Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары аппаратының санын және оны ұстауға жұмсалатын шығындарды қысқарту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1995 жылғы 2 қараша N 1442. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1996.11.21. N 1425 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының құрылымын жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 қазандағы N 2541 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Мыналар таратылсын:
      Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi жанындағы Мемлекеттiк сауда инспекциясы;
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанындағы Балық шаруашылығы жөнiндегi комитетi таратылып, оның функциясы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне берiлсiн;
      Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi жанындағы Жұмыспен қамту департаментi таратылып, оның функциясы Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгiне берiлсiн;
      Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi жанындағы Ұйымдастыру-құрылыс қызметiн мемлекеттiк лицензиялау департаментi, Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi жанындағы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаментi, Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi жанындағы Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауы департаментi, Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi жанындағы Жобаларды мемлекеттiк ведомстводан тыс сараптау департаментi таратылып, олардың функциялары Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiне берiлсiн.
      2. 1995 жылдың 1 қазанынан министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен ведомстволардың орталық аппараты қызметкерлерiнiң саны 1067 адамға және олардың республикалық бюджеттен қаржыландырылатын жергiлiктi органдары қызметкерлерiнiң саны 3949 адамға қысқартылсын.
      3. Министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен республикалық бюджеттен қаржыландырылатын басқа да орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының орталық аппараты қызметкерлерiнiң шектi саны, сондай-ақ министрлер, мемлекеттiк комитеттер төрағалары орынбасарларының және басқа да орталық атқарушы органдары басшылары лауазымдарының саны N 1-3 қосымшаларға сәйкес белгiленсiн.
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жүргiзiлiп жатқан шараларға сәйкес министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер мен басқа да орталық атқарушы органдар бойынша еңбекке ақы төлеу қорын анықтасын.
      4. Министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен басқа да орталық атқарушы органдарының басшылары мен басқа қызметкерлерiнiң сандық нормативтерi N 4 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      5. Министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен басқа да орталық атқарушы органдарының орталық аппаратының құрылымын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн болып белгiленсiн.
      Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер мен басқа да орталық атқарушы органдары бiр ай мерзiмi iшiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлген орталық аппараттың құрылымын Қазақстан Республикасының Үкiметiне түсiретiн болсын.
      6. Министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен басқа да орталық атқарушы органдарының орталық аппараты қызметкерлерiне қызмет көрсетуге арналған қызмет бабындағы жеңiл автомобильдер санының лимитi N 5 қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
      Осы қаулыда көзделген шараларды қолдану нәтижесiнде босаған жеңiл автомобильдер белгiленген тәртiппен аукцион арқылы сатылсын.
      7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бiр ай мерзiмi iшiнде министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, маслихат-жиналыстардың және басқа да жергiлiктi атқарушы органдарының келiсуi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне мыналарды:
      облыстар мен Алматы қаласы әкiмдерi аппаратының үлгiлiк құрылымын және аймақтардың экономикасын ескере отырып, олардың дербес атқарушы органдарының тiзбесiн;
      басқару аппараты қызметкерлерiнiң саны мен еңбек ақы қорының лимитiн;
      қызмет бабындағы жеңiл автомобильдер санының лимитiн;
      қызметтiк iс-сапарларына арналған шығындар лимитiн түсiретiн болсын.
      8. Министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттерi мен басқа да орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының басшыларына мыналар мiндеттелсiн:
      орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының аппаратын қысқарту жөнiндегi жұмысты еңбек заңдарына қатаң сәйкес, "Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы" 1990 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген әлеуметтiк кепiлдiктер мен өтемақыларды бере отырып жүргiзсiн;
      Аппараттың штаттық кестесiн еңбек ақы қорының белгiленген адам саны шегiнде және осы қаулының 4-қосымшасында көзделген нормативтердi сақтай отырып бекiтсiн;
      басқару аппаратын ұстауға арналған мемлекет қаражатын жұмсауда қатаң үнемдеу тәртiбiн қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты жалғастырсын, әкiмшiлiк үйлерi мен қызмет кабинеттерiн әрлеу, жабдықтау және iшiн жиhаздау кезiнде ысырапқорлыққа жол бермесiн;
      делегациялар мен жеке адамдарды қабылдағанда және оларға қызмет көрсеткенде мемлекет қаражатын шектеу жөнiндегi жұмысты жалғастырсын, бұл ретте бекiтiлген нормаларды басшылыққа алсын;
      9. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен оның мекемелерiне:
      министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен басқа да орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының шоттарынан қаражат беру мен басқа да банкiлiк операцияларын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнде және жергiлiктi қаржы органдарында тiркелген шығыс сметаларын көрсеткенде ғана жасау;
      қаражатты жалақыға, сыйлыққа және материалдық көмекке, қызметтiк iссапарға еңбек ақы қоры мен қызметтiк iссапарға лимиттерi болғанда ғана беру;
      орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың ағымдағы шоттарынан делегациялар мен жеке адамдарды қабылдауға қаражаттың жұмсалуын Қаржы министрлiгiнде және республиканың жергiлiктi қаржы органдарында тiркелген осы мақсатқа арналған шығындардың сметаларына сәйкес жүргiзу ұсынылсын.
      10. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен оның жергiлiктi органдары:
      министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, басқа да орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ оларға қарасты органдардың, мекемелер мен ұйымдардың басқару аппаратын ұстауға арналған мемлекет қаражатын жұмсауда қаржылық тәртiптiң сақтаулы мен үнемдеуi режимi болуына бақылауды күшейтсiн;
      мемлекет қаражатын заңсыз жұмсау фактiлерi анықталған жағдайда олардың толық жойылуына және тиiстi лауазымды адамдардың жауапқа тартылуына шаралар қолданылатын болсын.
      11. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының құрылымын жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 қазандағы N 2541 Жарлығына сәйкес құрылған және қайтадан ұйымдастырылған орталық атқарушы органдар бойынша қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
      12. Еңбек министрлiгi, Қаржы министрлiгi мен Экономика министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде орталық және жергiлiктi атқарушы органдары қызметкерлерiнiң лауазымдық еңбекақыларының схемасын жасап, оны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне ұсынсын.
      13. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының құрылымын жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 қазандағы N 2541 Жарлығына сәйкес жаңадан құрылған және қайтадан ұйымдастырылған орталық атқарушы органдары бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен, Экономика министрлiгiмен және басқа да мүдделi орталық атқарушы органдармен келiсiлген, сол органдар туралы Ережелердiң жобаларын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне ұсынсын.
      14. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мүдделi орталық атқарушы органдар мен бiрлесе отырып үш ай мерзiм iшiнде республика Үкiметiнiң бұрын қабылданған шешiмдерiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келтiру туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс түсiрсiн.
      15. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын.
      "Мемлекеттiк басқару органдары аппаратының санын және оны ұстауға жұмсалатын шығындарды қысқарту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 3 тамыздағы N 374 қаулысы;
      "Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 22 желтоқсандағы N 1445 қаулысының 4-тармағы;

     "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы
3 тамыздағы N 874 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 10 ақпандағы
N 143 қаулысы;
     "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы
3 тамыздағы N 874 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 24 сәуiрдегi
N 539 қаулысы.


     Қазақстан Республикасының
           Премьер-министрi
                       
                                      Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                      1995 жылғы 2 қарашадағы
                                        N 1442 қаулысына
                                             1 қосымша

        Қазақстан Республикасы министрлiктерi, мемлекеттiк
        комитеттерi және басқа да орталық атқару органдары
         орталық аппараты қызметкерлерiнiң шектi саны
________________________________________________________________
   Министрлiктердiң, мемлекеттiк      |     Адам саны
   комитеттердiң және орталық          |
   атқару органдарының атауы          |
_________________________________________________________________
                  1                   |           2
_________________________________________________________________

       Әдiлетминi                               147

                                    Қазақстан Республикасы                 
             
                                          Үкiметiнiң
                                    1995 жылғы 2 қарашадағы
                                        N 1442 қаулысына
                                           2 қосымша

            Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын
            жергiлiктi атқару органдары қызметкерлерiнiң
                             шектi саны
_______________________________________________________________
   Жергiлiктi атқару органдарының      |   Адам саны
             атаулары                  |
_______________________________________________________________

     Әдiлетминiнiң облыстық,                       916
     қалалық басқармалары

                                   Қазақстан Республикасы
                                         Үкiметiнiң
                                    1995 жылғы 2 қарашадағы
                                        N 1442 қаулысына
                                            3 қосымша

            Қазақстан Республикасы министрлерi,
           мемлекеттiк комитеттерi төрағалары мен
         басқа да орталық атқару органдары басшылары
             орынбасарларының шектi саны туралы 
<*>

     Ескерту. ҚРҮ-нiң 1996.05.12. N 583 қаулысын қараңыз.
_______________________________________________________________
  Министрлiктердiң, мемлекеттiк       |   Адам саны
  комитеттер мен басқа да орталық     |
  атқару органдарының атауы           |
_______________________________________________________________
                  1                    |            2
________________________________________________________________

      Әдiлет министрлiгi                             4
 
                                     Қазақстан Республикасы
                                          Үкiметiнiң
                                     1995 жылғы 2 қарашадағы    
                                        N 1442 қаулысына  
                                            4 қосымша
          
          Қазақстан Республикасындағы министрлiктердiң,
          мемлекеттiк комитеттердiң және басқа да 
          орталық атқару органдары орталық аппаратының
          басшы және басқа қызметкерлерi санының
                       нормативтерi
_______________________________________________________________
                                   | Қызметкерлердiң жекелеген
                                   | санаттарының қатынастары
_______________________________________________________________
 
           1. Құрылымдық бөлiмдер адам саны төмендегiдей
              болғанда /бөлiмше бастықтарын қоса есептегенде/
              құрылады:

     секторлар                       адам саны 3-тен кем болмаса
     бөлiмдер                        адам саны 4-тен кем болмаса
     басқармалар                     адам саны 10-нан кем болмаса
     бас басқармалар және            қызметкерлер саны 20-дан кем   
     департаменттер
<*>
               болмаса
     Ескерту. 4-қосымшаға өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.05.27.
              N 648 қаулысымен. 

           II. Құрылымдық бөлiмдер басшыларының      
               орынбасарлар лауазымы мынадай
               жағдайда енгiзiледi:

     бөлiм бастығының                 бөлiмiнде кемiнде /бастықты
     орынбасары                       қоса есептегенде/ 7 адам болса

     Басқармалар бастықтарының        басқармаларда кемiнде 
     орынбасарлары                    /бастықты қоса есептегенде/
                                      10 адам болса: басқармалар
                                      бастықтары орынбасарларының
                                      қосымша лауазымы - одан
                                      кейiнгi әрбiр 10 адамға

                                      Қазақстан Республикасы         
                                          Үкiметiнiң
                                      1995 жылғы 2 қарашадағы
                                          N 1442 қаулысына
                                            5 қосымша
        

           Қазақстан Республикасы министрлiктерi, мемлекеттiк
           комитеттерi мен басқа да орталық артқару органдары
           орталық аппараты қызметкерлерiне қызмет көрсетуге
           арналған қызметтiк жеңiл автомобильдер санының       
                               лимитi
<*>

     Ескерту. ҚРҮ-нiң 1996.05.12. N 583 қаулысын қараңыз.

_______________________________________________________________
     Министрлiктердiң, мемлекеттiк    |    Автомобильдер
     комитеттер мен басқа да          |        саны
     орталық атқару органдарының      |
     атаулары                         |
_______________________________________________________________
                    1                 |           2
_______________________________________________________________

        Әдiлетминi                                5
 
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады