Сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi бар қыран құстардың тұқымын сақтап қалу жөнiндегi шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң ҚАУЛЫСЫ 1995 жылғы 21 тамыз N 1150. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000.06.28. N 969 қаулысымен. ~P000969

      Республиканың Қызыл Кiтабына енгiзiлген, сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi бар неғұрлым бағалы қыран құстардың тұқымын сақтап қалуға нұқсан келуiне жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi:
      1. Сұңқардың, Ителгiнiң, Бидайықтың, Лашынның, Тұрымтайдың, Дала қыранының, Бүркiттiң республикадағы саны анықталғанға дейiн оларды аулауға рұқсат беруге, Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге тыйым салсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қызыл Кiтабына енгiзiлген неғұрлым бағалы қыран құстардың санын есепке алуды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдансын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады