"Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерi негiзiнде табиғи тасты өндiру және өңдеу жөнiндегi өндiрiстi ұйымдастыру" жобасын жүзеге асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 16 маусымдағы N 832

      Республиканың экспорттық әлеуетiн арттыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң арнайы құрамын еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, еңбекпен түзеу мекемелерiнiң өнеркәсiптiк өндiрiсiн дамыту мақсатында және "Қазақстан Республикасының экономикасына шетелдiк капиталды тарту процестерiн мемлекеттiк басқару мен реттеудiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 қаңтардағы N 2035 Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi бас басқармасы мен германдық "Кляйм ГмбХ" фирмасы арасында жасалып, қол қойылған, жалпы сомасы 25 (жиырма бес) миллион АҚШ доллары болатын табиғи тасты өндiру мен өңдеу жөнiндегi құрал-жабдықтар берiлуi контракты мақұлдансын.
      2. "Кляйм ГмбХ" фирмасының контракты бойынша берiлген құрал-жабдықтармен өндiрiлген өнiмнiң 50 процентiн үш жыл бойы сатып алуға мiндеттеме алғаны назарға алынсын.
      3. Осы контрактыны қаржыландыру Қазақстан Республикасына берiлген германдық кредит жүйесi шеңберiнде жүргiзiлсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi:
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiне барлық қажеттi кепiлдiктердi табыс етсiн;
      авансты, кредиттiң негiзгi сомасын, сақтандыру жарнасын, қызмет көрсететiн банктерге комиссиялық төлемдi, сондай-ақ өсiмдердi өз қаржысы есебiнен төлеудi қамтамасыз етсiн;
      5. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi:
      Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Қылмыстық атқару жүйесi бас басқармасы үшiн құрал-жабдықтар берiлуiне жасалған контрактыға сәйкес Германияның кредит берушi банкiмен жеке кредит келiсiмiн жасасын;
      Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару бас басқармасымен iшкi кредит келiсiмiн жасасын;
      "Қазақстан Республикасына шетелдiк кредиттердi тарту жөнiндегi жұмыстарды реттеу жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 8 ақпандағы N 139 қаулысымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасына немесе Қазақстан Республикасының кепiлдiгiмен берiлетiн шетелдiк инвестицияларды және тауар кредиттерiн тарту, пайдалану және есепке алу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының кепiлдiктерiн беру туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiм жасасын;
      берешектердi уақтылы төлеудi қамтамасыз ету үшiн кредит келiсiмiнiң күшiн тоқтатуға дейiн барлық қажеттi шараларды қолдансын;
      төлемдердi төлеу мерзiмi өткен жағдайда Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi бас басқармасының банктiк есепшоттарындағы теңгелiк және валюталық қаржысын берешектердi өтеу есебiне жiберуге рұқсат етсiн.
      6. Қазақстан Республикасының қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiнiң мiндеттемелерi негiзiнде кредит берушi банкiге осы жоба бойынша Үкiмет кепiлдiгiн берсiн.
      7. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитет, Iшкi iстер министрлiгi, Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасының Экспорт-импорт банкi шешiмi жобаны тиiмдi жүзеге асыру үшiн қажеттi барлық мәселелер бойынша өз ұсыныстарын

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қарауына уақтылы
енгiзетiн болсын.
     8. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы
Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитетке жобаны жүзеге
асыруға бақылау жасау жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасы
      Премьер-министрiнiң
      бiрiншi орынбасары
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады