1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша құқық қорғау органдарының арнаулы шотын ашатын болсын. <*>
Ескерту. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiдi - ҚРҮ-нiң 1996.11.22.
N 1434 қаулысымен. P961434_
2. Шотты қаражатпен қаржыландыру көздерiн айқындасын:
мемлекетке келтiрiлген зиянды өтеу сомасынан, соттың үкiмi бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған мүлiктi, сондай-ақ соттың шешiмi бойынша қылмыскерлерден тәркiленiп алынған барлық көлiк құралдары, ұйымдастыру техникалары және байланыс құралдарын сатудан түскен қаражаттан 50 процент мөлшерiнде аударым; <*>
<*>
Ескерту. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.11.22.
N 1434 қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша, бiр ай мерзiмде, нығайту үшiн аталған арнаулы шоттың қаражаты берiлетiн Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының тiзбесiн айқындасын. <*>
Ескерту. Жаңа 3-тармақпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1996.11.22.
N 1434 қаулысымен.
4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Әдiлет министрлiгi, Қаржы министрлiгi бiр ай мерзiмде Арнаулы шот қаражатын қалыптастыру мен пайдалану тәртiбi туралы нұсқаулықты әзiрлеп, бекiтсiн.
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетi арнаулы
шотқа түскен ақша қаражатының жұмсалуына бақылауды қамтамасыз етсiн. <*> 6. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 17 наурыздағы "Ұйымдасқан нысандағы қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi күшейту жөнiндегi шаралар туралы" N 684 Жарлығын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 13 шiлдедегi N 597 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 28, 424-бап) 10-тармағының күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi