Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 13 наурыздағы N 301 Қаулысымен.
Республикада тауарлы жүгерi өндiрудi арттыру және агроөнеркәсiп кешенi кәсiпорындарының жүгерi дәнiне, оны шет ел кредиттерiн тарту жолымен өндiру үшiн ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығына деген қажетiн қанағаттандыру мақсатында, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының экономикасына шет ел капиталын тарту процестерiн мемлекеттiк басқару мен реттеудiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 қаңтардағы N 2035
U952035_
Жарлығына, "Қазақстан Республикасына шет ел кредиттерiн тарту жұмыстарын тәртiпке келтiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 8 ақпандағы N 139
P950139_
қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 1995 жылғы 13 қаңтардағы N 16 өкiмi негiзiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. "Агросауда" мемлекеттiк сыртқы сауда акционерлiк компаниясы мен "Транс-Кемикл" корпорациясы (АҚШ) арасында 100 мың гектар алқапта жүгерi өсiрудiң инвестициялық жобасын жүзеге асыру үшiн техника, жабық, химикаттар мен тұқым беруге, сондай-ақ агротехникалық қызмет көрсету жөнiнде 87 (сексен жетi) млн. АҚШ долларына жасалған контракт мақұлдансын.
2. "Агросауда" мемлекеттiк сыртқы сауда акционерлiк компаниясы жоба жөнiндегi бас импортер және жабдық, техника, технология, тұқым және химикаттар алушылардың мiндеттемесi жөнiндегi үйлестiрушi болып белгiленсiн.
"Агросауда" мемлекеттiк сыртқы сауда акционерлiк компаниясы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне, Экономика министрлiгiне, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң жанындағы шет ел капиталын пайдалану жөнiндегi комитетке және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiсiне жабдық, техника, технология, тұқым және химикаттар алушы кәсiпорындар мен ұйымдар тiзiмiн кредит жөнiндегi тиiстi мiндеттемелерiмен қоса табыс етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi осы жобаны Басым инвестициялық жобалар мен сатып алынатын тауарлардың индикативтi тiзбесiне енгiзетiн болсын.
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi:
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 8 ақпандағы N 139 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасына немесе Қазақстан Республикасының кепiлдiгiмен берiлетiн шетелдiк инвестициялық және тауарлық кредиттердi тарту, пайдалану және оларды есепке алу жұмыстарын ұйымдастыру туралы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының кепiлдiгiн беру туралы келiсiм жасассын;
осы жоба бойынша жабдық, техника, технология, тұқым және химикаттар беруге жасалған контрактiге сәйкес АҚШ-тың кредит берушi банкiсiмен жеке кредиттiк келiсiм жасассын;
тауар алушы шаруашылықтармен iшкi кредиттiк келісiм жасассын;
берешектiң уақтылы төленуiн қамтамасыз ету жөнiнде кредиттiк келiсiмнiң күшiн тоқтатуға дейiн қажеттi шаралар қолданатын болсын;
төлем мерзiмi өтiп кеткен жағдайда техника, технология, тұқым және химикаттар алушы кәсiпорындар мен ұйымдардың банктегi шоттарынан теңге мен валюта қаражатын берешектi өтеу есебiне жатқызуға рұқсат етiлсiн.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiсiнiң мiндеттемелерi негiзiнде осы жоба бойынша кредит берушi банкке тиiстi Үкiметтiк кепiлдiк беретiн болсын.
6. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Шет ел капиталын пайдалану жөнiндегi комитет, облыс әкiмдерi, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi және "Агросауда" мемлекеттiк сыртқы сауда акционерлiк компаниясы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қарауына жобаны тиiмдi жүзеге асыру үшiн шешiлуi қажет барлық мәселелер бойынша ұсынысты уақтылы енгiзсiн.
7. Облыс әкiмдерiне, Қазақстан Республикасының Ауыл
шаруашылығы министрлiгiне, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Шет ел капиталын пайдалану жөнiндегi комитетке және "Агросауда" мемлекеттiк сыртқы сауда акционерлiк компаниясына жобаның жүзеге асуын және кредит бойынша төлемдердiң уақтылы жасалуын бақылау жүктелсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрi
бiрiншi орынбасары