Қазақстан Республикасының жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 19 мамыр N 715. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997.05.20. N 851 қаулысымен. ~P970851

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiн қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 18 наурыздағы N 2137 U952137_ Жарлығын орындау үшiн, меншiк қатынастарын өзгерту процестерiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мемлекеттiк меншiктiң бiрден-бiр сатушысы ретiнде Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiруге және мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру жөнiндегi қабылданған шешiмдердi iс жүзiне асыруды қамтамасыз етуге уәкiлдiгi бар орталық мемлекеттiк басқару органы болып табылады.
      Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен жергiлiктi әкiмдер оған сату үшiн берген республикалық және коммуналдық меншiктi үлестiру бойынша құқықты жүзеге асырады деп белгiленсiн.
      Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне тiкелей басшылықты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi алқасының оның құзырына жататын мәселелер бойынша шешiмдерi барлық деңгейдегi мемлекеттiк басқару органдары мен меншiк нысанына қарамастан шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң орындауы үшiн мiндеттi.
      2. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жекешелендiру қоры туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 9 шiлдедегi N 582 P930582_ қаулысымен құрылып, таратылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жекешелендiру қорының мүлiктiк құқы мен мiндеттерiнiң және "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiн қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 18 наурыздағы N 2137 K952137_ қаулысын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтетiн бөлу балансына сәйкес қайта құрылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мүлкiнiң құқылық мұрагерi болып табылады деп белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бөлу балансында белгiленген мүлiк үлесiне сәйкес облыстарда, Алматы және Ленинск қалаларында жекешелендiру жөнiндегi аумақтық комитеттер құратын болсын.
      Жекешелендiру жөнiндегi аумақтық комитеттер Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiртұтас құрылымға жатады, өз қызметiн Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi өздерiне жүктелген өкiлеттiктер шегiнде және жергiлiктi әкiмдермен өзара iс-қимыл жасай отырып ұйымдастырады.
      Жекешелендiру жөнiндегi аумақтық комитеттердiң басшыларын Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Төрағасы жергiлiктi әкiмдермен келiсе отырып тағайындайды.
      5.
      Ескерту. 5-тармақ күшiн жойған - ҚРМК-нiң 1995.12.19.
               N 1800 қаулысымен. P951800_
       6. Алқа мүшелерiнiң дербес құрамын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi.
      Ескерту. 6-тармақтың бiрiншi абзацы күшiн жойған - ҚРМК-нiң
               1995.12.19. N 1800 қаулысымен.
      7. Жекешелендiру жөнiндегi аумақтық комитеттер үшiн 30 жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
      Ескерту. 7-тармақтан сөздер алынып тасталған - ҚРМК-нiң
               1995.12.19. N 1800 қаулысымен.
      8. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне мемлекеттiк меншiктi сату жөнiндегi аукциондар мен конкурстарға қатысушылардың кепiлақыларын есепке алу үшiн Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне арнаулы шот алу ұсынылсын.
      9. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң орталық аппаратын және оның аумақтық комитеттерiн ұстау шығындарын қаржыландыру Қазақстан Республикасының республикалық бюджетiнде мемлекеттiк басқару органдарын ұстауға жұмсалатын қаражат есебiнен жүзеге асырылады.
      10. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1995 жылы және одан кейiнгi жылдары Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен аумақтық комитеттерiне олардың материалдық-техникалық базасын дамыту мен нығайту үшiн бюджеттiк қаражат сомаларын бөлудi көздесiн.
      11. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсу бойынша Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi туралы ережеге сәйкес алынған қаражатты мына шығындарды:
      жекешелендiрiлетiн объектiлердi сату алдындағы дайындыққа;
      аукциондар, тендерлер, конкурстар ұйымдастыру мен өткiзуге;
      заңды және жеке тұлғаларды шарттық негiзде сарапшылар, консультанттар ретiнде тартуға жұмсалатын шығындарды қаржыландыру үшiн пайдалануына рұқсат етiлсiн.
      12. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрге қажеттi шоттардың ашылуын көздесiн.
      13. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiн қажеттi телефон, телеграф және телефакс байланысымен қамтамасыз етсiн. 14. Ескерту. 14-тармақ күшiн жойды - ҚР Үкiметiнiң 1996.01.18. N 68 қаулысымен. P960068_ 15. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жекешелендiру қоры туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 9 шiлдедегi N 582 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 26, 326-бап) күшiн жойған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 19 мамырдағы N 715 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi туралы Ереже I. Жалпы ережелер
      1. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi (бұдан әрi - Жекешелендiру жөнiндегi мемком) мемлекеттiк меншiктiң бiрден-бiр сатушысы ретiнде Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiруге және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен жергiлiктi әкiмдер сату үшiн оған берген республикалық және коммуналдық меншiктi үлестiру бойынша құқықтық жүзеге асыруға уәкiлдiгi бар орталық мемлекеттiк басқару органы болып табылады.
      2. Жекешелендiру жөнiндегi мемком өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулыларын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетiнiң актiлерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      Жекешелендiру жөнiндегi мемкомның өз құзырына жататын мәселелер жөнiндегi шешiмдерi барлық деңгейдегi мемлекеттiк басқару органдары мен меншiк нысанына қарамастан шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiне орындау үшiн мiндеттi болады.
      3. Жекешелендiру жөнiндегi мемкомға Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тiкелей басшылық етедi.
      4. Жекешелендiру жөнiндегi мемкомның облыстарда, Алматы және Ленинск қалаларында өзiнiң аумақтық комитеттерi болады.
      Жекешелендiру жөнiндегi аумақтық комитеттер Жекешелендiру жөнiндегi мемкоммен бiртұтас құрылымға жатады, өздерiнiң қызметiн жекешелендiру жөнiндегi мемком оларға жүктелген өкiлеттiктер шегiнде және жергiлiктi әкiмдермен өзара iс-қимыл жасай отырып ұйымдастырады.
 
             II. Жекешелендiру жөнiндегi мемкомның негiзгi
                 мiндеттерi, функциялары мен өкiлеттiгi
      5. Жекешелендiру жөнiндегi мемкомның негiзгi мiндеттерi:
      мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк саясатты белгiлеу мен оны жүзеге асыру iсiне қатысу;
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен жергiлiктi әкiмдер берген акционерлiк қоғамдардың мемлекеттiк пайдаларының, акциялар пакеттерiнiң басқарылуын аталған пакеттер сатылған сәтке дейiн қамтамасыз ету, олардың басқару органдарында мемлекеттiк мүддесiн бiлдiру;
      жаңа меншiк иелерiнiң сатып алу-сату шарттарының талаптарын орындауына бақылау жасауды қамтамасыз ету, бұл салада заңдылықты сақтау;
      жекешелендiруден кейiнгi шараларды белгiлеу мен жүзеге асыруға қатысу;
      өз өкiлеттiгi шегiнде Қазақстан Республикасының мүлiктiк құқығы мен мүддесiн қорғау болып табылады.
      6. Жекешелендiру жөнiндегi мемком негiзгi мiндеттерiне қарай:
      мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесе отырып мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру бағдарламасын жасап, оны жүзеге асырады;
      өзiнiң құзырына жататын мәселелердi реттейтiн заңдылық және нормативтiк актiлердiң жобаларын әзiрлеуге қатысады;
      өз құзыры шегiнде барлық заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi нормативтiк актiлер шығарады;
      мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардың өзiне берiлген мүлкiне, сондай-ақ акционерлiк қоғамдар мен басқа да шаруашылық серiктестiктерiнiң мүлкiндегi мемлекеттiк үлеске осы мүлiк сатылғанға дейiнгi кезеңде иелiк ету құқығын жүзеге асырады;
      мемлекет меншiгiндегi объектiлердi жекешелендiрудiң нақтылы тәсiлдерi мен түрлерiн белгiлейдi;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк меншiгiндегi объектiлерiн сатуды ұйымдастырады және соған байланысты барлық шараларды жүргiзедi;
      жекешелендiрiлетiн кәсiпорындарды сатар алдында дайындық жұмысын жүргiзедi, бұл мақсат үшiн тәуелсiз сарапшылар мен консультанттар тартады, осы шаралар жөнiндегi ведомствоаралық комиссиялардың жұмысына қатысады;
      инвестициялық жекешелендiру қорларының қызметiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлеген тәртiппен лицензиялайды, осы қызметке бақылау жасауды жүзеге асырады;
      жекешелендiруге жататын мемлекеттiк кәсiпорындардың мүлкiн сараптау мен оның құнын бағалау жұмысын ұйымдастырады;
      қажет болған жағдайда тәуелсiз сарапшыларды, аудиторлар мен консультанттарды жекешелендiруге байланысты жұмыстар жүргiзуге қатысу үшiн тартады;
      мемлекеттiк меншiк объектiлерiн сатудан түсетiн қаражатты қолданылып жүрген заңдарға белгiленген тәртiппен алады және оны тиiстi бюджеттерге аударады;
      өзiнiң қызметi саласына қатысты мәселелер бойынша халықаралық қатынастарда Қазақстан Республикасының мүддесiн көздейдi.
      7. Жекешелендiру жөнiндегi мемкомның:
      қолданылып жүрген заңдарға және ұйымдардың құрылтай құжаттарына сәйкес акционерлердiң (пайшылардың) жалпы жиналыстарында акциялардың (мүлiк үлесiнiң) мемлекеттiк пакетiн ұстаушы құқысын жүзеге асыруға;
      алдына қойылған мiндеттердi орындау үшiн өз қызметiне мүдделi мемлекеттiк басқару органдарымен және өзге де мемлекеттiк мекемелермен келiсу бойынша сол ведомстволардың мамандарын тартуға;
      өз функцияларын жүзеге асыру үшiн заң бойынша тиiстi қызметпен шұғылдануға құқығы бар өкiлдер мен делдалдарды олармен жасалатын шарттар негiзiнде тартуға;
      қазiргi тәртiпке сәйкес мемлекеттiк мүлiктi, соның iшiнде жекешелендiрiлетiн кәсiпорындар акцияларының (пайлары, үлестерi) пакеттерiн купондар мен ақша қаражатына айырбасқа сату жөнiндегi сауда-саттықты жүргiзуге;
      мемлекеттiк меншiк объектiлерiн сату кезiнде заңды тұлғалармен және азаматтармен шарттар жасасуға;
      мемлекеттiк кәсiпорындарды жекешелендiру кезiнде мемлекет пен жаңа иегерлер тарапынан өзара мiндеттемелердiң шарттары мен сипатын белгiлеуге және жекешелендiруден кейiнгi кезеңде олардың орындалуын бақылауға;
      өз қызметiн жоспарлауға, бөлiнген адам саны мен еңбекақы қоры шегiнде құрылым мен штат кестесiн айқындауға;
      Қазақстан Республикасының заңдарына және осы Ережеге сәйкес сотта және төрелiк сотта талапкер мен жауапкер болуға құқы бар.
 
             III. Жекешелендiру жөнiндегi мемком қызметiн
                   ұйымдастырудың негiзгi мәселелерi
      8. Жекешелендiру жөнiндегi мемкомды Төраға басқарады, оның үш орынбасары, соның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары болады.
      Төрағаның орынбасарларын Жекешелендiру жөнiндегi мемком Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
      9. Төрағаның орынбасарлары арасындағы мiндеттердi Жекешелендiру жөнiндегi мемком Төрағасы бөледi. Жекешелендiру жөнiндегi комитеттiң Төрағасы Жекешелендiру жөнiндегi мемкомға жүктелген функциялардың орындалуы үшiн дербес жауап бередi, Жекешелендiру жөнiндегi мемком Төрағасы орынбасары мен құрылымдық бөлiмшелер басшыларының жекелеген қызмет бағыттарына басшылық етудiң жауапкершiлiк деңгейiн белгiлейдi.
      10. Жекешелендiру жөнiндегi мемкомы құрамында 9 адам бар алқа құрылады, оған Төраға, оның лауазымы бойынша орынбасарлары, Жекешелендiру жөнiндегi мемкомның басшы қызметкерлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң өкiлi кiредi.
      11. Жекешелендiру жөнiндегi мемком алқасының дербес құрамын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi. Мемкомның негiзгi құрылымдық бөлiмшесi басқарма болып табылады.
      Жекешелендiру жөнiндегi мемкомы орталық аппаратының штаттық кестесiн Жекешелендiру жөнiндегi мемкомның Төрағасы бекiтедi.
      12. Жекешелендiру жөнiндегi аумақтық комитеттердiң басшыларын жергiлiктi әкiмдермен келiсе отырып, Жекешелендiру жөнiндегi мемкомы Төрағасы тағайындайды.
      13. Жекешелендiру жөнiндегi мемком Қазақстан Республикасының заңдары бойынша заңды тұлға болып табылады және оның жедел басқару құқығымен тиесiлi оқшауланған мүлкi болады.
      14. Жекешелендiру жөнiндегi мемкомның орталық аппаратын және оның аумақтық комитеттерiн ұстау шығындарын қаржыландыру республикалық бюджетте көзделген мемлекеттiк басқару органдарын ұстауға арналған қаражат есебiнен жүзеге асырылады.
      15. Жекешелендiру жөнiндегi мемкомның Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өз атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi болады.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 19 мамырдағы N 715 қаулысына Қосымша
 
      Ескерту. Қосымша күшiн жойған - ҚРМК-нiң 1995.12.19.
               N 1800 қаулысымен. P951800_
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады