Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигi Ш.Е.Есеновты мәңгi есте қалдыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Минстрлер Кабинетiнiң қаулысы 1995 жылғы 1 маусым N 767

      Көрнектi геолог ғалым, Лениндiк сыйлықтың және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигi Шахмардан Есенұлы Есеновты мәңгi есте қалдыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Ақтау политехникалық институтына Ш.Е.Есеновтың есiмi берiлiп, бұдан былай ол Ш.Е.Есенов атындағы Ақтау политехникалық институты деп аталсын.
      2. Алматы қаласының әкiмiне заңда белгiленген тәртiппен Алматы қаласының бiр көшесiне Ш.Е.Есеновтың есiмiн беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының қаржысы есебiнен Қ.И.Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институтының үйiне мемориалдық тақта орнату мәселелерiн қарау ұсынылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының жас ғалымдары үшiн Жер туралы ғылымдар саласында жыл сайын берiлiп тұратын Ш.Е.Есенов атындағы бiр сыйлық тағайындау туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының ұсынысы мақұлдансын.
      4. Жезқазған таукен-технологиялық институтының студенттерiне Ш.Е.Есенов атындағы стипендия тағайындау, сондай-ақ Ш.Е.Есенов тұрған және жұмыс iстеген үйлерге мемориалдық тақталар орнату туралы Жезқазған облысы әкiмiнiң ұсынысы мақұлдансын.

        Қазақстан Республикасы
           Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады