Тұрғын үй нарығын одан әрi дамыту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң ҚАУЛЫСЫ 1995 жылғы 25 қыркүйек N 1281. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Президентiнiң "Жаңа тұрғын үй саясаты туралы" 1993 жылғы 6 қыркүйектегi  N 1344  жарлығымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 35, 405-бап) белгiленген мiндеттердi орындау, тұрғын үйдiң толық құнды нарқын қалыптастыру үшiн қосымша жағдайлар жасау және құрылысы аяқталмаған тұрғын үйлердi пайдалануға берудi тездету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
      1. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi мемлекеттiк меншiктегi өз баланстарында мемлекеттiк көздер есебiнен салынып жатқан, дайындық деңгейi 50 және одан көп процент, құрылысы аяқталмаған тұрғын үйлерi бар министрлiктер, ведомстволар, кәсiпорындар және ұйымдар оны Қазақстан Республикасының Тұрғын үй құрылысы мемлекеттiк банкiнiң (бұдан әрi - Тұрғынүйқұрылысбанкi) жарғылық қорына берсiн. 
      2. Тұрғынүйқұрылысбанкi жарғылық қорға берiлген салынып бiтпеген тұрғын үйлер көлемiнiң 20 процентке дейiнгiсiнiң құрылысын өз қаражаты есебiнен аяқтасын және оларды кезекте тұрғандарға бөлiп беру үшiн дайын пәтерлер түрiнде алғашқы тапсырыс берушiге қайтарсын. 
      Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң жарғылық қорына берiлген салынып бiтпеген үйлердiң қалған көлемiнiң құрылысын аяқтау осы банкiнiң тұрғын үй несие-жинақ шоттарына салынған халықтың қаражаты есебiнен жүзеге асырылады деп белгiленсiн. 
      Осы тұрғын үйдiң құрылысына бұрын жұмсалған шығындардың орны Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң азаматтарға төлем ақыны 5 процент жылдық өсiммен 10 жылға дейiн мерзiмде бөлiп-бөлiп төлеуiне мүмкiндiк беруi арқылы халықтың қаражаты есебiнен толтырылады. 
      3. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi Тұрғынүйқұрылысбанкiне берiлген тұрғын үйлердiң құрылысын аяқтау жөнiндегi тапсырыс берушiнiң мiндетiн коммерциялық үй салушылардың мемлекеттiк компанияларына жүктесiн. 
      4. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi атқару өкiметiнiң республикалық органдарының - құрылыстардың тапсырыс берушiлерiнiң келiсiмi бойынша мемлекеттiк көздер есебiнен салынып жатқан, дайындық деңгейi 50 проценттен төмен мемлекет меншiгiндегi құрылысы аяқталмаған тұрғын үйлердi инвестициялық және коммерциялық конкурстарда, сондай-ақ аукциондарда өткiзу үшiн беру немесе сату туралы шешiм қабылдасын. Сату үшiн берiлген бұл объектiлердi өткiзудi Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жүзеге асырады.<*> 
      Осынау аяқталмаған объектiлердi сатудан алынған қаражат саудаластықтар өткiзуге жұмсаған шығындар шегерiлiп, жаңа тұрғын үй саясатын жүзеге асыру үшiн жыл сайын республикалық бюджетте ескерiлетiн мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруден түсетiн 20 процент қаражат есебiне кезекте тұрғандарға арналған тұрғын үй құрылысы үшiн несие қорларын толықтыруға Тұрғынүйқұрылысбанкiне жiберiледi.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 4-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.07.03.  N 18-I  Заңымен, ҚР Үкіметінiң 1996.09.03. N  1082  қаулысымен.
      5. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi бiр ай мерзiм iшiнде бұрын мемлекеттiк қаржы есебiнен қаржыландырып келген құрылысы басталған және аяқталмаған тұрғын үй объектiлерiнiң дайындық деңгейiн, құрылысты аяқтау үшiн жұмсалған және жетiспейтiн қаражаттың көлемiн көрсете отырып, толық тiзбесiн әзiрлеп, оны Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне беретiн болсын. 
      6. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi және Тұрғынүйқұрылысбанкi бiр ай мерзiм iшiнде құрылысы аяқталмаған тұрғын үйлердiң құрылысын аяқтау және сатуға беру, сондай-ақ салынып бiтпеген тұрғын үйлердiң құрылысын аяқтау үшiн халықтың қаражатын Тұрғынүйқұрылысбанкiнiң тұрғын үй несие-жинақ шотына тарту тәртiбi туралы ереженi бекiтсiн. 
      7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне тұрғын үй нарығын дамыту үшiн Тұрғынүйқұрылысбанкiне жылжымайтын мүлiк кепiлдiгiмен орта мерзiмдi кредит ресурсын беру ұсынсын. 
      8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Тұрғынүйқұрылысбанкi Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен, Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiмен және басқа да мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп 2 ай мерзiмде халықтың қолында қалған тұрғын үй купондарын одан әрi пайдалану жөнiнде ұсыныс әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн. 
      9. Осы қаулының орындалуын бақылау және үйлестiру Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiне жүктелсiн. 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады