Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кәсiпорындар мен ұйымдардың өзара берешегiнiң iшкi республикалық есебiн өткiзу нәтижелерi бойынша ресiмделген мерзiмдi айналым вексельдерiн өтеу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 24 ақпандағы N 205. Күшi жойылды - Қаулының күшi 1995 жылғы 5 сәуiрден бастап жойылған деп есептелдi - ҚРҮ-нiң 1998.12.03. N 1226 қаулысымен. ~P981226

      "Кәсiпорындар мен ұйымдардың өзара берешегiнiң iшкi республикалық есебi бойынша есеп айырысуды аяқтаудың тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 5 сәуiрдегi N 1641 U941641_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кәсiпорындар мен ұйымдардың өзара берешегiнiң iшкi республикалық есебiн өткiзу нәтижелерi бойынша ресiмделген мерзiмдi айналым вексельдерi 1995 жылға арналған республикалық бюджет есебiнен өтеледi деп белгiленсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi әзiрлеген және Ұлттық Банкiмен келiсiлген кәсiпорындар мен ұйымдардың өзара берешегiнiң iшкi республикалық есебi арқылы түскен қаражаттың орнына берiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң мерзiмдi айналым вексельдерiн сатып алу тәртiбi туралы ереже бекiтiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:

     мерзiмдi айналым вексельдерiн Қазақстан Республикасы
Президентiнiң жоғарыда аталған Жарлығында белгiленген мерзiмде өтеудi
қамтамасыз етуге қажеттi шаралар қабылдасын;
     жоғарыда аталған вексельдердi өтеу нәтижелерi бойынша пайда 
болған директивтiк кредиттерге қатысты мiндеттемелердi реттеу
жөнiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсiм жасасын.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi
                                     Қазақстан Республикасы       
                                     Министрлер Кабинетiнiң
                                     1995 жылғы 24 ақпандағы
                                      N 205 қаулысымен
                                            бекiтiлген

             Кәсiпорындар мен ұйымдардың өзара берешегiнiң
             iшкi республикалық есебi арқылы түскен қаражаттың
             орнына берiлген Қазақстан Республикасы Қаржы
             министрлiгiнiң мерзiмдi айналым вексельдерiн
                        сатып алу тәртiбi туралы
                                ЕРЕЖЕ



      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1995 жылдың 1 ақпаннан бастап шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге олардың өзара берешегiнiң iшкi республикалық есебi бойынша өздерiнiң кредиттiк қаражаттары қалдықтарының орнына 1994 жылы ресiмделген мерзiмдi айналым вексельдерiн сатып алады. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң мерзiмдi айналым вексельдерiн сатып алудың ретiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлейдi.
      Мерзiмдi айналым вексельдерi вексельдiң шығарылған (сатып алған) кездегi нақты бағасының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң бағамы бойынша есептелген доллар баламасында жылына 3 процент өсiм қоса отырып, сатып алынады. Қосылған проценттерiн қоса алғанда, төлеуге жататын мерзiмдi айналым векселiнiң долларлық баламасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 1995 жылдың 1 ақпанындағы бағамы бойынша теңгеге аударылады.
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң мерзiмдi айналым вексельдерiн сатып алуға және сақтауға келiсiм жасасқан шаруашылық жүргiзушi субъектiлер аудандық (қалалық) қаржы бөлiмдерiне мерзiмдi айналым вексельдерiн сатып алуға және сақтауға жасасқан келiсiмдерiнiң өздерiндегi данасын және қызмет көрсететiн банктер, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiсiнiң есеп айырысу-касса орталықтары және салық инспекциялары растаған белгiленген нысандағы есептесу қағазын ұсынады. Есептесу қағазына республикалық және жергiлiктi бюджеттер мен олардың баптары тұрғысынан алғанда 1995 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша жалпы республикалық реттеушi салықтар жөнiнде бюджетке төлем жасау берешегi және олардың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бюджеттiк несиелерi, директивтiк кредиттерi бойынша, "1994 жылы ауыл шаруашылық кәсiпорындарына көмек көрсету туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 24 ақпандағы N 1578 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., 96-бап) сәйкес еңбекақы төлеуге және "Кәсiпорындар мен ұйымдарға өз меншiгiндегi айналым қаржыларын толықтыруға бөлiнген кредиттердi бөлу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 7 қаңтардағы N 19 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 1, 17-бап) сәйкес өз меншiгiндегi айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша, сондай-ақ шаруашылық жүргiзушi субъектiлер Үкiмет кепiлдiгi бойынша алған, қосылған проценттерiмен бiрге есептегендегi шетелдiк кредиттер бойынша есептелген өсiмдерiмен алынған мәлiметтер кiредi. Есептесу қағазы 10 дана етiлiп жасалады және оны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бекiткеннен кейiн, бухгалтерлiк операциялар жасауға негiз болады.
      Есептесу қағазын тексеруде аудандық (қалалық) қаржы бөлiмдерi тауарсыз аударымдардан, тауарлар мен қызмет көрсетуге алдын ала ақы төлеуден түскен бақылаушы органдардың тексерiсi кезiнде белгiлi болған кредиттiк сомаларды алып тастайды.
      Тауарсыз аударымдар немесе тауарлар мен қызмет көрсетулерге алдын ала ақы төлеу бойынша қаражат түскен фактiлер қосымша анықталған кезде акт жасалады, ол есептесу қағазымен бiрге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне белгiленген тәртiппен мерзiмдi айналым вексельдерiнiң күшiн жою үшiн жiберiледi.
      Вексельдердi сатып алу жөнiндегi есептесу қағазының негiзiнде аудандық (қалалық) қаржы бөлiмi мерзiмдi айналым вексельдерi сатып алуға жататын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң тiзiмiн қызмет етушi банктер тұрғысынан олардың есеп-шоттарын көрсете отырып жасайды және оны әр күн сайын облыстық қаржы басқармаларына берiп отырады. Облыстық қаржы басқармалары 10 күн сайын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне вексельдердi бiр орталықтан сатып алу үшiн төлем жасау есебiмен бiрге жиынтық тiзбе берiп отырады.
      Мерзiмдi айналым вексельдерiн сатып алу және сақтау келiсiмдерiмен ресiмделмеген кредиттiк түсiмдердiң қалдықтарын шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге қайтару тәртiбi шаруашылық жүргiзушi субъектiлермен ресiмделген келiсiмдер бойынша мерзiмдi айналым вексельдерiн толық сатып алу аяқталғаннан кейiн белгiленедi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады