Республиканың оңтүстiк аймақтарындағы отын-энергетика кешенi кәсiпорындарының жұмысын жақсарту жөнiндегi шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 29 сәуiр N 602 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы N 406 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.04  N 406  Қаулысымен.

      Оңтүстiк аймақтардағы энергетикалық қуатты пайдалануды едәуiр жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi мен Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiнiң құрамында "Оңтүстiкмұнайгаз" мемлекеттiк акционерлiк қоғамы, "Шымкентмұнайоргсинтез" акционерлiк қоғамы, "Қазақгаз" мемлекеттiк холдинг компаниясы және Жамбыл ГРЭС-i бар "ООЭК" отын-энергетика компаниясын (мұнан әрi - "ООЭК" компаниясы") құру жөнiндегi ұсынысы қабылдансын. 
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiмен, Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiмен бiрлесiп осы компанияға мемлекеттiк акция пакетiн табыстауды көздей отырып, "ООЭК" компаниясын ұйымдастыру жөнiндегi құрылтай құжаттары пакетiн белгiленген тәртiппен 10 күн мерзiмде қабылдасын. 
      3. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi, Экономика министрлiгi және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қаратау бассейнiндегi фосфор шикiзатын өндiру мен ұқсату жөнiндегi кәсiпорындар жұмысының тұрақтылығын әрi тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету, отандық және шетелдiк инвестициялар мен озық технологияны тарту мақсатында құрамында "ООЭК" компаниясы, "Қазкоммерцбанк" акционерлiк коммерциялық банкi, "Қаратау" АХК-i және Ресейдiң "Лукойл" мұнай компаниясы" акционерлiк қоғамы бар қаржы-өнеркәсiп тобын қалыптастыру жөнiндегi дайындық жұмысын жүргiзсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Төрағасына Қазақстан Республикасының атынан аталған қаржы-өнеркәсiп тобының құрылтайшысы болу уәкiлдiгi берiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады