"Жеке тұрғын үй құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының
Заңы
4-бабының бесiншi бөлiмiне сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскесiне құқық беруге арналған өтiнiшке азамат қоса ұсынатын құжаттар мен мәлiметтер Тiзбесi бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
2. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi азаматта жеке тұрғын үй құрылысы үшiн құқық берiлген жер учаскесiнiң болуы немесе жоқтығы туралы анықтама нысанын әзiрлесiн және оны белгiленген тәртiппен бекiтетiн болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 5 маусымдағы
N 777 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскесiне құқық
беруге арналған өтiнiшке азамат қоса ұсынатын
құжаттар мен мәлiметтер
ТIЗБЕСI
___________________________________________________________________
Құжаттар мен мәлiметтердiң атауы | Құжаттар мен мәлiметтердi
| кiм бередi немесе кiм ұсынады
_____________________________________|______________________________
Азаматта жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер қатынастары және жерге
құқық берiлген жер учаскесiнiң болуы орналастыру жөнiндегi аудан.
немесе жоқтығы туралы анықтама (тұрақ. дық (қалалық) комитет
ты тұратын жерi бойынша жеке құрылыс
салушыға берiледi)
Азаматта жеке тұрғын үйдiң болуы неме.жергiлiктi техникалық түгендеу
се жоқтығы туралы анықтама (тұрақты бюросы, поселке немесе село
тұратын жерi бойынша жеке құрылыс са. әкiмi
лушыға берiледi)
Жеке құрылыс салушының өтiнiшiнде жеке құрылыс салушы
көрсетiлетiн мәлiмет*:
фамилиясы, аты, әкесiнiң аты;
тұрақты тұратын жерi;
сұралатын жер учаскесiнiң орнала.
суы мүмкiн жер(аудан, көше,
квартал номерi және басқалары);
жер учаскесiнiң жобалық көлемi;
тұрақты тұратын жерге жатпайтын
жеке тұрғын үй құрылысы үшiн
құқық берiлген жер учаскесiнiң
болуы
жеке құрылыс салушы (жер учас.
кесiнiң орналасқан жерi мен
көлемi, осы учаскенi берушi
органның атауы, шешiмнiң
нөмiрi мен уақыты)
* Мәлiметтердiң растығы үшiн дербес жауапкершiлiк жеке құрылыс салушыға жүктеледi.