Мұнай-газ саласы кәсiпорындарын жекешелендiру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 17 қарашадағы N 1565. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі N 1411 Қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға (II кезең) арналған Ұлттық бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы N 1135 Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 мамырдағы N 659 P950659_ қаулысына сәйкес және мұнай-газ саласы кәсiпорындарын жекешелендiрудi тездетiп жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi белгiленген тәртiппен "Актюбинскнефть" "Южнефтегаз" және "Шымкентнефтеоргсинтез" акционерлiк қоғамдарын жекешелендiру туралы мәселенi, сондай-ақ олардың осы аталған серiктестiктердiң қатысуымен құрылған бiрлестiктердiң жарғылық қорларына салымдарындағы құқықтық мұрагерлiгi мәселелерiн шешетiн болсын.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1995 жылғы 24 тамыздағы N 310 өкiмiмен құрылған мұнай-газ саласы кәсiпорындарын жекешелендiру жөнiндегi ведомствоаралық комиссия Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiмен бiрлесiп екi апта мерзiмде тендер өткiзу шарттары мен мерзiмiн әзiрлеп, тендер күнiн 1995 жылғы 20 желтоқсаннан бастауды көздей отырып, жекешелендiрiлетiн кәсiпорындар туралы ақпараттық меморандумды даярлап, оны тендер процесiне қатысушыларға жiберудi қамтамасыз ететiн болсын.
      3. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi осы аталған акционерлiк қоғамдарды жеке жоба бойынша жекешелендiретiн болсын.
      4. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi мен Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi таңдап алынған консультанттардың мұнай-газ саласының осы аталған кәсiпорындарын жекешелендiру процесiн жүзеге асыруы үшiн Қазақстан Республикасының жер қойнауы туралы қажеттi ақпарат алуына жәрдемдесетiн болсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады