Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 17 сәуiр N 493. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997.05.20. N 851 қаулысымен. ~P970851

      "Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiнiң мәселелерi" жөнiндегi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 22 тамыздағы N 934 P940934_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 36, 393-бап) сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi туралы осыған қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
             Қазақстан Республикасының
               Премьер-министрi
                                        Қазақстан Республикасы
                                        Министрлер Кабинетiнiң
                                        1995 жылғы 17 сәуiрдегi
                                           N 493 қаулысымен
                                              Бекiтiлген
             Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi
                        министрлiгi туралы
                            ЕРЕЖЕ
      1. Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) ел экономикасының базалық саласы ретiнде мұнай-газ өнеркәсiбiн дамыту жөнiндегi бiрыңғай саясатты жүргiзетiн Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттiк басқару органы болып табылады және ол тiкелей Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне бағынады.
      Мұнай және газ операцияларымен, соның iшiнде көмiрсутегi шикiзатын iздестiру, барлау, қорын дайындау, өндiру, ұқсату және өткiзумен шұғылданатын, шетелдiктердi қосқанда, Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiн мемлекеттiк реттеу мәселелерi министрлiктiң қарауында болады.
      Шетелдiк әрiптестермен мұнай және газ операцияларын жүргiзуге контрактiлер жасау мен оларды орындау кезiнде министрлiк мемлекет тапсырмасы жөнiндегi өкiлеттi орган ретiнде iс-қимыл жасайды.
      2. Министрлiк өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулыларын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң шешiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Министрлiк заңды ұйым болып табылады және оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, өз атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi, сондай-ақ фирмалық бланкiлерi болады.
      4. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi:
      мұнай-газ саласын интенсивтi дамыту, мемлекеттiк экономикалық әлеуетiн нығайтуға оның қосар үлесiн ұлғайту жөнiндегi мемлекеттiк саясатты белгiлеуге және оның жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге қатысу;
      мұнай-газ саласын дамыту, мемлекеттiк кредиттеу мен инвестициялаудың тұжырымдамаларын және мемлекеттiк нысаналы бағдарламаларын әзiрлеу;
      мұнай-газ саласының жұмыстарын үйлестiру және қызметiн мемлекеттiк реттеу функцияларын жүзеге асыру;
      Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен, Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiмен бiрлесе отырып елiмiздiң отын-энергетика кешенiн дамытудың ұзақ мерзiмдi болжамын жасау;
      игерiлген мұнай және газ кен орындары мен ұқсатушы қуаттардың әлеуетiн тиiмдi пайдалану;
      мұнай, газ және олардың ұқсатылған өнiмдерiн тасымалдау, соның iшiнде сыртқы рынокқа тасымалдау үшiн арнаулы құбырлар жүйесiн дамыту мен ұтымды пайдалану;
      салалық ғылымды дамыту, салада бiрыңғай ғылыми-техникалық саясатты жүргiзу және мұнай мен газ саласындағы салааралық ынтымақтастықты үйлестiру;
      мұнай-газ өнеркәсiбi кәсiпорындарының қоршаған ортаға техногендiк әсерiн төмендету жөнiндегi мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру;
      республика экономикасын тұрақтандыру мен өрге бастыру мақсатында мұнай-газ саласында түбегейлi экономикалық реформаларды жүзеге асыруға белсендi түрде ықпал ету;
      экономикалық реформалардың мемлекеттiк саясатына сәйкес мұнай-газ саласындағы қатынастардың құрылымын өзгерту, кәсiпорындарды мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiру iсiне, қатысу;
      Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен бiрлесе отырып мұнай-газ саласына қатысты өнiмдер бөлiгiнде республиканың отын-энергетика балансын әзiрлеу және оның өтелуiн қамтамасыз ету;
      салада қажеттi бәсекелестiктi қамтамасыз ететiн жағдайлар туғызуға бағытталған экономикалық саясатты жүзеге асыру;
      халықаралық iс-тәжiрибеге және нарықтық экономика талаптарына сәйкес саланың жұмыс iстеуi үшiн саланы құқықтық және нормативтiк негiзге салу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      әлемнiң басқа мемлекеттерiмен, мұнай компанияларымен экономикалық қатынастар мен техникалық ынтымақтастықты дамыту, шетел инвестицияларын тарту мәселелерiн келiскен кезде мемлекеттiң мүддесiн бiлдiру болып табылады.
      5. Министрлiк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
      республиканың мұнай-газ өнеркәсiбiн дамыту жөнiндегi жалпыұлттық және салалық бағдарламаларды, сала жұмысының болашақтағы және ағымдағы жұмыс жоспарларын әзiрлейдi және жүзеге асырылуына бақылау жасайды;
      көмiрсутегi балансын жасауға, Қазақстан Республикасы бюджетiнiң қалыптасуы мен валюталық әлеуетiн құруға қатысты Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтiк дамуының негiзгi бағыттарын айқындауға қатысады;
      ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындар мен ұйымдар бойынша мемлекеттiң сатып алуы үшiн көмiрсутегi шикiзаты ресурстарының берiлетiн көлемiн анықтап, таратады, саланың қалыпты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн көмiрсутегi шикiзаты мен материалдық ресурстардың мемлекетаралық алыс-берiс мәселелерiн келiседi;
      мұнай және газ өнеркәсiбiнiң шикiзат базасын дамыту үшiн геологиялық барлау жұмыстарын жүргiзуге және мұнай мен газдың қосымша қорын дайындауға Жер қойнауын қорғау және минералды-шикiзат базасын ұлғайтудың республикалық қорынан бөлiнетiн қаражатты жұмсау бағыттарын келiседi;
      салада бағаның қалыптасуы мен салық салу мәселелерi жөнiнде өз құзыры шегiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне және мемлекеттiк басқару органдарына ұсыныстар енгiзедi, отын ресурстарының бағалары мен тарифтерiн белгiленген тәртiппен бекiтуге ұсынады;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесе отырып бухгалтерлiк есептiң салалық әдiснамасын жасайды, саланың өзiндiк ерекшелiгiн ескере отырып, бухгалтерлiк есептiң стандарттарын зерделеп, оларды өндiрiске енгiзедi;
      мұнай-газ саласында ғылыми-техникалық прогрестiң, ғылым мен өндiрiстiң бiрiгуiнiң басым бағыттарын айқындайды;
      мұнай мен газ шығару құқығын беруге кәсiпорындарды аттестациялайды.
      Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қаулыларының, Қазақстан Республикасының Президентi актiлерiнiң, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi шешiмдерiнiң және басқа да нормативтiк актiлердiң орындалуын ұйымдастырады, мұнай-газ саласы кәсiпорындарының қызметi мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құжаттардың жобаларын әзiрлеп, оларды белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсынады;
      мұнай-газ өнеркәсiбiн дамыту мәселелерi жөнiндегi өз қызметiн Қазақстан Республикасының министрлiктерiмен, ведомстволарымен және жергiлiктi өкiлдi және атқару органдарымен өзара байланыс жасай отырып жүзеге асырады;
      ТМД елдерi және шетелдiк мемлекеттiк мекемелерiмен, халықаралық ұйымдарымен, шетелдiк компаниялармен өзара қатынастарда өз құзыры шегiнде Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiредi;
      мұнай-газ кешенiн құрылымдық жағынан қайта құру саясатын айқындауға қатысады;
      зиян шегушi мемлекеттiк кәсiпорындарды, компанияларды санациялау, оларды қайта ұйымдастыру және тарату жөнiндегi тиiстi мемлекеттiк басқару органдарына ұсыныстар енгiзедi;
      мұнай-газ өнеркәсiбiнiң дамуына ықпал ететiн өндiргiш күштер мен өндiрiстiк қуаттарды орналастыру мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      салалық инвестициялық бағдарламаларды әзiрлеп, жүзеге асырады;
      саланы дамыту жөнiндегi ғылыми зерттеулер мен әзiрлемелер жасалуын, инвестициялық жобаларды, соның iшiнде басқа ведомстволар, шетел фирмалары әзiрлеген жобаларды сараптауды ұйымдастырады;
      көмiрсутегi шикiзатын, оны ұқсатудан шыққан өнiмдердi экспорттау саласындағы мемлекеттiк саясатты айқындап, жүзеге асырады, сыртқы экономикалық қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мұнай-газ саласының өнiмдерiн сыртқа шығару мен әкелудi реттеуге қатысады;
      басқа құзырлы мемлекеттiк басқару органдарымен және қоғамдық құрамалармен бiрлесе отырып мұнай-газ саласы кәсiпорындарының қоршаған ортаға техногендi әсерiн төмендету жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;
      қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мемлекеттiк компаниялар мен мемлекеттiң қатысуымен жұмыс iстейтiн компаниялардың байқаушы кеңестерiнiң жұмысына өз өкiлдерi арқылы қатысады;
      саладағы мемлекеттiк кадр саясатын айқындап, жүзеге асырады, республикада және шетелде мұнай-газ саласына арналған кадрларды даярлайды және қайта даярлайды.
      6. Министрлiк өзiне жүктелген функцияларды қарауы бойынша басқа министрлiктермен, ведомстволармен және жергiлiктi атқарушы өкiмет органдарымен өзара iс-қимыл жасау арқылы орындайды.
      7. Министрлiктiң:
      өз құзыры шегiнде сала кәсiпорындары, ұйымдары мен мекемелерi, сондай-ақ министрлiктiң қарауына жататын мәселелерге қатысты заңды ұйымдар мен жеке адамдардың орындауы үшiн мiндеттi бұйрықтар, нұсқамалар, әдiстемелiк нұсқаулар мен басқа да нормативтiк актiлер шығаруға және олардың орындалуын тексеруге құқығы бар. Қажеттi жағдайларда басқа министрлiктермен және ведомстволармен бiрлескен актiлер шығаруға;
      саланың шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi арасында даулы мәселелердi өз құзыры шегiнде шешуге;
      осы Ережеден туындайтын мiндеттердi шешу үшiн және саладағы нарықтық қатынастарды дамыту үшiн компаниялар, концерндер мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң өзге де нысандарын құру және министрлiктiң қарауындағы кәсiпорындарды, мекемелер мен ұйымдарды қайта ұйымдастыру мен тарату жөнiнде белгiленген тәртiппен ұсыныстар енгiзуге;
      Қазақстан Республикасының және басқа елдердiң кәсiпорындарымен, мекемелерiмен және ұйымдарымен өз құзыры шегiнде келiссөздер жүргiзуге және келiсiмдер жасасуға;
      республиканың мұнай-газ өндiрушi кәсiпорындарымен контрактiлер (шарттар) әзiрлеу мен жасау жөнiндегi келiссөздер жүргiзуге құқығы бар құзырлы орган ретiнде iс-қимыл жасауға;
      министрлiктiң жұмысында туындайтын мәселелердi шешуге арналған комиссиялар мен жұмыс топтарында жұмыс iстеуге оның қарамағындағы кәсiпорындардың, ұйымдардың, ғылыми мекемелердiң мамандарын, сондай-ақ шарттар негiзiнде өзге салалардың өкiлдерi мен шетелдiк консультанттарды тартуға;
      банкiде ағымдағы және валюталық шоттар ашуға құқығы бар.
      8. Министрлiк өзiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi табыстаған мұнай-газ саласының құрамына кiретiн кәсiпорындар мен ұйымдардың мемлекеттiк мүлкiне иелiк ету, оны пайдалану мен басқару құқығын жүзеге асырады.
      9. Министрлiкке Министр басшылық етедi, оны Қазақстан Республикасының Президенi тағайындайды және қызметiнен босатады. Министрдiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындайтын оның орынбасарлары болады.
      10. Министрлiкте 15 адамнан тұратын алқа құрылады, оның құрамына Министр (алқа төрағасы), лауазымдар бойынша оның орынбасарлары, министрлiктiң басшы қызметкерлерi, ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындар, ұйымдар мен басқа да органдар басшылары болады. Алқа мүшелерiн Министрдiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi.
      Алқа шешiмдерi Министрдiң бұйрығымен iске асырылады.
      11. Министр:
      барлық мемлекеттiк органдарда, ұйымдарда, кәсiпорындарда министрлiктiң мүддесiн бiлдiредi, шарттар жасасады;
      белгiленген адам саны мен еңбекақы қоры шегiнде министрлiк қызметкерлерiнiң штаттық кестесiн бекiтедi, қызметкерлер мен мамандардың лауазымдық еңбекақыларына қарай белгiленген еңбекақы қоры шегiнде қызметкерлерге шектеусiз үстемелер, қосымша ақылар, сыйлықтар мен ынталандырушы және өтемдiк сипатындағы басқа да төлемдердi дербес белгiлейдi де төлем жасатады;
      министрлiк орталық аппаратының қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      саланың ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк акционерлiк және холдингтiк компаниялардың президенттерi мен бақылаушы кеңестерi төрағаларының лауазымдарына кандидаттар жөнiнде белгiленген тәртiппен ұсыныс енгiзедi;
      саланың құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметiн ұйымдастырады;
      Министрлiктiң нысаналы мақсат жөнiндегi шығыс сметасының жұмсалуына бақылауды жүзеге асырады.
      12. Министрдiң орынбасарлары Министр белгiлеген қызметi ауқымы шегiнде шешiмдер қабылдауға құқылы.
      13. Министрлiктi ұстау шығындары Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетi есебiнен қамтамасыз етiледi.
      14. Министрлiктi қайта ұйымдастыру мен тарату белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады