Құқық қорғау органдарының арнаулы шоты туралы<*>

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 28 тамыз N 1192. Атауына өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.11.22. N 1434 қаулысымен. ~P961434 Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998.02.24. N 132 қаулысымен. ~P980132

      "Қылмысқа қарсы күрес және құқық тәртiбiн нығайту жөнiндегi шұғыл шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 наурыздағы N 2127 K952127_ қаулысының 5-тармағын орындау үшiн, құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту және олардың қызметiн ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: <*>
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша құқық қорғау органдарының арнаулы шотын ашатын болсын. <*>
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiдi - ҚРҮ-нiң 1996.11.22.
               N 1434 қаулысымен. P961434_
      2. Шотты қаражатпен қаржыландыру көздерiн айқындасын:
      мемлекетке келтiрiлген зиянды өтеу сомасынан, соттың үкiмi бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған мүлiктi, сондай-ақ соттың шешiмi бойынша қылмыскерлерден тәркiленiп алынған барлық көлiк құралдары, ұйымдастыру техникалары және байланыс құралдарын сатудан түскен қаражаттан 50 процент мөлшерiнде аударым; <*>
      <*>
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.11.22.
               N 1434 қаулысымен.
      3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша, бiр ай мерзiмде, нығайту үшiн аталған арнаулы шоттың қаражаты берiлетiн Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының тiзбесiн айқындасын. <*>
      Ескерту. Жаңа 3-тармақпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1996.11.22.
               N 1434 қаулысымен.
      4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Әдiлет министрлiгi, Қаржы министрлiгi бiр ай мерзiмде Арнаулы шот қаражатын қалыптастыру мен пайдалану тәртiбi туралы нұсқаулықты әзiрлеп, бекiтсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетi арнаулы

шотқа түскен ақша қаражатының жұмсалуына бақылауды қамтамасыз 
етсiн.
<*>

     6. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 17
наурыздағы "Ұйымдасқан нысандағы қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрестi күшейту жөнiндегi шаралар туралы" N 684 Жарлығын iске
асыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992
жылғы 13 шiлдедегi N 597 қаулысының (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 28, 424-бап) 10-тармағының күшi жойылған деп
танылсын.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады