Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының есепшотына есептелген өсiмнен түскен қаражатты есепке алу мен пайдалану тәртiбi туралы Ереженi бекiту жөнiнде

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 2 маусым N 771. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999.06.07. N 708 қаулысымен. ~P990708

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасының

Зейнетақы қорының қаржысынан зейнетақылар мен жәрдемақыларды
уақтылы төлеу мәселелерi жөнiндегi тапсырмасын орындау үшiн
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
     Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының есепшотына есептелген
өсiмнен түскен қаражатты есепке алу мен пайдалану тәртiбi туралы
қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi
                                        Қазақстан Республикасы  
                                        Министрлер Кабинетiнiң
                                        1995 жылғы 2 маусымдағы
                                           N 771 қаулысымен
                                              Бекiтiлген

          Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының есепшотына
          есептелген өсiмнен түскен қаражатты есепке алу мен
                        пайдалану тәртiбi туралы
                               Ереже



      Осы Ереже "Қазақстан Республикасы Зейнетақы қоры жұмысының жекелеген мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 30 қарашадағы N 1329 қаулысына сәйкес жасалды және Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының есепшотына есептелген өсiмнен түскен қаражатты есепке алу мен пайдалану тәртiбiн белгiлейдi.
      1. Мезгiлiнде төленбеген салық сомасынан есептелген өсiмнен түскен қаражат облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының халықты әлеуметтiк қорғау басқармаларының N 829 есепшотына есепке қосылады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың 1-7-абзацтары алынып тасталды - ҚРҮ-нiң
               1997.04.08. N 505 қаулысымен. P970505_
      2. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының халықты әлеуметтiк қорғау басқармалары есептеген өсiмнен түскен қаражатты келесi айдың 5-iнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының есепшотына аударып отырады.
      3. Қазақстан Республикасы Зейнетақы қоры еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi облыстық басқармалардан Алматы қалалық халықты әлеуметтiк қорғау басқармасынан 829-есепшотына аударылған, есептелген өсiмнен түскен қаражатты мұқтаж аймақтарға зейнетақыны қаржыландыру үшiн N 828 есепшотына жiбередi. <*>
      4. <*>
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ жаңа редакцияда, 4-тармақ алынып тасталған -
               ҚРҮ-нiң 1997.04.08. N 505 қаулысымен. P970505_

      5. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының халықты әлеуметтiк қорғау басқармаларының бастықтары Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының ағымдағы есепшотына есептелген өсiм қаражатының дұрыс аударылуына, жұмсалуына дербес жауап бередi, өздерiне аударылған қаржының жұмсалғандығы туралы Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне бухгалтерлiк есеп беру үшiн белгiленген мерзiмде тоқсан сайын есеп берiп отырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады