Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң жанындағы Лизинг жөнiндегi департамент туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 29 сәуiрдегi N 599. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Өндiрiстi техникалық және технологиялық жаңарту құралы ретiнде лизингтi дамыту және мемлекеттiк қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң жанынан Лизинг жөнiндегi комитет (бұдан әрi - Лизинг жөнiндегi комитет) құрылсын. 
      2. Лизинг жөнiндегi департамент өндiрiс саласында iрi көлемдi инвестицияларды тарту құралы ретiнде лизингтi пайдалану саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясаттың жүргiзiлуiн қамтамасыз ететiн, өз қызметiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi өкiлеттiгiнiң шегiнде дербес жүзеге асыратын атқару өкiметiнiң орталық органы болып табылады деп белгiленсiн. 
      3. Лизинг жөнiндегi департаментке: 
      Қазақстан Республикасында лизингтi дамытудың негiзгi бағыттарын, перспективалық жоспарлары мен болжамдарын әзiрлеу; 
      машиналық-техникалық импортты қамтамасыз ету үшiн шет ел инвестициялары мен кредиттерiн тарту және пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк саясаттың әзiрленуi мен жүзеге асырылуына қатысу; 
      жалпы республикалық және аймақтық лизинг компаниялары жүйелерiнiң ұйымдастырылуына жәрдемдесу; 
      лизингтi пайдалану және дамыту мәселелерi жөнiндегi республика министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерiнiң, ведомстволарының, кәсiпорындарының және ұйымдарының қызметiн үйлестiру; 
      лизинг мәселелерi жөнiндегi заң және басқа нормативтiк актiлердi әзiрлеуге қатысу жүктелсiн. 
      4. Лизинг жөнiндегi департаменттiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және қазақ, орыс тiлдерiнде өзiнiң атаулары жазылған мөрi, фирмалық белгiсi, банкте шоты бар заңды тұлға болып табылатындығы белгiленсiн. 
      5. Лизинг жөнiндегi департамент орталық аппараты қызметкерлерiнiң саны 15 адам болып бекiтiлсiн (күзет және мекемеге қызмет көрсету жөнiндегi қызметкерлер бұған кiрмейдi) және 2 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.<*> 
       Ескерту. 5-тармақтан сөздер алынып тасталған - ҚРМК-нiң 
1995.07.31. N 1040 қаулысымен.  P951040_  
      6. Лизинг жөнiндегi департамент аппаратын ұстаудың шығындарын қаржыландыру мемлекеттiк басқару органдарын ұстауға республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылады.<*> 
       Ескерту. 6 тармақ жаңа редакцияда берiлген - ҚРМК-нiң 
1995.07.31 N 1040 қаулысымен. 
      7. Департаменттi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындап және қызметiнен босататын директор басқарады. 
      Департамент директорына Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитет төрағасы орынбасарының мәртебесi берiлсiн және оған Төраға орынбасарының лауазымдық жалақысы деңгейiнде жалақы белгiленсiн. 
      8. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi тiкелей келiсiм бойынша Лизинг жөнiндегi департаменттi қажеттi телефондық, телеграфтық және телефакстық байланыспен, оның iшiнде халықаралық байланыспен қамтамасыз етсiн. 
      9. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бiр ай мерзiмде Лизинг жөнiндегi департаментке Алматы қаласында қызметтiк үй-жай бөлудi қамтамасыз етсiн.
      10. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен және Экономика министрлiгiмен келiсiлген Лизинг жөнiндегi департаменттiң Ережесiн Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң бекiтуiне бiр ай мерзiмде әзiрлеп, ұсынсын.                                                 

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады