"Береке" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын қайта ұйымдастыру мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 28 наурыздағы N 350

      Реформаны тереңдету мен экономикалық дағдарыстан шығу жөнiндегi Үкiметтiң iс-қимылы Бағдарламасына сәйкес және ет-сүт өнiмдерiнiң, басқа да аса маңызды азық-түлiк түрлерiнiң нарығында бәсекелестiктi дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитет:
      "Береке" мемлекеттiк акционерлiк компаниясынан компанияға енетiн акционерлiк қоғамдарының мемлекеттiк мүлiктi және мемлекеттiк акция пакетiн иелену, пайдалану әрi басқару құқын қайтарып алсын;
      мемлекеттiң қатысуымен жаңадан құрылған "Береке" акционерлiк компаниясына Алматыдағы (N 2), Ақмоладағы, Жамбылдағы, Жаңаөзендегi, Жезқазғандағы, Қарағандыдағы, Қызылордадағы, Көкшетаудағы, Павлодардағы, Семейдегi, Талдықорғандағы, Оралдағы, Өскемендегi, Шымкенттегi бөлгiш тоңазытқыштардың негiзiнде құрылған акционерлiк қоғамдардың Жарғылық қорының 31 процентi мөлшерiндегi мемлекеттiк акция пакетiн басқару құқы берiлсiн. Аталған акционерлiк қоғамдардың мемлекеттiк акция пакеттерiнiң, сондай-ақ бұрын "Береке" мемлекеттiк акционерлiк компаниясына енген басқа да акционерлiк қоғамдардың мемлекеттiк акция пакеттерiнiң қалған бөлiгiн өткiзу қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүргiзiледi;
      "Береке" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының мүлiктiк құқықтары мен мiндеттемелерiнiң құқықтық мұрагерлiгiн айқындасын;
      "Береке" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының құрамынан шығарылған акционерлiк қоғамдарды жедел басқару туралы мәселенi бiр ай мерзiмде шешетiн болсын.
      2. Мемлекеттiң қатысуындағы "Береке" акционерлiк қоғамына және бөлгiш тоңазытқыштардың негiзiнде құрылған акционерлiк қоғамдарға шарт жағдайымен (мемлекеттiк акция пакеттерiнiң бөлiнуiне қарамастан):
      еттiң, ет консервiлерiнiң, тоң майдың, тиiстi номенклатурадағы және басқа азық-түлiк тауарларының Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған көлемдегi мемлекеттiк резервiн сақтау;
      мал өнiмдерiн әскери және арнаулы тұтынушыларға олардың өтiнiшi мен ресурстарының жай-күйiне сәйкес бiрiншi кезекте өткiзу жүктелсiн.
      3. Былай деп белгiленсiн:
      халықты, соның iшiнде дотациядағы аймақтарды қамтамасыз етуге арналған ет, сүт және басқа мал өнiмдерiнiң ресурстары сауда кәсiпорындарының тауар өндiрушiлерден және өткiзушi ұйымдардан еркiн сатып алу тәртiбiмен қалыптастырылады;
      "Береке" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының орталықтандырылған (директивтi) және шетел тауар кредиттерiн қайтару жөнiндегi құқықтық мұрагерлерi мемлекеттiң қатысуындағы "Береке" акционерлiк компаниясы, бөлгiш тоңазытқыштар негiзiнде құрылған акционерлiк қоғамдар, сондай-ақ бұрын "Береке" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының құрамына енген акционерлiк қоғамдар болып табылады, бұлар 1 және 2 қосымшаға сәйкес олардың уақтылы қайтарылуын қамтамасыз ету жөнiндегi жауапкершiлiктi түгелдей мойнына алады.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi коммерциялық банктермен бiрлесiп, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасына шетел кредиттерiн тарту жөнiндегi жұмысты ретке келтiру жөнiндегi шаралар туралы" 1995 жылғы 8 ақпандағы N 139 қаулысының талаптарына сәйкес "Береке" мемлекеттiк акционерлiк компаниясына және оның құрамына енген акционерлiк қоғамдарға бұрын берiлген шет елдiң тауар кредиттерiне қайта

ресiмдеу жүргiзiлсiн.
     5. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Береке"
мемлекеттiк акционерлiк компаниясын құру туралы" 1993 жылғы
30 тамыздағы N 746 қаулысының (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 1993 ж.,N 34, 391-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

     Қазақстан Республикасы
      Премьер-министрiнiң
      бiрiншi орынбасары
                                    Қазақстан Республикасы
                                    Министрлер Кабинетiнiң
                                    1995 жылғы 28 наурыздағы
                                        N 350 қаулысына
                                          N 1 қосымша

             Шетелдiк тауар кредитi бойынша алынған
              тауарлар үшiн төлем жөнiндегi берешек
--------------------------------------------------------------------
  Акционерлiк қоғамның атауы     |Әлем   | Тұранбанк |
                                 |Банк   |(балалар   |Қайтару мерзiмi
                                 |Қазақс.|тағамы үшiн|  
                                 |(құрғақ|АҚШ-тың мың|
                                 |сүт үшiн долларымен|
                                 |АҚШ-тың|           |
                                 |доллары.           |
                                 |  мен  |           | 
------------------------------------------------------------------- 
_____________1___________________|___2___|______3_____|______________
Ақмоланың "Қазетсүтбалықөнеркәсiп.          142,9      1995 жылғы  
сауда" АҚ                                              12 шiлде
Ақтөбедегi "Береке" АҚ                      238,1      1995 жылғы 
                                                       22 мамыр
Шығыс Қазақстандағы "Береке" АҚ             119,1      1995 жылғы   
                                                       15 наурыз
Жамбылдағы "Жомарт" АҚ                      142,9      1995 жылғы 
                                                       3 сәуiр
Жезқазғандағы "Ұлан" АҚ            316,7    95,3       1995 жылғы  
                                                       11 наурыз
Қарағандыдағы "Береке" АҚ                   47,6       1995 жылғы 
                                                       11 наурыз
                                            47,6       1995 жылғы 
                                                       15 наурыз
                                            190,5      1995 жылғы  
                                                       15 мамыр
"Береке" АҚ бойынша жиыны                   285,7
Қостанайдағы "Қайсар" АҚ                    190,5      1995 жылғы
                                                       28 шiлде
Маңғыстаудағы "Бiрлiк" АҚ                   119,1      1995 жылғы
                                                       3 сәуiр
Павлодардағы "Дамир" АҚ                     95,3       1995 жылғы
                                                       11 наурыз
                                            23,8       1995 жылғы 
                                                       15 наурыз
"Дамир" АҚ бойынша жиыны                    119,1
Солтүстiк Қазақстандағы "Азат" АҚ           142,9      1995 жылғы
                                                       13 маусым
Семейдегi "Азат" АҚ                         119,1      1995 жылғы
                                                       1 мамыр
Талдықорғандағы "Дархан" АҚ                 43,6       1995 жылғы 
                                                       1 мамыр
Торғайдағы "Мереке" АҚ                      142,9      1995 жылғы
                                                       31 мамыр
Оңтүстiк Қазақстандағы "Мұғраж" АҚ          71,4       1995 жылғы
                                                       3 сәуiр 
"Мұғраж" АҚ бойынша жиыны                   142,9
Екiбастұздағы "Дана" АҚ                     119,1      1995 жылғы
                                                       18 сәуiр
"Береке" мемлекеттiк акционерлiк    1790,2             1994 жылғы
компаниясы                                             12 қыркүйек
        Жиыны                       2106,9  2163,2


                                       Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 наурыздағы N 350 қаулысына N 2 қосымша


               Орталықтандырылған (директивтi) кредиттер бойынша

                    1995 жылғы 1 наурыздағы төлем берешегi
-------------------------------------------------------------------
    Акционерлiк қоғамның атауы  | Барлығы | Соның  |
                                | миллион | iшiнде | Қайтару мерзiмi
                                | теңгемен| кредит |
                                |         |  үшiн  | 
                                |         | процент|
-------------------------------------------------------------------
Алматының "Береке" АҚ             76,3      76,3    1995 жылғы       
                                                     25 ақпан
Алматыдағы "Көмек" АҚ             93,8      39,4    1995 жылғы 
                                                    25 ақпан
Балқаштағы "Береке" АҚ            44,3      20,1    1995 жылғы 
                                                    25 ақпан
Шығыс Қазақстандағы "Береке" АҚ   5,0       5,0     1995 жылғы
                                                    25 ақпан
Жезқазғандағы "Ұлан" АҚ           16,2      16,2    1995 жылғы 
                                                    25 ақпан
Қарағандыдағы "Береке" АҚ         117,5     61,0    1995 жылғы
                                                    25 ақпан
Қызылордадағы "Береке"АҚ          14,0      14,0    1995 жылғы
                                                    25 ақпан
Маңғыстаудағы  "Бiрлiк" АҚ        35,5      17,8    1995 жылғы
                                                    25 ақпан
Семейдегi "Азат" АҚ               25,5      17,8    1995 жылғы
                                                    25 ақпан
Оңтүстiк Қазақстандағы            4,4       4,4     1995 жылғы  
"Мұғраж" АҚ                                         25 ақпан
"Береке" мемлекеттiк акционерлiк  20,8      10,8    1994 жылғы
компаниясы                                          20 желтоқсан
       Жиыны                      463,3     282,8
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады