"Қазақстан Республикасының валюта нарығын ретке келтiру мен дамыту жөнiнде 1995 жылға арналған шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 9 қаңтардағы N 2013 Жарлығын жүзеге асыру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң ҚАУЛЫСЫ 1995 жылғы 10 ақпан N 145. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.03.19. N 331 қаулысымен. ~P020331

      "Қазақстан Республикасының валюта нарығын ретке келтiру мен дамыту жөнiнде 1995 жылға арналған шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 9 қаңтардағы N 2013 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қолдағы шетел валютасына бөлшек сауда жасауға құқық берiлген көлiк кәсiпорындары мен ұйымдарының ұсынылып отырған тiзбесi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне әуежайдың, теңiз айлақтарының транзиттiк аймақтарында, темiр жол, автомобиль және әуе көлiктерiнде кәсiпорындар мен ұйымдардың ұсынылып отырған тiзбеге сәйкес қолдағы шетел валютасына бөлшек сауда жасауын (жұмыс атқару, қызмет көрсету) қарап, оған лицензия беруге ұсыным жасалсын.
      3. "Республика территориясында шетел валютасына бөлшек сауданы және қызмет көрсетудi ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 5 қарашадағы N 670 қаулысының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Кәсiпорындар мен ұйымдарға, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбеге орай, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң лицензиясына сәйкес әуежайдың, теңiз айлақтарының транзиттiк айлақтарында, темiр жол, автомобиль және әуе көлiктерiнде ұсынылып отырған тiзбеге сәйкес қолдағы шетел валютасына кәсiпорындар мен ұйымдардың бөлшек сауда жасауына (жұмыс атқаруға, қызмет көрсетуге) рұқсат етiлсiн.
      Шетел валютасына бөлшек сауда жасауға (жұмыс атқаруға,қызмет көрсетуге) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар кәсiпорындар мен ұйымдар төлем үшiн шетел валютасымен бiрге ұлттық валюта - теңгенi де қабылдауға мiндеттi.
      Шетел валютасына жасалған бөлшек саудадан (жұмыс атқарудан, қызмет көрсетуден) түскен ақша экспорт ақшасына теңестiрiледi және оған сыртқы экономикалық қызметтi тиiсiнше реттеу шаралары қолданылады.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi


                                         Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 10 ақпандағы N 145 Қаулысымен БЕКIТIЛГЕН


                          БЕКIТIЛГЕН

         Әуежайдың, теңiз айлақтарының транзиттiк аймақтарында,
        темiржол, автомобиль және әуе көлiктерiнде қолдағы шетел
          валютасына тауарлар сатуға (жұмыс атқаруға, қызмет
          көрсетуге) құқық берiлген кәсiпорындар мен ұйымдар

                              ТIЗБЕСI

      1. Алматы, Батыс Қазақстан, Тың темiр жол басқармалары олардың бөлiмшелерiмен және кәсiпорындарымен сондай-ақ Оңтүстiк Орал темiр жолының Петропавл бөлiмшесi: <*>
      халықаралық поездарда (вагондарда) жолаушыларды, жүктер мен тиелген жүктердi басқа мемлекет аумағымен жүрiп өтетiн салынған жолмен тасығаны үшiн;
      басқа мемлекеттер аумағымен жүрiп өтетiн жолдарда жүргенде вагон-думанханаларда сауда қызметiн және Қазақстан Республикасы темiр жол поездары мен вагондарында жолаушылардың жүру тәртiбiн бұзғаны үшiн айып алу кезiнде жолаушыларға қажеттi қызмет көрсеткенi үшiн;
      Ескерту. 1-тармақтың бiрiншi абзацына толықтыру енгiзiлдi -
               ҚРМК-нiң 1995.04.28. N 577 қаулысымен.

      2. Халықаралық қатынас жолдарында жолаушылар, жүк және тиелген жүктi тасымалдауға, әуежайлардың транзит аймақтарында жұмыс атқаруға және қызмет көрсетуге қатысатын "Қазақстан әуе жолы" авиация компаниясының Ұлттық агенттiгi авиакәсiпорындары, "Саяхат", "Азамат" орталық Азия туристiк корпорациясы және "Аэросервис" авиакомпаниялары: <*>
      бiр жолғы, чартерлiк рейстер орындайтын шетел авиакомпанияларының ұшақтарына әуежайлық, коммерциялық, техникалық және аэронавигациялық қызмет үшiн;
      тауарлар, кәдесыйлар сату және халықаралық рейстердi орындаушы авиакомпаниялар ұшақтарының бортында тасымал ережесiн бұзғаны үшiн, жолаушылардан айып алу қызметiн көрсеткенi үшiн;
      аэровокзалдардың транзиттiк аймақтарында сауда қызметiн көрсету, авиатасымалды сату үшiн.
      "DUTY Free Kazakstan" бiрлескен кәсiпорнының бажсыз сауда жасайтын дүкенiне осы аймақтарда сауда қызметiн көрсету құқығы берiлсiн. <*>
      Ескерту. 2-шi тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.08.01.
               N 1059 қаулысымен.
      Ескерту. 2-шi тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.10.17.
               N 1335 қаулысымен.
      3. Басқа мемлекеттер аумағы бойынша өтетiн халықаралық

қатынас жолдарында жолаушылар мен жүк тасымалын жүзеге асыратын
автомобиль көлiгi кәсiпорындары.
     4. Кемелерде ақылы қызмет көрсететiн және басқа мемлекеттер
аумағымен жүрiп өтетiн халықаралық қатынас жолдарында ауыр жүк,
жолаушылар, жүк тасымалын жүзеге асыратын "Жоғарыертiс кеме
қатынасы", "Павлодар өзен порты", "Iлеөзенфлоты", "Шығыс Қазақстан
кеме қатынасы" акционерлiк қоғамдары. 
     5. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi:
     аэропорттардың транзит аймақтарында көрсетiлетiн консулдық
қызметi үшiн. 
<*>

     Ескерту. Тiзбе 5-тармақпен толықтырылды - ҚРМК-нiң 1995.04.28.
              N 577 қаулысымен.
  
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады