Қазақстан Республикасы мен Азиялық Даму Банкi арасындағы займ туралы келiсiмдi (Ауыл шаруашылығына арналған бағдарламалық займ) жасау және жүзеге асыру үшiн жағдай туғызу жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 27 қараша N 1599

      Елдiң агроөнеркәсiп кешенiн дамытуға мемлекеттiк көмек көрсету, реформалардың орта мерзiмдi бағдарламасына Азиялық Даму Банкiнiң займын тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Азиялық Даму Банкiнiң селодағы орта мерзiмдi бағдарламаға 100 млн. АҚШ доллары сомасындағы қаржысы бюджеттiң кiрiс бөлiгiне түсiп, агроөнеркәсiп кешенiн дамытудың инвестициялық жобаларына мақсатты тәртiппен жұмсалады деп белгiленсiн.
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Экономика министрлiгiмен бiрлесiп басым жобалар мен займдардың аталған инвестициялық тiзбесiн он күн мерзiмде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне енгiзетiнi ескерiлiп, 1996 жылға арналған елдiң басым инвестициялық жобалар тiзбесi мен орта мерзiмдi перспективаны айқындау кезiнде аталған инвестициялық жобалар назарға алынсын.
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1996 жылғы арналған бюджеттi әзiрлеу кезiнде бюджеттiң шығыстарына осы займның бiрiншi бөлiгiнiң қаржысын пайдаланудың бөлек көрсетiлуiн қарастырсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Қазынашылықтың арнайы валюталық шотын ашсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Қаржы министрлiгi жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитет, Кеден комитетi, Әдiлет министрлiгi, Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Азиялық Даму Банкi арасындағы келiсiмдi тезiрек бекiту және займның бiрiншi бөлiгiнiң қаржысын алу үшiн барлық қажеттi шараларды қабылдасын.
      4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан бұл займ жөнiндегi займшы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы Қазынашылығы тұлғасында Қаржы министрлiгi болып табылады деп белгiленсiн.
      5. Займшының қаржысы ақырғы займшыға займ қаржысын сөзсiз қайтару (займ бойынша төлеу кестесiне сәйкес), өте өтiмдi, нық және белгiленген тәртiппен расталған кепiлдiктерi бар шарттар сақталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметiне оның кепiлдемелiк мiндеттемелерi үшiн екi проценттiк комиссиялық төлем төленген жағдайда берiледi деп белгiленсiн.
      6. Займ қаржысына басым инвестициялық жобаларды таңдау,

конкурс жариялау шарттарын айқындау және осы қаулының
5-тармағындағы шарттарға сәйкес қайтарым қағидаларын сақтау
мақсатында конкурстың шарттарын, iрiктеу және қаржы қайтарымы
тетiктерiн әзiрлеу жөнiндегi конкурстық комиссия мынадай құрамда
құрылсын:
     Есiмов А.С.        - Қазақстан Республикасы Премьер-
                          Министрiнiң орынбасары - басшы
     Өтембаев Е.А.      - Қазақстан Республикасы Үкiметi
                          Аппаратының Басшысы-басшының
                          орынбасары

                 Комиссия   мүшелерi:
     Павлов А.С.        - Қазақстан Республикасының
                          Қаржы министрi
     Шөкеев Ө.Е.        - Қазақстан Республикасының
                          Экономика министрi
     Кәрiпжанов Ж.С.    - Қазақстан Республикасының
                          Ауыл шаруашылығы министрi
     Крепак П.И.        - Қазақстан Республикасының
                          Еңбек министрi
     Колпаков К.А.      - Қазақстан Республикасының
                          Әдiлет министрi
     Мыңбаев С.М.       - Қазақстан Республикасы
                          Қаржы министрiнiң орынбасары
     Марченко Г.А.      - Қазақстан Республикасы Ұлттық
                          Банкi төрағасының орынбасары
     Жаназаров С.Қ.     - Қазақстан Республикасының Қаржы
                          министрлiгi жанындағы Шетел
                          капиталын пайдалану жөнiндегi
                          комитетiн басқарма бастығы
     Штойк Г.Г.         - Қазақстан Республикасының
                          Өнеркәсiп және сауда министрi
     Комиссия Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне бiр ай
мерзiмде тиiстi ұсыныстарын енгiзсiн.


      7. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен, Қаржы министрлiгi жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитетiмен бiрлесiп. Селодағы реформаларды жүзеге асыру жөнiндегi шаралардың жоспарын, сондай-ақ аталған шаралардың жүзеге асырылуына бақылау жасауды қамтамасыз ететiн Үкiмет

комиссиясының жеке құрамын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
бекiтуiне бiр ай мерзiмде енгiзсiн.
     8. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары А.С.Есiмовке
жүктелсiн.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады