Жоюға жататын мемлекет қатысқан мемлекеттiк кәсiпорындар, шаруашылық серiктестiктердiң қызметкерлерiн жұмыспен қамту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 16 тамыз N 1128. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      "Жоюға ұсынылған мемлекет қатысқан мемлекеттiк кәсiпорындар, шаруашылық серiктестiктердi iрiктеудiң тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 мамырдағы N  652  қаулысына сәйкес жоюға жататын мемлекеттiк кәсiпорындар, шаруашылық серiктестiктердiң қызметкерлерiн жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi облыстардың, Алматы қаласының әкiмдерiмен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен тиiстi министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, ведомстволармен және жойылатын кәсiпорындардың өкiлдерiмен бiрлесiп: 
      жойылуға жататын кәсiпорындардың босаған қызметкерлерiн осы елдi мекеннiң немесе облыстың еңбек рыногының қажеттерiне сәйкес келешекте одан әрi жұмысқа орналастыру немесе жеке кәсiпкерлiкпен шұғылдануға қайта оқыту жөнiндегi шараларды жүзеге асырсын; 
      жеңiлдiктi шарттармен бастапқы алғы шарттар (кредиттер, лизинг инвестицияларын, жер учаскелерiн, үй-жайлар, жабдықтар және т.с.с. бөлу) жасау арқылы көмек көрсетсiн; 
      босаған жұмыс күшiнiң бiлiктiлiк құрылымын, сондай-ақ республика кәсiпорындарының шетелдiк жұмыс күшiн пайдаланудың заңдылығын ескерiп, облыс кәсiпорындарында жаңа жұмыс орындарын құру мүмкiндiгiн қарастырсын. Шетелдiк жұмыс күшiн пайдалану туралы заңдар бұзылғаны анықталған жағдайда оларды жою және заңсыз алынған орындарға жоюға жататын кәсiпорындарда босаған азаматтарды жұмысқа орналастыруға көмектесу жөнiнде шаралар қабылдасын; 
      босаған қызметкерлердiң саны 200-ден асатын кәсiпорындарды жою кезiнде бұл кәсiпорындарда босаған қызметкерлердi есепке алу және кәсiптiк бағдарлау жөнiнде уақытша пункттер ашсын. 
      2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 мамырдағы N 652 қаулысына сәйкес құрылған Дәрменсiз кәсiпорындарды сауықтыру және жою жөнiндегi облыстық комиссиялар жоюға жататын кәсiпорындардан босаған қызметкерлердiң еңбегiн одан әрi пайдалану жөнiнде ұсыныстар, сондай-ақ жою комиссиялары мен мемлекеттiк жұмыспен қамтамасыз ету қызметiнiң органдары жүргiзiлген шаралардың әлеуметтiк зардаптарын жеңу жөнiнде ұсынымдар әзiрлесiн.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыстардың, Алматы қалалық әкiмшiлiктерiне және Қазақстан Республикасының еңбек министрлiгiне жүктелсiн.     

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады