1. Ақмола қаласындағы жылу өткiзбейтiн панельдер жасайтын зауытты салуға бағытталған "Қазақстан-Полиалпан" акционерлiк қоғамы мен Германияның "Полиалпан-фасседенсистеме" фирмасы арасында жалпы сомасы 49,7 (қырық тоғыз млн. жетi жүз мың) млн. немiс маркасына жасалған контракт мақұлдансын.
2. Осы контрактiнi қаржыландыру Қазақстан Республикасына берiлген Германия кредит желiсi шеңберiнде жүргiзiлсiн.
3. "Қазақстан-Полиалпан" акционерлiк қоғамы:
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне және мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiне барлық қажеттi кепiлдiктердi беретiн болсын;
қызмет көрсететiн банктерге аванс, сақтандыру жарнасын, комиссиялық төлемдi, сондай-ақ проценттердi төлеудi және берешектерiн одан әрi өз қаражаттары есебiнен өтеудi қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi:
техникалық-экономикалық негiздемелер мен контрактiнi, кредиттiк келiсiмдi негiзгi сараптаудан өткiзсiн;
"Қазақстан-Полиалпан" акционерлiк қоғамы үшiн технологиялық желiлер мен жабдықтар берiп тұруға жасасылған контрактiге сәйкес осы жоба бойынша Германияның кредит берушi банкiмен жеке кредиттiк келiсiм жасассын;
"Қазақстан-Полиапан" акционерлiк қоғамымен iшкi кредиттiк келiсiм жасассын;
берешектi дер кезiнде төлеудi қамтамасыз ету жөнiнде кредиттiк келiсiмдердi тоқтатуға дейiн қажеттi шаралар қолданылатын болсын.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
осы жоба бойынша кредит берушi банкке Үкiмет кепiлдiгiн берсiн;
төлем мерзiмi өтiп кеткен жағдайда "Қазақстан-Полиапан" акционерлiк қоғамының банктегi шоттарынан теңгемен және валютамен алынатын қаражатты берешектердi өтеу есебiне жатқызуға рұқсат етiлсiн.
6. "Қазақстан-Полиалпан" акционерлiк қоғамы, Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi және мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi жобаны тиiмдi жүзеге асыру үшiн шешiмi қажет барлық мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қарауына дер кезiнде ұсыныстар енгiзсiн.
7. Осы өндiрiс орны Ақмола қаласында орналасады және
Қазақстанның этникалық немiстерiнiң жинақы орналасқан аумағын өз өнiмдерiмен қамтамасыз етедi. Осы жоба Қазақстанда тұратын немiстердiң этникалық өркендеуiне бағытталған шаралар кешенiне қосылсын. 8. Жобаны жүзеге асыру мен кредит жөнiндегi төлемдердi уақытылы төлеудi бақылау Ақмола облысының әкiмiне жүктелсiн. Қазақстан Республикасы Премьер-министрi бiрiншi орынбасары