Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.04 N 406 Қаулысымен.
Үкiметтiң реформаларды тереңдету және экономикалық дағдарыстан шығу жөнiндегi iс-қимыл бағдарламасына сәйкес, тұтынушыларды мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз ету жүйесiн жетiлдiру, бәсекелестiктi монополиясыздандыру, дамыту және процестi тереңдету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
"Мұнай өнiмдерi" аумақтық акционерлiк қоғамының мемлекеттiк акциялар пакетiн "Мұнай өнiмдерi" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының иеленуiнен, пайдалануынан және басқаруынан қайтарып алсын;
мұнай базаларын (терминалдар), "Мұнай өнiмдерi" аумақтық акционерлiк қоғамының құрамынан бөле отырып, акциялайтын болсын;
облыс және Алматы қаласының әкiмдерiмен және Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiмен бiрлесiп, бәсекелестiктi дамыту мақсатында, мұнай тиiстi базалармен бiрге акцияланатын бiр-екi автомай құю станцияларын анықтасын, қалған автомай құю станциялары "Мұнай өнiмдерi" аумақтық акционерлiк қоғамының Жарғылық қорынан шығарылсын және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес сататын болсын;
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiмен келiсiм бойынша, әрбiр облыста бiрден мұнай базаларынан (терминалдар) келетiн мемлекеттiк акциялар пакетiн, оларды сатып жiберу сәтiне дейiн мұнай-газ өндiретiн кәсiпорындардың иеленуiне, пайдалануына және басқаруына беретiн болсын;
Атырау, Павлодар және Шымкент қалаларындағы "Мұнай өнiмдерi" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының мұнай өнiмдерiн құю жөнiндегi филиалдарының мүлкiне жататын мемлекеттiк акциялар пакетiнiң бiр бөлiгiн тиiстi мұнай-газ өңдейтiн зауыттардың иеленуiне, пайдалануына және басқаруына берсiн;
"Мұнай өнiмдерi" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын қайта ұйымдастырғаннан кейiн қалған мүлiктерге тиесiлi мемлекеттiк акциялар пакетi оны сатып жiберу сәтiне дейiн "Мұнай өнiмдерi" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының орталық аппаратының және оның филиалдары: Шiлбастау мұнай базасы, "Мұнайнорматив" салалық шаруашылық есептегi орталық, "Жомарт" көтерме-делдалдық фирмасы балансында болған мүлiктер негiзiнде құрылған акционерлiк қоғамының иеленуiне, пайдалануына және басқаруына берсiн. Осы акционерлiк қоғамға қайта құрылған "Мұнай өнiмдерi" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының Алматы қаласындағы үйiн иеленуге және пайдалануға құқық берiлсiн;
жаңадан құрылған акционерлiк қоғамның қалған мемлекеттiк акциялар пакетiн қолданылып жүрген заңға сәйкес сататын болсын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiмен бiрлесiп "Қустанайнефтетранс" және "Петропаловскнефтетранс" мемлекеттiк мұнай өнiмдерiн тасымалдау құбырлары кәсiпорындары "Қазақстан және Орта Азия арналы мұнай құбырлары" өндiрiстiк бiрлестiгi құрамына, ал "Уральскнефтетранс" мемлекеттiк мұнай өнiмдерiн тасымалдау құбырлары кәсiпорнын "Қазақгаз" мемлекеттiк холдинг компаниясының иелiгiне, пайдалануына және басқаруына берсiн.
Ескерту. 2-тармақтың бiрiншi абзацы жаңа редакцияда - ҚРМК-iнiң 23.08.1995 ж. N 1168 қаулысымен.
Жоғарыда аталған кәсiпорындар кез келген шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге мұнай өнiмдерiн тасымалдау жөнiнде көлiкпен қызмет көрсеткенi Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi комитет бекiткен тариф бойынша белгiленедi.
3. Мемлекет мұқтажын, бюджеттiк ұйымдарды мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз ету және де Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Материалдық резервтер жөнiндегi комитетпен бiрлесе отырып, мұнай базаларында мемлекеттiк резервтi құру жауапкершiлiгi облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерiне жүктелсiн.
4. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi мен Қаржы министрлiгi "Мұнай өнiмдерi" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы қарызының құқықтық иеленушiлерiнiң, сонымен бiрге Россия Федерациясы берген кредит пен оның проценттерiн өтеуiне жауаптыларды үш ай мерзiм iшiнде анықтасын.
5. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Мұнай өнiмдерi" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын құру туралы" 1993 жылғы 26 тамыздағы N 734 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 33, 382-бап) және "Мұнай өнiмдерi" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының бақылау кеңесi туралы" 1993 жылғы 4 қыркүйектегi N 816 қаулыларының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi