа да әлеуметтiк мiндеттерiн шешу үшiн жергiлiктi бюджетке берiледi.
      2. Сатудан түскен қаражаттың 30 процентi даму, қайта жаңарту бағдарламаларын және жаңа технологиялар енгiзудi қамтамасыз ету үшiн, сондай-ақ өзге де мақсаттар үшiн акциялар пакетi сатылған акционерлiк қоғамның шотына тiкелей аударылады.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi

 

мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi

бiр ай iшiнде Мемлекеттiк акциялар пакетiн сатудан түскен ақша

қаражатын пайдалану тәртiбiнiң Уақытша ережесiн бекiтсiн.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-министрi







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады