Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң ұлттық гидрометеорология қызметтерiн қамтамасыз ету үшiн тауар берiп тұру туралы келiсiмдi Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiне бекiтуге енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 24 ақпандағы N 200


     Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
     1994 жылғы 9 қыркүйекте Москва қаласында қол қойылған
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң ұлттық
гидрометеорология қызметтерiн қамтамасыз ету үшiн тауар берiп
тұру туралы келiсiм Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiне
бекiтуге енгiзiлсiн.
       
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi
                                                       Жоба
                Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң                   
 
                               
                              Қаулысы

            Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-
            мемлекеттердiң ұлттық гидрометеорологиялық 
            қызметiн қамтамасыз ету үшiн тауарлар берiп
              тұру жөнiндегi Келiсiмдi бекiту туралы

     Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қаулы етедi:


      Әзiрбайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь

Республикасы, Грузия Республикасы, Қазақстан Республикасы,
Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Россия Федерациясы,
Тәжiкстан Республикасы, Түркменстан, Өзбекстан Республикасы,
Украина мемлекеттерiнiң үкiметтерi жасасқан, Москва қаласында
1994 жылғы 9 қыркүйекте қол қойылған Тәуелсiз Мемлекеттер
Достастығына қатысушы-мемлекеттердiң ұлттық гидрометеорологиялық
қызметiн қамтамасыз ету үшiн тауарлар берiп тұру туралы Келiсiм
бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасы
       Жоғарғы Кеңесiнiң
          Төрағасы

            Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы
             мемлекеттердiң ұлттық гидрометерология
              қызметтерiн қамтамасыз ету үшiн тауар
                     берiп тұру жөнiндегi
                           Келiсiм 

     Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Осы Келiсiмге қатысушы
мемлекеттердiң Үкiметтерi,
     Гидрометеорология саласындағы өзара iс-қимыл туралы 1992
жылғы 8 ақпандағы Келiсiмдi негiзге ала отырып,


      Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер аумағында гидрометеорологиялық құралдар жасау жөнiндегi кәсiпорындардың мамандарын ескере отырып,
      байқаулардың келiсiлген әдiстемесiн, гидрометеорологиялық ақпаратты және табиғи ортаның жағдайы туралы деректердi, оның iшiнде табиғи зiлзалалар кезiндегi жағдайы туралы деректердi жинау, тарату мен сақтаудың технологиясын сақтаудың, сондай-ақ Дүниежүзiлiк Метеорологиялық Ұйым шеңберiндегi тиiстi мемлекеттiк бағдарламаларды, халықаралық мiндеттемелердi орындау қажеттiгiн сезiне отырып,
      мыналар жөнiнде келiстi:

                  1-бап
      Осы Келiсiмнiң мәнi бұдан былай "тауарлар" деп аталатын атмосфераны, жер қыртысын, су ресурстарын жедел байқауды, тиiстi ақпарат жинауды, тарату мен сақтауды қамтамасыз етулерi үшiн ұлттық гидрометеорологиялық қызметтер пайдаланатын Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерде жасалатын қоса берiлiп отырған "Тауар тiзiмiне" сәйкес гидрометеорологиялық құралдар, жабдықтар, олардың босалқы бөлшектерi, аэрологияға жұмсалатын материалдар (шикiзат ресурстарына жататындары) болып табылады.
                 2-бап
      Әкетiлуге (әкелуге) жататын тауарлардың көлемi Тәуелсiз мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң гидрометеорологиялық қызметтерi арасындағы екiжақты шарттармен (келiсiмдермен) белгiленедi.
      Осы Келiсiмде көзделген шарттар бойынша әкетiлетiн (әкелiнетiн) тауарларды ұлттық гидрометеорологиялық қызметтер тек осы Келiсiмнiң 1-бабында көрсетiлген мақсаттарға ғана пайдалануға тиiс.

                 3-бап
      Осы Келiсiмге сәйкес екiжақты шарттар (контрактiлер) негiзiнде берiлетiн тауарлар кеден бажынан және салықтардан босатылады, сондай-ақ лицензиялау мен баға белгiлеуге жатпайды.
      Аталған тауарларды әкетуге (әкелуге) ұлттық заң актiлерiнiң экономикалық саясат тұрғысынан белгiлеген шектеулерi қолданылмайды.

                4-бап
      Осы Келiсiмнiң шарттарын екiншi Тараптың бұзғандығын анықтаған Тарап оған бiржақты тәртiппен осы Келiсiмнiң 1-бабына сәйкес пайдаланылатын тауарлардың әкетiлуi мен әкелуiн тарифтiк және тарифтiк емес реттеу шараларын жүргiзуге қақылы.

                5-бап

     Осы  Келiсiмге оның мақсаты мен принциптерiн толық 
қабылдайтын Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы басқа
да мемлекеттердiң қосылуына жол ашық.

               6-бап
     Қандай да бiр Тарап осы Келiсiмнен депозитарийдi - Беларусь
Республикасының Үкiметiн осы Келiсiмнен шығу туралы өз шешiмi
жөнiнде шығудан 12 ай бұрын жазбаша түрде хабарлағаннан кейiн 
шығуына болады.

               7-бап


      Осы Келiсiм қол қойылған сәттен бастап күшiне енедi, ал

заңдары мұндай келiсiмдердi ратификациялауды немесе бекiтудi
талап ететiн Тараптар үшiн - олар ратификациялық грамоталар
тапсырған немесе депозитарийге хабарлама жiберген күннен бастап
күшiне енедi.

     1994 жылғы 9 қыркүйекте Москва қаласында орыс тiлiндегi
бiр түпнұсқа данада жасалады. Түпнұсқа данасы Беларусь Республикасы
Үкiметiнiң Архивiнде сақтаулы. Беларусь Республикасының Үкiметi
осы Келiсiмге қол қойған әрбiр мемлекетке оның расталған
көшiрмесiн жiбередi.

     Әзiрбайжан Республикасының           Молдава Республикасының
           Үкiметi үшiн                        Үкiметi үшiн

     Армения Республикасының              Россия Федерациясының
          Үкiметi үшiн                        Үкiметi үшiн

     Беларусь Республикасының             Тәжiкстан Республикасының
         Үкiметi үшiн                          Үкiметi үшiн

     Грузия Республикасының                  Түркменстанның
          Үкiметi үшiн                        Үкiметi үшiн
        
     Қазақстан Республикасының            Өзбекстан Республикасының
          Үкiметi үшiн                        Үкiметi үшiн
 
     Қырғыз Республикасының                    Украинаның
        Үкiметi үшiн                         Үкiметi үшiн


                                 Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына

қатысушы мемлекеттердiң ұлттық гидрометеорология қызметтерiн қамтамасыз ету үшiн тауар берiп тұру жөнiндегi 1994 жылғы 9 қыркүйектегi Келiсiмге қосымша

            Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы 
        мемлекеттердiң ұлттық гидрометеорологиялық қызметтерiн
        қамтамасыз ету үшiн берiлiп тұратын гидрометеорологиялық
        құралдардың, жабдықтардың, олардың босалқы бөлшектерi
              мен жұмсалатын аэрологиялық материалдардың
                           Тауарлық тiзiмi
-------------------------------------------------------------------
N                 Тауардың атауы          СЭҚ ТН бойынша коды
-------------------------------------------------------------------
1                       2                         3
-------------------------------------------------------------------
             1. Гидрометеорологиялық байқауларға және
             жұмыстарға арналған құралдар мен жабдықтар
1.1. геодезия (фотограмметриялықтарды қоса          9015
     есептегенде), гидрографиялық, 
     океанографиялық,гидрологиялық,
     метеорологиялық және геофизикалық
     құралдар мен аспаптар, дальномерлер,
     автоматты метеостанциялар
1.2. Термометрлер,барометрлер,гигрометрлер,          9025
     психометрлер                               
1.3. Поршеньдi iштен жанатын двигателi және         8502 20 990
     ұшқынды оталдырғышы бар электргенера.-
     торлық қондырғылар
              2. Қоршаған ортаның жай-күйiн байқауға 
                 арналған құралдар мен жабдықтар
2.1. Физикалық және химиялық талдауларға            9027
     арналған құралдар мен аппаратура           
2.2. Осциллоскоптар, спектрометрлер, электр         9030
     шамаларын өлшеу мен бақылауға арналған
     басқа да құралдар мен аппаратура, альфа-,
     бета-, гамма-, рентген, космостық және
     басқа да иондайтын сәулелердi табу мен
     өлшеуге арналған құралдар мен аппаратура
2.3. Өлшеу белгiлерiмен бөлiнген не ондай           7017
     белгiлерi жоқ, калибрленген немесе
     калибрленбеген лабораториялық шыны
     ыдыстар
2.4. Арнаулы мақсаттағы автомобильдер (табиғи       8705 90 900
     ортаның ластануын бақылау жөнiндегi
     көшпелi лабораториялар)
2.5. Таразы                                         9016 00 100
2.6. Термостаттар                                   9032 10
                 3. Аэрологиялық байқауларға арналған
                    құралдар мен шығыс материалдар
3.1. Радиолокациялық аппаратура                     8526
3.2. Улы натр, қатты түрдегi ойып түсетiн           2815 11 000
     өткiр сода
3.3. Резеңкеден жасалған үрлемелi бұйымдар          4016 95 000
     (атмосфераны байқап бiлуге арналған
     қабық) 
3.4. Ферросилиций                                   7202 29 000
3.5. Алюминий ұнтағы мен қабыршықтары               7603 20 000
3.6. Сығылған немесе сұйытылған газға               7311 00 910
     арналған сыйымдылығы 1000 литрден
     кем емес қара металлдардан жасалған
     ыдыстар   
3.7. Метеорологиялық басқа құралдар                 9015 80 190
     (радиозондтар)  
3.8. Жылуға немесе электрге сезiмтал                4802 20 000
     қағаздың немесе картонның негiзi               4810 11 100
     ретiнде пайдаланылатын қағаз немесе
     картон
               4. Гидрометеорологиялық ақпаратты жинау
                  мен таратуға арналған аппаратура
4.1. Сым арқылы байланысқа арналған                 8517
     электр телефон және телеграф
     аппараттары
4.2. Телефонның автоматты жауап бергiштерi          8520 20 000.
4.3. Радиотелефонды, радиотелеграфты байланысқа     8525
     арналған таратушы аппаратура 
4.4. Радиотелефонды, радиотелеграфты байланысқа     8527
     арналған қабылдаушы аппаратура 
               5. Босалқы бөлшектер
5.1. Конденсаторлар                                 8532
5.2. Электр резисторлары                            8533
5.3. Электр және газ зарядтайтын                    8539
     қызу шамдары                                   
5.4. Электрон шамдар                                8540
5.5. Диодтар, транзисторлар, жартылай               8541
     өткiзгiш құралдар        
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады