"Фармация" мемлекеттiк акционерлiк холдинг компаниясының республикалық бюджетке берешектерi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 16 маусымдағы N 837

      "Фармация" мемлекеттiк акционерлiк холдинг компаниясының Ресей Федерациясының кредитi, шетелдiк кредиттiк желiлер мен орталықтандырылған қаржы көздерi бойынша республикалық бюджетке пайда болған берешектерiн қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының қаржы министрлiгi:
      "Фармация" мемлекеттiк акционерлiк холдинг компаниясы мен республикалық бюджет арасындағы 184,52 млн (жүз сексен төрт миллион бес жүз жиырма мың) сомадағы теңгенi, соның iшiнде Ресей Федерациясының кредитi жөнiндегi берешектерi бойынша 147,16 млн. (жүз қырық жетi миллион жүз алпыс мың) сомадағы теңгенi және 1995 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша шетелдiк кредиттi желiлер мен орталықтандырылған қаржы көздерiнiң 37,36 млн. (отыз жетi миллион үш жүз алпыс мың) сомадағы теңгесiн бiржолғы есепке алуды жүргiзсiн;
      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне бағыныстағы республикалық денсаулық сақтау мекемелерiнiң дәрi-дәрмектер сатып алуға арнап бюджет қаржысынан көзделген осы сома шегiндегi, оны бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсете отырып, "Фармация" мемлекеттiк акционерлiк холдинг компаниясына дәрi-дәрмектер үшiн берешектерi есепке алынсын.
      2. "Фармация" мемлекеттiк акционерлiк холдинг компаниясы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне бағынысты республикалық денсаулық сақтау мекемелерiнiң дәрi-дәрмек жеткiзiлiмi үшiн кредиторлық берешектерiн дәрi-дәрмектер сатып алуға көзделген бюджет қаржысының есебiне алсын.
      3. "Фармация" мемлекеттiк акционерлiк холдинг компаниясы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне бағыныстағы республикалық денсаулық сақтау мекемелерiнiң дебиторлық берешектерiн Ресей Федерациясының кредитi, шетелдiк кредиттiк желiлер және орталықтандырылған қаржы көздерi бойынша республикалық бюджетке кредиторлық берешектерiн өтеудiң есебiне жатқызсын.
      4. Қазақстан Республикасының қаржы министрлiгi осы қаулыға

сәйкес есепке алуға қабылданған сомалар бойынша Ресей Федерациясының
кредитi, шетелдiк кредиттiк желiлер және орталықтандырылған қаржы
көздерi бойынша берешектердi кейiн өтеуге арналған қаражатты
бюджеттiк шығындарда ескерсiн.

     Қазақстан республикасы
      Премьер-министрiнiң
      бiрiншi орынбасары
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады