Қазақстан Республикасының Арал теңiзi мен Арал өңiрiнiң проблемалары жөнiндегi ұлттық кеңесi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 5 маусым N 779

      Арал теңiзi мен Арал өңiрiнiң проблемаларын шешу жөнiндегi мемлекеттiк, қоғамдық және шетелдiк ұйымдардың қызметiн үйлестiру мен Арал өңiрiн экологиялық сауықтыру және әлеуметтiк-экономикалық дамуын қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстардың жүзеге асырылуын бақылау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Арал теңiзi мен Арал өңiрiнiң проблемалары жөнiндегi ұлттық кеңесi құрылсын.
      2. Ұлттық кеңес бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Арал теңiзi мен Арал өңiрiнiң проблемалары жөнiндегi ұлттық кеңесi туралы ереже жобасын әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң бекiтуiне енгiзсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Арал теңiзi мен Арал өңiрiнiң проблемалары жөнiндегi ұлттық кеңесiнiң құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 1992 жылғы 29 шiлдедегi N 184 өкiмiнiң күшi жойылған деп танылсын.

       Қазақстан Республикасының
          Премьер-министрi
                                     Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 5 маусымдағы N 779 қаулысына қосымша


            Қазақстан Республикасының Арал теңiзi мен

          Арал өңiрiнiң проблемалары жөнiндегi ұлттық
                     кеңесiнiң құрамы

     Есiмов А.С.            - Қазақстан Республикасы Премьер-
                              министрiнiң орынбасары /Кеңес төрағасы/
     Қыпшақбаев Н.Қ.        - Қазақстан Республикасы Министрлер
                              Кабинетiнiң жанындағы Су ресурстары
                              жөнiндегi комитеттiң төрағасы /Кеңес
                              төрағасының орынбасары/
     Медведев С.А.          - Қазақстан Республикасының Экология және
                              биоресурстар министрi /Кеңес төрағасының
                              орынбасары/
     Ерғожин Е.Е.           - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
                              академиясының вице-президентi /Кеңес
                              төрағасының орынбасары/ /келiсiм бойынша/ 
     Красносельский Н.Ф.    - Қазақстан Республикасы Экономика
                              министрiнiң орынбасары /Кеңес 
                              төрағасының орынбасары/
     Салықов К.С.          -  Қазақстан Республикасының Министрлер
                              Кабинетi жанындағы Су ресурстары
                              жөнiндегi комитеттiң бөлiм бастығы
                              /сарапшылар жетекшiсi/
     Сұлташев Н.О.         -  Қазақстан Республикасы Министрлер
                              Кабинетi Аппаратының ТМД iстерi
                              жөнiндегi бөлiмiнiң сарапшысы /Кеңес 
                              хатшысы/
 
                        Кеңес мүшелерi:  
     Ақылбаев К.А.         -  Қазақстан Республикасының Құрылыс, 
                              тұрғын үй және аумақтарда құрылыс
                              салу министрiнiң орынбасары
     Бәйiшев Қ.С.          -  Қазақстан Республикасы Министрлер
                              Кабинетi Аппаратының Агроөнеркәсiп
                              кешенi, табиғатты пайдалану және
                              айналадағы ортаны қорғау бөлiмiнiң
                              сектор меңгерушiсi
     Гончаров В.А.         -  "Тоған" мемлекеттiк акционерлiк
                              компаниясының президентi
     Дерновой А.Г.         -  Қазақстан Республикасы Денсаулық
                              сақтау министрiнiң орынбасары
     Косарев В.А.          -  Қазақстан Республикасы Ауыл
                              шаруашылығы министрiнiң орынбасары
     Құлманова Н.К.        -  Қазақстан Республикасы Еңбек
                              министрiнiң орынбасары
     Күреңкеев Д.С.        -  Қазтұтынуодағы "Қазкоопөнеркәсiп"
                              бiрлестiгiнiң бас директоры /келiсiм
                              бойынша/
     Құсымжанов М.К.       -  Қазақстан Республикасы Халықты
                              әлеуметтiк қорғау министрiнiң
                              орынбасары
     Медведев Г.В.         -  "Ауыл құрылысы" мемлекеттiк акционерлiк
                              компаниясының вице-президентi
     Менжулин Б.И.         -  Қазақстан Республикасы Қаржы 
                              министрiнiң орынбасары
     Омарбаев К.О.         -  "Қазконтракт" республикалық контракт
                              корпорациясы" акционерлiк қоғамының
                              бiрiншi вице-президентi
     Пачин С.Т.            -  Ақтөбе облысының әкiмi /келiсiм бойынша/
     Самақова А.Б.         -  Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп
                              және сауда министрiнiң орынбасары
     Сәрсекенов Т.Б.       -  "Балық" мемлекеттiк акционерлiк
                              компаниясының президентi
     Тұрысбеков З.К.       -  Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi
                              /келiсiм бойынша/
     Шәменов А.М.          -  Қазақстан Республикасы Министрлер
                              Кабинетiнiң жанындағы Гидрометеорология
                              жөнiндегi бас басқарманың бастығы
     Шаухаманов С.         -  Қызылорда облысының әкiмi /келiсiм
                              бойынша/
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады