Қазақстан Республикасы астығының мемлекеттiк ресурсы жөнiндегi Ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 13 маусымдағы N 815 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы астығының мемлекеттiк
ресурсы жөнiндегi
Ереже
1. Қазақстан Республикасы астығының мемлекеттiк ресурсы (бұдан ары - мемлекеттiк ресурсы) азық-түлiк, тұқымдық және жемдiк мақсаттар үшiн астыққа мемлекеттiк мұқтажды қанағаттандыру үшiн қалыптасады.
2. Мемлекеттiк ресурсқа астық сатып алу көлемiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi және ол контракттық негiзде астық сатып алу есебiнен қалыптасады.
3. Мемлекеттiк ресурсқа астық сатып алу жөнiндегi тапсырысшы қызметi өз жұмысын "Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясының мәселелерi" жөнiндегi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 25 сәуiрдегi N 549 қаулысына және Корпорация жарғысына сәйкес ұйымдастыратын, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша мемлекеттiк ресурсқа астық сатып алуға тапсырыстарды орналастыратын және Қазақстанның халықаралық агроөнеркәсiптiк биржасы арқылы дайындаушы астық компанияларының белгiленген шеңберiмен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген жағдайда тiкелей астық қабылдау кәсiпорындарымен жасалған контракттар негiзiнде оларды сатып алуды қамтамасыз ететiн Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясына (бұдан ары - Корпорация) жүктеледi. Дайындау ұйымдары өз кезегiнде республика биржаларында тiркей отырып, ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерден астық сатып алуға шарттар жасайды.
4. Астықтың мемлекеттiк ресурсы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлеген тәртiппен арнаулы тұтынушылардың қажетiн қамтамасыз ету, сақтандыру және жұмылдырушы қорларды қалыптастыру мен республиканың басқа да мұқтаждарына орталықтандырылған түрде пайдаланады.
Астықтың мемлекеттiк ресурсын пайдаланудың аталған тәртiбiн сақтау үшiн жауапкершiлiк Корпорацияға, жергiлiктi әкiмдерге және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне жүктеледi.
5. Мемлекеттiк ресурсқа астық сатып алу үшiн қаржы ресурстары мыналардан:
республика бюджетiнiң қаржысынан;
мемлекет меншiгi болып табылатын материалдық-техникалық ресурстарды тартудан;
банктердiң кредиттерiнен;
мемлекет мұқтажы үшiн сатып алынатын өнiмдер құнының сомасына жiберiлетiн банк вексельдерiнен;
тауар өндiрушiлердi 40 проценттiк аванстау жағдайы барысында үлестiк негiзде коммерциялық құрылымдар қаржысын тартудан құралады.
6. Контракт жасаушы және шартта белгiленген мерзiмде ақшалай және материалдық-техникалық ресурстар алған ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер бiрiншi кезекте Корпорациямен номенклатурадағы және контрактта баяндалған көлемдегi өндiрiлген астықпен есеп айырысады. Оның артығын сату мемлекеттiк ресурсқа астық беруге контракттарды орындаған соң ғана жүзеге асырылады.
7. Фьючерлiк (форвардтық) және басқа контракттар бойынша ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерден астық дайындау, әдеттегiдей, Қазақстан Республикасының желiлiк астық қабылдау кәсiпорындарында жүзеге асырылады.
8. Дайындау процесiнде астық қабылдау кәсiпорындары ПК-10 тiркелген қабылдау квитанциясын қоса отырып, астықтың салмағын, құнын және өз реквизиттерiн көрсетiп 5 күнде (сатып алу күнiнен бастап) сатып алынған астық жөнiнде Корпорацияға хабарлап отырады. Дайындау аяқталған соң астықтың мемлекеттiк ресурсын сақтауға Корпорация мен астық қабылдау кәсiпорындары арасында шарт жасалады.
9. Астық қабылдау кәсiпорындары мемлекеттiк ресурс астығы мен дайын өнiмдердiң сандық-сапалық сақталуын қамтамасыз етедi және оны тек Корпорацияның рұқсатымен ғана сатады. Олар Корпорация алдында Қазақстан Республикасының Мемстаткомы бекiткен есеп беру нысанына сәйкес астық өнiмдерiнiң мемлекеттiк ресурсының қолда барына, қозғалысы, сапасы мен шығыны жөнiнде есеп бередi.
Мемлекеттiк ресурс астығы мен дайын өнiмдерiн сатудың басқа тәртiбiн қолданған жағдайда астық қабылдау кәсiпорындары Қазақстан Республикасының заңдарына және контракт шарттарына сәйкес жауапты болады.
10. Заңды тұлға - мемлекеттiк ресурс астығын сатып алушылар Корпорацияға белгiленген нысан бойынша республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар мен кәсiпорындардың немесе оларға теңестiрiлген тұтынушылардың сатып алынатын астықты түпкi мақсатқа пайдалануын куәландыратын құжатты ұсынады. Ұсынған құжаттар мен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң шешiмi негiзiнде Корпорация алдын-ала төлем жасау шартымен астықты сатып алу-сатуға шарт жасайды. Республикалық арнаулы тұтынушылар мемлекеттiк ресурс астығын тек өз тұтыну үшiн пайдаланылады.
11. Мемлекеттiк ресурс астығының қозғалысы мен мақсатты пайдалануына есеп пен бақылау жасауды Корпорация жүзеге асырады.
12. Корпорация астық сатып алушылардан өз шотына ақша сомасы түскен соң астық қабылдау кәсiпорындарына астық сатып алу үшiн олар алған қаржы ресурстарын өтеуге Корпорация шотынан қаражатты бiр мезгiлде аудара отырып, астық босатуға рұқсат бередi.
13. Кредит ресурстары мен олардың проценттерiн қайтару тәртiбi Корпорация мен банк арасында жасалған шартпен белгiленедi.
14. Мемлекет мұқтажы үшiн астық сатып алуға алынған қаржыны бюджетке қайтару астық қабылдау кәсiпорындарының астықты ұқсату және басқа да сату үшiн босату жағдайына орай жүргiзiледi. Аталған қаржыны Корпорация республикалық бюджетке аударады.
15. Бюджет қаржысын дұрыс пайдалануға, сондай-ақ аталған қаржының бюджетке қайтарылуына бақылау жасауды Корпорация, қаржы бақылау органдары, салық инспекциялары жүзеге асырады.
16. Корпорация мемлекеттiк ресурс астығын және оның ұқсатылған өнiмдерiн сату кезiнде оның жалпы құнынан 3 процентке дейiн комиссиялық алым алады және бұл қаржыны Корпорация аппаратын ұстауға және оның материалдық-техникалық базасын нығайтуға байланысты ағымдағы шығындарға жұмсайды. <*>
ЕСКЕРТУ. 16-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМ-нiң 1995.10.19.
N 1352 қаулысымен. P951352_
17. Мемлекеттiк ресурс астығын сақтайтын астық қабылдау кәсiпорындары ай сайын есеп беретiн айдан кейiнгi айдың 10-ына дейiн бюджет қаржысы есебiнен дайындалған мемлекет мұқтажына арналған астық және басқа ауыл шаруашылығы өнiмдерiн сату көлемi жөнiнде және республикалық бюджет кiрiсiне тиiстi қаржы органдары мен салық инспекциялары 5 күн iшiнде тексерiп, облыстық қаржы басқармасына, облыстық салық инспекциясына және облыстардағы Корпорация өкiлiне қайтаруға тиiстi қаржы жөнiнде есеп ұсынатын болады. Олар өз кезегiнде тиiстi қаржы жөнiнде есеп ұсынатын болады. Олар өз кезегiнде, тексеруден кейiн әр айдың 20-на дейiн облыс бойынша деректердi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Корпорацияға жiбередi.
18. Корпорация республика бойынша мемлекеттiк ресурстан астықты пайдалану жөнiндегi деректердi қорытып, талдап отырады және оның нәтижелерi туралы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне хабарлап отырады.