Жалпы мемлекеттiк пайдаланыстағы жүйеге арналған байланыс жабдықтарына кеден бажының ставкаларын белгiлеу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 19 маусым N 841. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Мемлекеттiк телекоммуникациялар жүйесiн кешендi жаңарту мен жалпы пайдаланыстағы жүйе абоненттерi үшiн көрсетiлетiн байланыс қызметiне арналған тарифтер деңгейiнiң тұрақтылығын сақтап қалу үшiн және "Қазақстан Республикасының импортталатын тауарларға кеден тарифi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 11 қаңтардағы  N 1498 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-i, 1994 ж., N 2, 14-бап) 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
     Импортталатын байланыс аппаратурасына,коммутациялық автоматты телефон станцияларына, сым, радиореле және жер серiгiнiң байланыс жүйесiне арналған жабдықтарға, радиобайланыс пен радиохабарын таратудың қабылдау-тарату құрылғысы, жалпы пайдаланылатын мемлекеттiк жүйенiң объектiлерiнде орнатуға арналған телефон және телеграф аппараттарына (тауарлардың ТН СЭҚ бойынша коды 8517) кеден тарифi 0 процент мөлшерiнде белгiленсiн.

         Қазақстан Республикасының  
         Премьер-министрiнiң 
         бiрiншi орынбасары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады