Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Телекоммуникациялар жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы Ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң ҚАУЛЫСЫ 1995 жылғы 8 қыркүйек N 1243. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999.12.07. N 1870 қаулысымен. ~P991870


     Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
     Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы
Телекоммуникациялар жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы
Ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi
                                  Қазақстан Республикасы
                                  Министрлер Кабинетiнiң
                                  1995 жылғы 8 қыркүйектегi
                                  N 1243 қаулысымен
                                         бекiтiлген
     
         Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы
            Телекоммуникациялар жөнiндегi ведомствоаралық
                      комиссия туралы
                          ЕРЕЖЕ
     


      1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Телекоммуникациялар жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Телекоммуникациялар жөнiндегi комиссия) Қазақстан Республикасының өзара байланысқан телекоммуникация жүйесiн құрайтын мемлекеттiк және өзге де байланыс жүйелерiн дамыту және жетiлдiру жөнiндегi жұмыстарды үйлестiрудi жүзеге асыратын орган болып табылады.
      2. Телекоммуникациялар жөнiндегi комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтарын, қаулыларын және өкiмдерiн, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулыларын, Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкiмдерiн, сондай-ақ осы Ереже мен Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң нормативтiк актiлерiн басшылыққа алады.
      3. Телекоммуникациялар жөнiндегi комиссияның негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
      телекоммуникациялық жүйелердi дамыту және жетiлдiрудiң мемлекеттiк және салааралық бағдарламаларын жүзеге асыру жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру;
      жұмыс iстеп тұрған және жаңадан құрылған байланыс жүйелерiнiң құрылымын қайта ұйымдастыру, жекешелендiру, өзара iс-қимылы және телекоммуникациялар саласына шетелдiк капиталдың қатысуы жөнiнде ұсыныстарды қарау.
      4. Телекоммуникациялар жөнiндегi комиссия:
      республиканың телекоммуникациялық жүйелерiн дамытудың және жұмысының негiзгi принциптерiн айқындайды;
      Қазақстан Республикасындағы байланыс жүйесiн дамытудың мақсаты мемлекеттiк бағдарламаларының жобаларын әзiрлеудi үйлестiредi;
      салалық, аумақтық мақсатты жобалардың ведомстволық байланыс жүйелерiн дамытудың негiзгi бағыттарының құндылығын қарайды және басымдықтарды айқындайды;
      республикалық маңызы бар байланыс жүйелерiн жобалау және салудың техникалық экономикалық негiздемелерiн мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен келiседi және олардың құрылысының орындылығын айқындайды;
      телекоммуникациялар жүйелерiнiң өзара байланысты бөлiгiнде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Ұлттық Қауiпсiздiк комитетi және Iшкi iстер министрлiгiне байланыс жүйелерiн жобалау және салудың техникалық шарттарын келiседi;
      өндiрiс, сондай-ақ ортақ пайдалану жүйесiндегi қолданылатын телекоммуникациялардың техникалық құралдарын шетелден сатып алу мәселелерi жөнiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне министрлiктер мен ведомстволар енгiзген ұсыныстарды қарайды және өз ұсыныстарын бередi;
      байланыс пен қызмет көрсетудiң жаңа перспективалық түрлерiн құру және дамыту саласында техникалық саясатты қалыптастыру жөнiнде зерттеулер жүргiзудi үйлестiредi;
      жүйелердiң көрсеткiштерi мен техникалық байланыс құралдарын пайдалану және стандарттау мәселелерi жөнiнде халықаралық электр байланысы ұйымдарына енгiзу үшiн ұсыныстарды қарайды.
      5. Телекоммуникациялар жөнiндегi комиссия:
      Комиссияның құзырына жататын мәселелер бойынша меншiк нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мемлекттiк органдар мен кәсiпорындардан, ұйымдардан, мекемелерден, сондай-ақ шетелдiктердi қоса, өзге де заңды және жеке тұлғалардан қажеттi ақпарат сұрауға;
      мәжiлiстерде Комиссияның мүшелерiн және оның құрамына кiрмеген министрлiктер мен ведомстволардың жауапты өкiлдерiн тыңдауға;
      байланыс жүйелерiн дамыту мен жұмысының белгiленген тәртiбiнiң сақталуын тексеру жөнiнде Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволарының жауапты қызметкерлерiн тартып жұмыс топтарын құруға;
      ғылыми-зерттеу мекемелерiн және оқу орындарын техникалық сараптама, консультация жүргiзу үшiн комиссияның қарауына жататын және өзге де мәселелердi әзiрлеуге олардың келiсiмiмен тартуға құқылы;
      6. Телекоммуникациялар жөнiндегi комиссияның өз құзыры шегiнде қабылданған шешiмдерi барлық мемлекеттiк органдар мен заңдық тұлғалар үшiн ұсыныс сипатында болып, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi қабылдануы арқылы жүзеге асырылады.
      7. Телекоммуникациялар жөнiндегi комиссияны Комиссияның Төрағасы - Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң орынбасары басқарады.
      Комиссияның құрамына комиссия төрағасының орынбасары, сондай-ақ, комиссияның мүшелерi - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң, Қорғаныс министрлiгiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiнiң, Экономика министрлiгiнiң, Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитеттiң және "Қазақстанның телевизиясы және радиосы" республикалық корпорациясының басшы қызметкерлерi кiредi.
      Телекоммуникациялар жөнiндегi комиссияның шешiмiмен оның құрамына Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттiк басқару органдарының өкiлдерi, сондай-ақ байланыс құралдарын дайындайтын және пайдаланатын кәсiпорындар мен ұйымдардың басшылары (олардың орынбасарлары) кеңесушi дауыс құқымен енгiзiлуi мүмкiн.
      Телекоммуникациялар жөнiндегi комиссияның жұмысшы аппаратының мiндетi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Байланыс департаментiне жүктеледi.
      8. Телекоммуникациялар жөнiндегi комиссия төрағасының орынбасары мен комиссияның мүшелерiн оның құрамына кiретiн ұйымдардың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындайды.
      9. Егер мәжiлiске комиссия мүшелерiнiң кемiнде жартысы қатысса, комиссияның мәжiлiсi заңды болып саналады. Комиссияның шешiмдерi ашық дауысқа салынып қабылданады және егер мәжiлiске қатысқан комиссия мүшелерiнiң жартысынан астамы оларға дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Комиссия мүшелерiнiң дауысы тең түскен жағдайда, Төрағаның дауысы шешушi болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады