1. Министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, макроэкономикалық көрсеткiштер мен жиынтық баланстарды қалыптастыру жөнiндегi өзге де орталық атқарушы органдардың жұмысын үйлестiру үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық экономикалық статистикасын үйлестiру жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн республикалық жұмыс комиссиясы (бұдан былай - Жұмыс комиссиясы) құрылсын.
2. Жұмыс комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
3. Жұмыс комиссиясына мынадай жауапкершiлiк жүктелсiн:
Қазақстан үшiн бiрыңғай ресми статистикалық мәлiметтердiң қалыптастырылуын қамтамасыз ету;
төлем балансы статистикасының, халықаралық сауда ұлттық табыс, ақша мен банк статистикасының және мемлекеттiк қаржы статистикасының қалыптасуы халықаралық әдiснамаға сәйкес келуiн қамтамасыз ету;
статистикалық әртүрлi жүйелерi мәлiметтерiнiң өзара үндесуiн (үйлесуiн) қамтамасыз ету;
жиынтық статистикалық мәлiметтердi қалыптастырумен айналысушы түрлi ведомстволар арасында келiспеушiлiк болған жағдайда даулы мәселелердi жедел шешу.
4. Жұмыс комиссиясына тұрақты төрағалық ету мiндетi Қазақстан
Республикасының Үкiметi жанындағы Экономикалық реформалар орталығының жетекшiсi Ж.Д. Ертiлесоваға жүктелсiн. Жұмыс комиссиясының төрағасына: статистиканы қалыптастырудың нақты мәселелерiн шешу үшiн уақытша қосалқы комиссиялар құру өкiлеттiгi; жұмыс комиссиясының күн тәртiбiн және оның шақырылымын айқындау құқы берiлсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 31 қазандағы N 1413 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының Ұлттық экономикалық статистикасын үйлестiру жөнiндегi жұмыс комиссиясының құрамы Ертiлесова Ж.Д. - Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң жанындағы Экономикалық реформалар орталығының жетекшiсi, комиссия төрағасы Шоқаманов Ю.К. - Қазақстан Республикасының статистикалық және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi төрағасының орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары Шайқақова Г.Ж. - Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Экономикалық реформалар орталығының сектор меңгерушiсi, комиссия хатшысы Комиссия мүшелерi: Айманбетова Г.З. - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi экономикалық статистика басқармасының бастығы (келiсiмi бойынша) Айманов А.К. - Қазақстан Республикасының ТМД елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi мемлекеттiк комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары Аманжолов С.А. - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi талдау және статистика департаментiнiң директоры (келiсiмi бойынша) Гамарник Г.Н. - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппараты Экономикалық саясат бөлiмiнiң меңгерушiсi Дауранов Ш.А. - Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi экономикалық стратегия және даму болжау бас басқармасының бастығы Дюгай Н.Н. - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi төлем балансы мен борыш капиталының қозғалысы басқармасының бастығы (келiсiмi бойынша) Зейнелғабдин А.Б. - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бас бюджет басқармасының бастығы Қайырова Д.К. - Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi ұлттық есепшiлiк жүйесi басқармасының бастығы Котенко Н.Л. - Қазақстан Республикасының Үкiметi Аппаратының Қаржы, еңбек және ақша айналысы бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары Қуатов Р.Қ. - Қазақстан Республикасының Кеден комитетi төрағасының орынбасары Майданова Т.Ғ. - Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi төлем балансы басқармасының бастығы Рақышев С.Б. - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппараты Экономикалық саясат бөлiмiнiң сектор меңгерушiсi