"Темiржол көлiгiн жөндеу үшiн қосалқы бөлшектер сатып алу" жобасын қаржыландыруға Германия Федерациялық Республикасы берген займды пайдалану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 4 желтоқсан N 1651

      Темiржол көлiгiнiң тұрақты да тиiмдi жұмысын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ Германия Федерациялық Республикасы мен Қазақстан Республикасы үкiметтерi арасындағы қаржылық ынтымақтастық туралы 1994 жылғы 6 мамырдағы Келiсiм негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Германия Федерациялық Республикасы Қалпына келтiру жөнiндегi кредиттiк ведомствосы (КFW) темiржол көлiгiн жөндеу үшiн қосалқы бөлшектер сатып алуға берген 4,5 миллион (төрт миллион бес жүз мың) немiс маркасы сомасында жеңiлдiк жасалған ұзақ мерзiмдi кредиттi пайдалану мақұлдансын.
      2. Кредиттiң түпкi займшылары саналатын Алматы темiр жолы мен "Рысты-АЭВРЗ" акционерлiк қоғамы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiсiне кредиттi өтеу жөнiнде кепiлдi мiндеттемелер беретiн болсын.
      Сақтандыру жарнасын, қызмет көрсететiн банктер комиссияларын, барлық iлеспе шығындар мен проценттердi, сондай-ақ тартылатын кредиттердi төлеу түпкi займшылардың өз қаражаты есебiнен жасалатыны еске алынсын.
      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi:
      Қалпына келтiру жөнiндегi "KFW" кредиттiк ведомствосымен 4,5 миллион (төрт миллион бес жүз мың) немiс маркасы сомасына кредиттiк келiсiм әзiрлеп, қол қоятын болсын;
      түпкi займшылармен iшкi кредиттiк келiсiм жасассын;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне кредиттi өтеу жөнiнде қарсы кепiлдiктер берсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының кепiлдiгiн берсiн;
      Қазақстан Республикасының кепiлдiгiн қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiмен келiсiм жасассын.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Көлiк және коммуникациялар министрлiгi осы жобаның орындалуын және кредит жөнiндегi төлемдердiң уақтылы төленуiн бақылауды қамтамасыз етсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитет жобаның iске асуына жалпы басшылықты және бақылауды қамтамасыз етсiн.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады