Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 28 қазандағы N 1212 және 1994 жылғы 5 қаңтардағы N 25 қаулыларына өзгертулер енгiзу туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1995 жылғы 20 қыркүйектегi N 1272
1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шетелдiк кредиттер жөнiндегi кейбiр шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 28 қазандағы N 1212 қаулысына мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
1-тармағының екiншi абзацындағы "қайтаратын сәтке Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiсi белгiлеген бағам бойынша теңгемен" деген сөздер алынып тасталсын;
төртiншi абзацындағы "теңгемен өтейтiн болсын" деген сөздер "кредит валютасымен өтейтiн болсын" деген сөздермен ауыстырылып, "қайтару сәтiндегi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiсiнiң бағамы бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
бесiншi абзацындағы "немесе қайтару сәтiндегi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейтiн бағам бойынша теңгемен" деген сөздер алынып тасталсын;
алтыншы абзацы алынып тасталсын;
сегiзiншi абзацындағы "қайтару кезiндегi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiсi белгiлейтiн бағам бойынша ұлттық валютада" деген сөздерi "кредит валютасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
тоғызыншы абзацындағы "немесе қайтару сәтiндегi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген бағам бойынша теңгемен" деген сөздер алынып тасталсын.
2. "Алматы және Қарағанды маргарин зауыттарын жеке жоба бойынша жекелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 5 қаңтардағы N 25 қаулысының 3-тармағындағы "Түркия беретiн кредиттiң Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң тағамдық саломасты қайтару сәтiндегi бағамы бойынша шикiзатты алғаннан кейiн бiр жыл iшiнде теңгемен" деген сөздер "шикiзатты алғаннан кейiн бiр жыл iшiнде /тағамдық саломас және темекi материалдары/".
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз