1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
"Живпром" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының иеленуiне, пайдалануы мен басқаруына берiлген акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакетiн керi шақырып алсын;
"Живпром" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының құрамынан шығарылған акционерлiк қоғамдарға акциялардың мемлекеттiк пакетiн иелену, пайдалану және басқару құқын берсiн;
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Астық өндiрудi нығайту және оны өткiзу рыногын кеңейту, облыстарды нанмен және басқа өңделген астық өнiмдерiмен өзiн-өзi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" 1994 жылғы 15 қарашадағы N 1288 қаулысына және басқа қолданылып жүрген нормативтi актiлерге сәйкес, мал шаруашылығы өнiмдерiн өндiрудiң бiрыңғай технологиялық жүйесiн жасау мақсатында акционерлiк қоғамдардың кадрлық құрамына кiретiн заңды ұйымдарға, отандық және шет елдiк инвесторларға, аралас жұмыс атқарушылар мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге акциялардың мемлекеттiк пакетiн сатуды ұйымдастырсын;
бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп, асыл тұқымды шаруашылықтар негiзiнде құрылған акционерлiк қоғамдар қызметiн мемлекеттiк қолдауды қамтамасыз ету жөнiндегi мәселенi шешетiн болсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бiр ай мерзiм iшiнде "Живпром" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының мiндеттемелерi жөнiндегi заңды мұрагерлердi анықтасын.
3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Живпром" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын құру туралы" 1993 жылғы 9 желтоқсандағы N 1230 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж ., N 48, 583-бап) және "Живпром" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының президентi және Байқау кеңесi туралы" 1994 жылғы 6 қаңтардағы N 30 қаулылары күшiн жойған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi