Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң ақшалай табысы (еңбекақасы) туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң ҚАУЛЫСЫ 1995 жылғы 15 маусым N 829. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.12.25. N 1620 қаулысымен.

      "1995 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 15 наурыздағы N 2120 Заң күшi бар Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамының негiзгi үлгiлiк лауазымдары бойынша лауазымдық жалақыларының схемасы N 1-7 кестелерге, және басшы құрамның арнаулы әскери атақтары жоқ iшкi iстер органдары қызметкерлерiне N 8 кестеге сәйкес бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулының күшi iшкi iстер органдарының қарамағындағы республикадан тысқары жерлерге iссапарға жiберiлген iшкi iстер органдарының кадрларында қалдырыла отырып, республиканың өкiлеттi және атқару органдарына, министрлiктер мен ведомстволарға немесе оларға қарасты кәсiпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға iссапарға жiберiлген, сондай-ақ iшкi iстер органдары жүйесiнiң оқу орындарына оқуға кеткен қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға да қолданылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Iшкi істер министрiне осы қаулымен күшiне енгiзiлген жалақыларға сәйкес барлық басқа лауазымдар бойынша лауазымдық жалақылар белгiлеу құқы берiлсiн.
      4. "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдары жеке құрамының ақшалай табысын (айлықақысын) арттыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 28 желтоқсандағы N 1088 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      12-қосымшаның "Ерекше қызмет жағдайы үшiн үстемеақылар, қосымшаақылар және басқа төлемдер" бөлiмi мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:
      "12. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi ерекше жағдайдағы қызмет үшiн өзге де үстемеақылар мен қосымша төлемдердi бекiте алады. Мұндай жағдайда үстемеақылар мен қосымша төлемдердi жалпы мөлшерi айлық лауазымдық жалақының 40 процентiнен аспауы тиiс"
      5. "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң ақшалай табысы (еңбекақысы) туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 2 желтоқсандағы N 1364 қаулысының 1-3 тармақтарының күшi жойылған деп танылсын.
      6. Осы қаулы 1995 жылдың наурызынан бастап күшiне енгiзiлсiн.
     Қазақстан Республикасы
       Премьер-министрiнiң
       бiрiншi орынбасары


                                       Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 15 маусымдағы N 829 қаулысына 1-кесте


           Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiнiң орталық

         аппараты басшы құрамының лауазымдық жалақылары
__________________________________________________________________
                    Лауазым                    | Айлық лауазымдық
                                               | жалақы (теңгемен)
_______________________________________________|__________________
  Министр                                             4600
  Министрдiң бiрiншi орынбасары                       4200
  Министрдiң орынбасары                               4000
  Бас басқарма бастығы                                3750
  Бас басқарма бастығының орынбасары,
  дербес басқарманың бастығы                          3400
  Бас басқарма құрамындағы басқарманың бастығы,
  дербес басқарманың орынбасары,
  министрдiң көмекшiсi                                3250
  Бас басқарма және дербес басқарма бөлiмiнiң
  бастығы, министрдiң кеңесшiсi                       3000
  Бас басқарма құрамындағы басқарма бөлiмiнiң
  бастығы                                             2900
  Министрдiң консультанты                             2750
  Бас басқарма бастығының көмекшiсi, Ерекше
  маңызды iстер жөнiндегi аға тергеушiсi,
  ерекше маңызды iстер жөнiндегi аға жедел өкiл,
  бас маман, бас ревизор, ерекше тапсырмалар
  жөнiндегi аға инспектор, бөлiмше бастығы            2650
  Аға: тергеушi, жедел өкiл, сарапшы, инспектор,
  инженер,ревизор,нұсқаушы,қызметкер                  2400
  Тергеушi,жедел өкiл, сарапшы,инспектор, инженер,
  ревизор,нұсқаушы,қызметкер                          1900

     Ескертпе: 1. Осы кестедегi лауазымдық жалақылар жедел қызмет
бас басқармасы, бас күзет басқармасы, жедел техникалық басқарма,
ақпарат орталығы, арнаулы ғылыми-зерттеу лабораториясы
аппаратының басшы құрамының адамдарына қолданылады.
     2. Қазақстан Республикасы Iшкiiсминi жанындағы ҚББ үкiмет
мекемелерi мен дипломатиялық өкiлдiктердi күзету жөнiндегi
милиция полкы қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары 15 процентке
арттырылады.


                                        Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 15 маусымдағы N 829 қаулысына 2-кесте

         Облыстық iшкi iстер басқармалары, Алматы қалалық
          iшкi iс бас басқармасы, көлiктегi iшкi iстер
         басқармасы басшы құрамының лауазымдық жалақылары
_________________________________________________________________
                                               | Айлық лауазымдық
                     Лауазым                   | жалақы (теңгемен)
_______________________________________________|_________________
  Iшкi iстер бас басқармасының (басқармасының)
  бастығы                                             3400
  Iшкi iстер бас басқармасы (басқармасы) бастығының
  бiрiншi орынбасары                                  3000
  Iшкi iстер бас басқармасы (басқармасы)
  бастығының орынбасары                               2900
  Басқарма, штаб бастығы                              2600
  Дербес бөлiм, штаб бастығы                          2500
  Басқарма, штаб бастығының орынбасары                2400
  Дербес бөлiм, штаб бастығының орынбасары            2250
  Басқарма бөлiмiнiң бастығы                          2150
  Басқарма бөлiмi бастығының орынбасары               2050
  Ерекше маңызды iстер жөнiндегi аға тергеушi,
  ерекше маңызды iстер жөнiндегi аға жедел өкiл,
  бас маман, ерекше тапсырмалар жөнiндегi аға
  инспектор                                           2000
  Аға: тергеушi,жедел өкiл,сарапшы,инспектор,
  инженер,ревизор,нұсқаушы,қызметкер                  1900
  Тергеушi,жедел өкiл, инспектор,инженер,ревизор,
  нұсқаушы,қызметкер                                  1500



      Ескертпе: 1. Осы кестедегi лауазымдық жалақылар, жедел қызмет, күзет басқармалары (бөлiмдерi), ақпарат орталықтарындағы басшы құрамындағы адамдарға қолданылады.
      2. Алматы қаласының IIББ, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Iшкiiсминнiң Алматы қаласы және Алматы облысының ұйымдасқан қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi бас басқармасы қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары 15 процентке арттырылды.
                                        Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 15 маусымдағы N 829 қаулысына 3-кесте

         Ленинск қалалық iшкi iстер басқармасы басшы
              құрамының лауазымдық жалақылары
__________________________________________________________________
                                               | Айлық лауазымдық
                   Лауазым                     | жалақы (теңгемен)
_______________________________________________|__________________

  Басқарма бастығы                                    3000
  Басқарма бастығының бiрiншi орынбасары              2800
  Басқарма бастығының орынбасары                      2600
  Бөлiм бастығы                                       2400
  Ерекше маңызды iстер жөнiндегi аға тергеушi,
  кәмелетке толмағандар iсi жөнiндегi
  инспекцияның,еңбекпен түзеу жұмысы 
  инспекциясының бастығы                              2000
  Аға: тергеушi, жедел өкiл, сарапшы,инспектор,
  инженер,инспектор-кезекшi,мемлекеттiк
  автоинспектор, нұсқаушы                             1900
  Тергеушi,жедел өкiл,сарапшы,инспектор,
  инженер,инспектор-кезекшi,мемлекеттiк
  автоинспектор,нұсқаушы                             1500

     Ескертпе: Осы кестедегi лауазымдық жалақылар жедел қызмет,
күзет бөлiмдерiнiң (бөлiмшелерiнiң), ақпарат орталығы басшы
құрамының адамдарына қолданылады.


                                       Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 15 маусымындағы N 829 қаулысына 4-кесте

         Қалалық және аудандық iшкi iстер басқармалары,
         аудандық iшкi iстер бөлiмдерi басшы құрамының
                   лауазымдық жалақылары
__________________________________________________________________
                                               | Айлық лауазымдық
                   Лауазым                     | жалақы (теңгемен)
_______________________________________________|__________________
  Қалалық iшкi iстер бөлiмiнiң, аудандық iшкi
  iстер басқармасының бастығы                         2250
  Қалалық iшкi iстер бөлiмi, аудандық iшкi iстер
  басқармасы бастығының орынбасары                    2000
  Аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң бастығы               1900
  Аға: тергеушi,жедел өкiл,сарапшы,анықтау
  инспекторы, инженер,инспектор-кезекшi,
  милицияның учаскелiк инспекторы,мемлекеттiк
  автоинспектор, қызметкер,нұсқаушы                   1500
  Тергеушi, жедел өкiл, сарапшы, инспектор,
  анықтау инспекторы, инженер, инспектор-кезекшi,
  милицияның учаскелiк инспекторы,мемлекеттiк
  автоинспектор, қызметкер, нұсқаушы                  1400

     Ескертпе: Осы кестедегi лауазымдық жалақылар, жедел қызмет,
күзет бөлiмдерi, бөлiмшелерi, Қазақстан Республикасы
Iшкiiсминiнiң 8-шi басқармасының бағынысты бөлiмшелерi басшы
құрамының адамдарына қолданылады.
     2. Алматы қаласының IIББ аудандық басқармалары, бөлiмдерi
мен бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары 15
процентке арттырылады.


                                        Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 15 маусымдағы N 829 қаулысына 5-кесте

         Қазақстан Республикасы Iшкiiсминi жоғары оқу орындары
               басшы құрамының лауазымдық жалақылары
__________________________________________________________________
                                               | Айлық лауазымдық
                   Лауазым                     | жалақы (теңгемен)
_______________________________________________|__________________
  Мектеп, училище бастығы                             3400
  Мектеп, училище бастығының бiрiншi орынбасары       3100
  Мектеп, училище бастығының орынбасары; жоғары
  академиялық курстардың (ЖАК) бастығы                3000
  Мектеп, училище факультетiнiң бастығы; жоғары
  академиялық курстар (ЖАК) бастығының орынбасары     2900

           Профессор-оқытушылар құрамы
  Кафедра бастығы                                     2900
  Кафедра бастығының орынбасары                       2650
  Профессор                                           2450
  Доцент                                              2400
  Аға оқытушы                                         2200
  Оқытушы                                             1900

     Ескертпе: АЖМ, АЖТУ және ҚЖМ қызметкерлерiнiң лауазымдық
жалақылары 15 процентке арттырылады.


                                       Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 15 маусымдағы N 829 қаулысына 6-кесте

         Қазақстан Республикасы Iшкiiсминi орта арнаулы оқу
           орындары басшы құрамының лауазымдық жалақылары
__________________________________________________________________
                                               | Айлық лауазымдық
                   Лауазым                     | жалақы (теңгемен)
_______________________________________________|__________________
  Мектеп (училище) бастығы                            3200
  Мектеп (училище) бастығының орынбасары              2750
  Цикл (факультет) бастығы                            2250
  Аға оқытушы                                         2000
  Оқытушы                                             1750

     Ескертпе. Көп деңгейде даярлайтын арнаулы орта оқу
орындарының профессор-оқытушылар құрамының лауазымдық жалақылары
10 процентке арттырылады.


                                       Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 15 маусымдағы N 829 қаулысына 7-кесте

         Iшкi iстер органдарының қатардағы және кiшi
        басшы құрамы адамдарының лауазымдық жалақылары
__________________________________________________________________
                                               | Айлық лауазымдық
                   Лауазым                     | жалақы (теңгемен)
_______________________________________________|__________________
______________________1________________________|________2_________
  Кiшi қылмысты iздестiру жөнiндегi өкiл,
  экономикалық қылмыспен күресу жөнiндегi жедел
  өкiл, инспектор-кинолог,алып жүру қызметi
  инспекторы,екiншi арнаулы топ инспекторы,
  күзет инспекторы, әскери және арнаулы 
  жабдықтар базаларының әскерилендiріл.
  ген өрттен қорғау инспекторы, жедел 
  байланыс инспекторы; "ҰҚ" бұйымдары қоймасы.
  ның,қару-жарақ қоймасының (өзi әрi қару
  шеберi), әскери және арнаулы жабдықтау базасы
  секциясының меңгерушiсi; саптағы атты бөлiмше.
  нiң, қызмет иттерiн өсiру орталық питомникте.
  рiнiң мал дәрiгерi; барлық атаудағы техниктер:
  тергеушiнiң кезекшiнiң, взвод командирiнiң
  көмекшiлерi; жол-күзет қызметiнiң,ауысымның
  аға инспекторы, өндiрiстiк оқыту, жүргiзу және
  практикалық жүргiзу, әскери дене шынықтыру
  даярлығы жөнiндегi нұсқаушы; тексеру жөнiндегi
  кезекшi; бөлiмше, катер командирi; бөлiмше
  старшинасы
     а) I тарифтiк топтағы қалалар                    1450
     ә) қалған елдi мекендер                          1400
  Милиционерлер: арнаулы және айрықша мақсаттағы
  отрядтың, орталықтандырылған қызмет пунктiнiң
  тұтқынға алу тобының, күзет-пост қызметiндегi;
  арнаулы мақсаттағы отряд мергенi; арнаулы
  мақсаттағы отрядтың шабуылдау тобының
  жауынгерi, арнаулы мақсаттағы отрядтың
  жарушысы, кәмелетке толмағандар үшiн қабылдап
  -бөлу тәртiбi жөнiндегi аға кезекшi, жол-күзет
  қызметiнiң инспекторы, аға моторист, шебер,
  тұтқа басқарушы, механик
     а) I тарифтiк топтағы қалалар                    1400
     ә) қалған елдi мекендер                          1300
  Милиционер (жалақысы осы кестенiң 1-2 тармақ.
  тарымен белгiленген милиционер лауазымынан
  басқа) кәмелетке толмағандарға арналған
  қабылдау-бөлу тәртiбi жөнiндегi кезекшi:
     а) I тарифтiк топтағы қалалар                    1300
     ә) қалған елдi мекендер                          1250
  Қару шеберi, IIМ жоғары оқу орындары тирiнiң
  бастығы, аға шебер (оқу-өндiрiстiк шеберха.
  наның меңгерушiсi), аға өндiрiстiк оқу шеберi,
  диспетчер байланысы кезекшiсi, бақылау-өткiзу
  пунктi мен Iшкiiсминiнiң әскери және арнаулы
  жабдықтау базаларының бақылаушысы
     а) I тарифтiк топтағы қалалар                    1250
     ә) қалған елдi мекендер                          1200
  Жүргiзушi қызметкер:
     а) I тарифтiк топтағы қалалар                    1300
     ә) қалған елдi мекендер                          1250
  Қалалар мен аудандардағы әскерилендiрiлген өрт
  сөндiру қызметi:
     а) аға нұсқаушы: химиялық және радиациялық
  барлаудың, құтқарушылардың; өрт сөндiру
  машинасының жүргiзушiсi; күзеттiң аға технигi,
  старшина, аға жүргiзушi, радиостанция бастығы,
  аға сүңгушi                                         1400
     ә) бөлiмше командирi, аға: шебер, моторист,
  респираторшы, механик, жүргiзушi, жеке қарауыл 
  бастығы, оқыту-әскери машинасының жүргiзушiсi,
  газ-түтiннен қорғау қызметiнiң аға нұсқаушысы       1300
     б) аға: өрт сөндiрушi, жарық берушi,
  радиотелеграфшы, моторист, тұтқа басқарушы,
  электрик (өрт сөндiру кемесiнде),машинист,жеке
  постының бастығы, респираторшы, құтқарушы-
  шебер                                               1250
     в) IIМ әскерилендiрiлген өрттен қорғау қыз.
  метiнiң кезек күттiрмейтiн авариялық-құтқару
  жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi аймақтық арнаулы
  отрядтың өрт сөндiрушiсi, радиотелеграфшысы,
  диспетчерi, аспазы; радиотелефоншы, жарық
  берушi, сүңгушi, химик-дозиметршi                   1200
  Еңбекпен түзеу мекемелерi,тергеу изоляторлары,
  ұсталатын адамдары қатаң бақыланып және
  қадағаланатын психиатриялық ауруханаларды
  күзету бөлiмдерi
     а) өрт сөндiрушi                                 1200
     ә) аға өрт сөндiрушi                             1250
     б) бақылаушылар: тергеу изоляторының,
  еңбекпен тәрбиелеу колониясының, ұсталатын
  адамдары қатаң бақыланып, қадағаланатын
  психиатриялық ауруханаларды күзету
  бөлiмдерiнiң                                        1300
     в) аға бақылаушылар: тергеу изоляторының,
  ұсталатын адамдары қатаң бақыланып, қадағала.
  натын психиатриялық ауруханаларды күзету
  бөлiмдерiнiң; еңбекпен тәрбиелеу колониясы
  қарауылының бастығы                                 1400
     г) тергеу изоляторының аға корпусшысы            1450
     ғ) түрме бақылаушысы                             1400
     д) аға түрме бақылаушысы                         1450
     е) аға түрме корпусшысы                          1450



      Ескертпе: 1. "Милиционер-жүргiзушi", "Милиционер моторист", "Милиционер-кинолог", "Милиционер-атты жауынгер" лауазымдары бойынша айлық лауазымдық жалақылар тиiстi бөлiмшелердегi "милиционер" лауазымы бойынша осы схемада көзделген мөлшерде белгiленедi.
      2. "Өрт сөндiрушi-моторист", "өрт сөндiрушi-радиотелеграфшы", "аға өрт сөндiрушi- жарық берушi", "аға өрт сөндiрушi-радиотелеграфшы", "аға өрт сөндiрушi-жарық берушi", лауазымдары бойынша айлық лауазымдық жалақылар тиiстi бөлiмшелердегi "өрт сөндiрушi"және "аға өрт сөндірушi" лауазымдары бойынша осы кестеде көзделген мөлшерде белгiленедi.
      3. Осы кестедегi лауазымдық жалақылар Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiнiң 8-басқармасына жедел қызмет, күзет басқармаларының (бөлiмдерiнiң), бөлiмшелерiнiң қатардағы және кiшi басшы құрамындағы адамдарына таралады.
      4. Алматы қалалық IIББ мен Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiнiң ұйымдасқан қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнiндегi бас басқарманың Алматы қаласы бойынша басқармасының қатардағы және кiшi басшы құрамындағы адамдардың лауазымдық жалақылары 15 процентке арттырылады.
      5. Қазақстан Республикасы Iшкiiсминi жанындағы КББ үкiмет мекемелерi мен дипломатиялық өкiлеттiктердi күзету жөнiндегi милиция полкiнiң қатардағы және кiшi басшы құрамындағы адамдардың лауазымдық жалақылары 15 процентке арттырылады.
      6. Көлiктегi iшкi iстер бөлiмшелерiнiң қатардағы және кiшi басшы құрамының лауазымдық жалақылары 1-тарифтiк топ бойынша белгiленедi.
                                        Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 15 маусымдағы N 829 қаулысына 8-кесте

         Iшкiiсминi, Алматы қалалық IIББ, Ленинск қалалық IIБ,
         облыстардың IIБ, көлiктегi iшкi iстер басқармалары
        (бөлiмдерi) мен басқа да iшкi iстер органдары бөлiмшелерi
         аппараттарының басшы құрамының арнаулы әскери атақтары
              жоқ қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары
__________________________________________________________________
                                     |  Айлық лауазымдық жалақы
                                     |        (теңгемен)
                                     |____________________________
                                     |         |Алматы қ.  |
            Лауазым                  |         |IIББ,облыс.|
                                     | Iшкiiс. |тардың IIБ,|қалған
                                     | минi ап.|КIIБ,Ленин.|бөлiм.
                                     | параты  |ск IIБ аппа|шелер
                                     |         | раты      |
_____________________________________|_________|___________|______
  Бас бухгалтер, бөлiм бастығы (қаржы
  бөлiмiнiң бастығы), бас ғылыми
  қызметкер                              2750      2600      2500
  Бас бухгалтердiң орынбасары, бөлiм
  бастығының орынбасары (қаржы бөлiмi
  бастығының орынбасары)                 2700      2500      2150
  Бухгалтерияның есеп тобының жетек.
  шiсi, бөлiмшенiң, мекен-жай анықта.
  ма бюросының бастығы, басқарманың,
  бөлiмнiң бас бухгалтерi                 2650      2400      2000
  
  Бөлiмше, мекен-жай анықтама бюросы
  бастығының орынбасары, бас маман       2500      2000      1600
  Жетекшi маман                          2400      1900      1500
  1 санаттағы маман                      1900      1500      1400
  2 санаттағы маман                      1750      1300      1250
  Маман                                  1600      1250      1100

                                             8-кестенiң жалғасы
                        Қызметшiлер
__________________________________________________________________
                                         | Айлық лауазымдық жалақы
                                         |       (теңгемен)
                                         |________________________
              Лауазым                    | Iшкiiсминi,Ал.|
                                         | маты қ. IIББ, | қалған
                                         | Ленинск қ.IIБ,| бөлiм.
                                         |    ҚIIБ       | шелер
_________________________________________|_______________|________
  Меңгерушiлер: кеңсе, архив                   1500         1250
  Аға: инспектор , кассир, статист, нұс.
  қаушы, барлық атаулардағы техниктер,
  архившi, паспортшы, картотекшi, тiр.
  кеушi; жауапты хатшы; меңгерушiлер:
  машина басу бюросының, көшiрме-көбейту
  бюросының                                    1250         1100
  Меңгерушiлер: экспедиция, шаруашылық,
  жатақхана, қойма, асхана, фотолаборато.
  рия, кабинет iс жүргiзу; кабинет басты.
  ғы; инспектор, статист, нұсқаушы,
  архившi, паспортшы, қазынашы (кассир),
  сызушы; барлық атаулардағы техниктер,
  картотекшi                                   1100          900
  Аға iс жүргiзушi, комендант, суретке
  түсiрушi                                     800           800
  Iс жүргiзушi, архившi                        650           650
  1 санаттағы стенографшы                     1250          1250
  2 санаттағы стенографшы,стенографшы-хат.
  шы, 1 санаттағы машинка басушы, диктофон
  тобының машинка басушысы                     1100         1100
  2 санаттағы машинка басушы, хатшы-машин.
  ка басушы, хатшы                              800          800
  Экспедитор                                    600          600

     Ескертпе: 1. Алматы қалалық IIББ қызметкерлерiнiң лауазымдық
жалақысы 15 процентке арттырылады.


      2. Қазақстан Республикасының Iшкiiсминi жанындағы КББ үкiмет мекемелерi мен дипломатиялық өкiлеттiктердi күзету жөнiндегi милиция полкы қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысы 15 процентке арттырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады