Қазақстан Республикасының Премьер-министрi, Премьер-министрдiң орынбасарлары және Министрлер Кабинетi Аппараты Басшысының арасында мiндеттердi бөлу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 8 тамыз N 1103. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.08.20. N 1031 қаулысымен.


     Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
     Қазақстан Республикасының Премьер-министрi, 
Премьер-министрдiң орынбасарлары және Министрлер Кабинетi 
Аппараты Басшысының арасында мiндеттердi бөлу бекiтiлсiн
(қоса берiлiп отыр).

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi
                                    Қазақстан Республикасы
                                    Министрлер Кабинетiнiң
                                    1995 жылғы 8 тамыздағы
                                      N 1103 қаулысымен
                                             бекiтiлген

            Қазақстан Республикасының Премьер-министрi,
          Премьер-министрдiң орынбасарлары және Министрлер
             Кабинетi Аппараты Басшысының арасында
                        Мiндеттер бөлу

          Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
                  Ә.М.Қажыгелдин



      Министрлер Кабинетiнiң қызметiне тiкелей басшылық жасау, министрлiктердiң, ведомстволардың, басқа да мемлекеттiк басқару органдарының, облыстардың Алматы және Ленинск қалалары әкiмдерiнiң республиканы экономикалық және әлеуметтiк дамыту жөнiндегi жұмысын үйлестiру.
      Реформаларды жеделдету және экономикалық дағдарыстан шығу жөнiндегi Үкiметтiң iс-қимыл бағдарламасын iске асыру.
      Мемлекеттiк инвестициялық саясатты, халықаралық қатынастарды үйлестiру. Сыртқы iстер министрлiгiнiң, Қорғаныс министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Әдiлет министрлiгiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң жалпы мәселелерi, Экономикалық реформалар орталығына басшылық жасау.

             Премьер-министрдiң бiрiншi орынбасары
                      В.Л.Метте

      Материалдық өндiрiс, ғылыми-техникалық прогресс, сыртқы және iшкi сауда, қайталама ресурстарды пайдалану салаларын мемлекеттiк басқару мәселелерi, Министрлер Кабинетi жанындағы Ақпаратты қорғау жөнiндегi мемлекеттiк техникалық комиссияның, Ғылым мен техника жөнiндегi жоғары консультативтiк кеңестiң, әртүрлi тендерлер мен конкурстар өткiзу жөнiндегi комиссиялардың қызметiне басшылық ету.
      Сыртқы экономикалық қызмет, жекелеген кәсiпорындарды шетелдiк инвесторлардың уақытша басқаруына беру мәселелерi.
      Өнеркiсiп және сауда министрлiгi, Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi, Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi, Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi, Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi, Казгеодезия, Мемлекеттiк стандарттау комитетi, Қазпатент, Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгi, Ұлттық аэроғарыш агенттiгi, Қорғаныс өнеркiсiбi жөнiндегi комитетi, Сауда-өнеркәсiп палатасы, Мемлекеттiк аттестациялық комитеттi жұмысының мәселелерi.

            Премьер-министрдiң бiрiншi орынбасары
                  Н.Қ. Есенғарин

      Республика экономикасын жүргiзудiң, аумақтық басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасаудың жалпы және жедел мәсклелерi. Қорғанысминiнiң, шекара әскерлерi мен жұмылдырушылық даярлығының жедел мәселелерi.
      Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы, халық шаруашылығын жұмылдыру даярлығы, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және мемлекеттiк материалдық резервтерi, Азаматтық қорғаныс штабы, Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Құрылысминi, ТМД елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi, Мемкентехқадағалау мемлекеттiк комитетi жұмысының мәселерi.
      Жұмыс берушiлер және кәсiподақтар бiрлестiктерiмен өзара iс-қимыл жасау, әлеуметтiк әрiптестiк мәселелерi, жедел мәселелер, ұйымдық-басқару құралымдары жөнiндегi, Каспий теңiзiнiң проблемалары жөнiндегi комиссияларға басшылық ету және ретiне қарай басқа да мiндеттер.

               Премьер-министрдiң орынбсары
                    В.В.Соболев

      Экономикалық реформаға жедел басшылық жасау.
      Басқару органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру және олардың құрылымын жетiлдiру. Мемлекеттiк мүлiктi басқару мәселелерi мен жекешелендiру мәселелерi. Кедендiк-тариф және монополияға қарсы саясат.
      Республиканың бюджетi мен индикативтi болжам-жоспарларын әзiрлеуге басшылық жасау, олардың орындалуын бақылау, қаржы, валюта және баға саясатын қалыптастыру.
      Жұмыспен қамту, еңбек және жалақы төлеу әлеуметтiк қорғау, кәсiпкерлiктi дамыту мәселелерi.
      Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Еңбек министрлiгi, Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетi, Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитетi, Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi және Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитеттерi, Кеден комитетi, Ұлттық және басқа банктер жұмысының мәселелерi.

             Премьер-министрдiң орынбасары
                    А.С. Есiмов

      Агроөнеркәсiп кешенi және халықты азық-түлiкпен қамтамасыз ету салаларының қызметiн үйлестiру. Ауыл шаруашылығы өндiрiсi мен ауыл шаруашылығы өнiмдерiн ұқсатуды дамыту мақсатында инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру. Табиғатты пайдалану және айналадағы ортаны қорғау мәселелерi.
      Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң, Экология және биоресурстар министрлiгiнiң, Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң, Су ресурстары жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң, Қазгидрометтiң мәселелерi.

             Премьер-министрдiң орынбасары
                 И.Н.Тасмағамбетов

      Iшкi саясат мәселелерi, әлеуметтiк iлiмдi, мәдениет, бiлiм беру, бұқаралық ақпарат құралдары, денсаулық сақтау, туризм спорт саласындағы бағдарламаларды әзiрлеу және жүзеге асыру.
      Әлеуметтiк-саяси процестердi, ұлтаралық қатынастарды зерделеу.
      Бiлiм министрлiгiнiң, Мәдениет министрлiгiнiң, Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгiнiң, Жастар iсi, Туризм және спорт министрлiгiнiң, Денсаулық сақтау министрлiгiнiң, Ұлт саясаты жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң, Авторлық және сабақтас құқықтар жөнiндегi мемлекеттiк агенттiктiң, Қазбасархивтiң, ҚазТАГ, Қазақкинаның, Ұлттық ғылым академиясының, Дiн iстерi жөнiндегi кеңестiң, Қазақстан Республикасы сiңiрген айрықша еңбегi үшiн зейнетақы тағайындау жөнiндегi комиссия Хатшылығының, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Емдеу-сауықтыру бiрлестiгiнiң, Ономастикалық және Терминологиялық комиссиялардың, Министрлер Кабинетi Баспасөз қызметiнiң мәселелерi.

           Премьер-министрдiң орынбасары - Әдiлет министрi
                         Н.А. Шайкенов

      Бiрыңғай құқықтық саясат әзiрлеудi ұйымдастыру, республикада сот-құқық реформасын жүргiзу, нарықтық қатынастарға көшудiң құқықтық актiлерiн әзiрлеу, олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.
      Заңдылық пен құқық тәртiбiн қамтамасыз ету, құқық қорғау органдары жұмысының нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру, оларды ұйымдық және материалдық нығайту, қылмыскерлiкпен күрес мәселелерi; Қазақстан Республикасының заңдары мен басқа да нормативтiк актiлерiн құқықтық сараптауды ұйымдастыру; Министрлер Кабинетi заң шығару бастамашылығы тәртiбiмен енгiзетiн заң жобаларын әзiрлеу; республиканың мүдделерi қозғалатын ТМД-ның нормативтiк актiлерiне заңгерлiк баға беру.
      Министрлер Кабинетiнiң Бас прокуратурамен, Жоғарғы сотпен, Жоғары Төрелiк сотпен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету.
      Әдiлет министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi.

               Аппарат Басшысы Б.М.Сапарбаев

      Министрлер Кабинетiнiң қызметiн қамтамасыз ету жөнiнде Аппарат бөлiмдерiнiң жұмысын ұйымдастыру.
      Министрлiктердiң, ведомстволардың, басқа да мемлекеттiк басқару органдарының, жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн үйлестiру.
      Үкiметтiң нормативтiк актiлерi мен республика Басшылығының тапсырмаларын орындамағаны үшiн министрлiктер мен ведомстволар басшыларын, жергiлiктi әкiмдердi тәртiптiлiк жауапкершiлiгiне тарту туралы ұсыныстар әзiрлеу.
      Министрлер Кабинетiнiң Жоғарғы Кеңеспен, Президент

Аппаратымен және жергiлiктi әкiмдермен өзара iс-қимылын 
қамтамасыз ету.
     Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындайтын
кадрлар жөнiнде ұсыныстарды зерделеу мен енгiзу.

     Министрлер Кабинетiнiң басшылығы өз жұмысын ұйымдастыруда
акционерлiк және холдинг компаниялармен, басқа да республикалық
органдармен, қоғамдық және басқа ұйымдармен қызметтiң өзi
басқаратын бағыттары бойынша өзара iс-қимыл жасайды.

     Министрлер Кабинетi басшыларының бiрiн-бiрi ауыстыруының
мынадай тәртiбi белгiленедi:
                  
     Ә.М.Қажыгелдин         - В.Л.Метте
     В.Л.Метте              - Н.Қ.Есенғарин
     В.В.Соболев            - А.С.Есiмов
     А.С.Есiмов             - И.Н.Тасмағамбетов
     И.Н.Тасмағамбетов      - Н.А.Шәйкенов
                  
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады