Төлем қабiлетi жоқ кәсiпорындарға консультация беру жөнiндегi республикалық орталық құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 7 желтоқсан N 1685. Күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 1996.02.07. N 169 қаулысымен.

      Акцияларының бақылау пакетi мемлекеттiң қолында қалған мемлекеттiк кәсiпорындар мен акционерлiк қоғамдарға қатысты қайта ұйымдастыру процедураларын және тарату жөнiндегi процедураларын және тарату жөнiндегi процедураларды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Арнайы мемлекеттiк мекеме - Төлем қабiлетi жоқ кәсiпорындарға консультация беру жөнiндегi республикалық орталық (бұдан әрi - Орталық) құрылсын.
      2. Орталыққа мыналар жүктелсiн:
      төлем қабiлетi жоқ кәсiпорындардың өмiршеңдiгiн бағалау және қайта ұйымдастыру процедуралары мен тарату жөнiндегi процедуралардың кешендi жоспарларын дайындауда оларға тиiмдi консультациялық көмек көрсетудi жүргiзу;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiнiң қызмет көрсетуiне берiлген төлем қабiлетi жоқ кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру процедуралары мен тарату жөнiндегi процедуралардың жоспарларын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiне бергенге дейiн бекiту;
      ұйымдастыру, техникалық және қаржылық қайта жаңғырту жоспарларын әзiрлеу кезiнде төлем қабiлетi жоқ кәсiпорындарға көмек көрсетуде шетелдiк және отандық консультанттардың жұмысын үйлестiру;
      төлем қабiлетi жоқ кәсiпорындарды қайта құру процедуралары мен тарату жөнiндегi процедуралардың жоспарларын әзiрлеу үшiн министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, орталық және жергiлiктi атқарушы органдар өкiлдерiнiң, шетелдiк және отандық сарапшылардың қатысуымен жұмыс топтарын құру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;
      төлем қабiлетi жоқ кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру процедураларының нысандары мен бағыттары жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу;
      төлем қабiлетi жоқ кәсiпорындарды қаржы-экономикалық сауықтыру, қайта ұйымдастыру процедуралары мен тарату жөнiндегi процедуралар мәселелерi бойынша республикада консультациялық қызметтер рыногын құруға көмек көрсету.
      3. Төлем қабiлетi жоқ кәсiпорындарға консультация беру жөнiндегi республикалық орталық туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
      4. Орталық пен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiнiң қызмет көрсетуiне берiлген төлем қабілетi жоқ кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру процедуралары мен тарату жөнiндегi процедуралардың жоспарларын әзiрлеу және бекiту туралы Ереженi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне енгiзсiн.
      5. Орталық қызметкерлерiнiң шектi саны 15 адам болып және бiр қызмет жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
      6. Орталықтың құрылымы қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
      7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi республикалық бюджеттiң мемлекеттiк басқару орындарына арналған қаржысы есебiнен Орталықты ұстауға қажеттi қаражат бөлсiн.
      8. Орталықтың директорының лауазымы медициналық және тұрмыстық, көлiктiк, қамтамасыз ету жағдайы бойынша Қазақстан Республикасы министрi орынбасарының лауазымына теңестiрiлсiн.
      9. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Орталықты өзiне жүктелген функцияларды орындауы үшiн, ақпарат материалдарымен қамтамасыз ететiн мекемелердiң тiзбесiне енгiзсiн.
      10. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Орталықты үкiмет байланыс арналарымен, сондай-ақ халықаралық факсимиле, телекс, телефон байланысымен қажеттi мөлшерде бiрiншi кезекте қамтамасыз етсiн.
      11. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы Валюта-қаржы бақылау комитетi оның сұрау салуы бойынша Орталыққа төлем қабiлетi жоқ кәсiпорындарды тексерiстердiң нәтижелерi жөнiндегi қолда бар ақпаратты беретiн болсын.
      12. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, қарамағында төлем қабiлетi жоқ кәсiпорындары бар министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, орталық және жергiлiктi атқарушы органдар Орталыққа өзiне жүктелген мiндеттер мен функцияларды жүзеге асыруына көмек көрсетсiн.
      13. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару

жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Орталықты орналастыру туралы мәселенi
шешсiн.
     14. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
     "Төлем қабiлетi жоқ кәсiпорындарға консультация беру жөнiндегi
департамент құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995
жылғы 1 қарашадағы N 1429 қаулысы;
     "Н.А.Сәрсембаев туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995
жылғы 14 қарашадағы N 1529 қаулысы.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi


                                       Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң 1995 жылғы 7 желтоқсандағы N 1685 қаулысымен БЕКIТIЛГЕН

          Төлем қабiлетi жоқ кәсiпорындарға консультация
           беру жөнiндегi республикалық орталық туралы
                          Е Р Е Ж Е
      1. Қазақстан Республикасының төлем қабiлетi жоқ кәсiпорындарына консультация беру жөнiндегi республикалық орталық (бұдан әрi - Орталық) төлем қабiлетi жоқ кәсiпорындарға олардың төлем қабiлетiне баға беру, кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру мен тарату жоспарын әзiрлеуге консультациялық көмек көрсету үшiн құрылған арнайы мемлекеттiк мекеме болып табылады. Орталық осы жұмысты жүргiзген кезде шетелдiк және отандық консультанттардың консультациялық көмегiн белсендi түрде пайдаланады.
      Орталық өз функциясын Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң басшылығымен жүзеге асырады.
      2. Орталық өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтарын, Үкiметтiң қаулыларын және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмдерiн, халықаралық келiсiмдер мен шарттарды, басқа да заң және нормативтiк актiлерiн, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң шешiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Орталық заңды тұлға болып табылады, мөрi, бұрыштамасы және заңды тұлғаның басқа да фирмалық белгiлерi бар.
      Орталықтың банк мекемелерiнiң бiрiнде ағымдағы есепшоты болады.
      4. Орталықтың мекен-жайы - Алматы қаласы.
      5. Орталықтың негiзгi функциялары мыналар болып табылады:
      төлем қабiлетi жоқ мемлекеттiк кәсiпорындарға олардың өмiршеңдiк қабiлетiн бағалау және қайта ұйымдастыру процедуралары мен тарату процедуралары жөнiндегi кешендi жоспарларын әзiлеуде тиiмдi консультациялық көмек көрсетудi жүргiзу;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiнiң қызмет көрсетуiне берiлген төлем қабiлетi жоқ кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру процедуралары мен тарату процедуралары жөнiндегi жоспарларды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiне бергенге дейiн бекiту;
      төлем қабiлетi жоқ кәсiпорындарға ұйымдастыру, техникалық және қаржы жоспарларын әзiрлеу кезiнде шетелдiк және отандық консультанттардың жұмысын үйлестiру;
      төлем қабiлетi жоқ кәсiпорындарын қайта ұйымдастыру процедуралары мен тарату процедураларын әзiрлеу үшiн министрлiктер мен мемлекеттiк комитеттердiң, орталық және жергiлiктi атқару органдары өкiлдерiнiң, шетелдiк және отандық сарапшылардың қатысуымен жұмыс топтарын құру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;
      төлем қабiлетi жоқ кәсiпорындардың қайта ұйымдастыру процедураларының нысандары мен бағыттары жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу;
      қаржы-экономикалық сауықтыру, төлем қабiлетi жоқ кәсiпорындардың қайта ұйымдастыру процедуралары мен тарату процедуралары жөнiндегi мәселелер бойынша республикада консалтинг рыногiн құруға көмек көрсету;
      банкроттық туралы заңдарды қолданудың шетелдiк және отандық тәжірибесiн зерделеу мен қорыту және оның негiзiнде төлем қабiлетi жоқ кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру процедуралары мен тарату процедураларын жүзеге асырудың әдiстемелерiн жетiлдiру.
      6. Өзiнiң негiзгi функцияларын орындау үшiн Орталықтың:
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнен, Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөнiндегi агенттiктен және қажет болған жағдайда басқа да министрлiктер мен мемлекеттiк комитеттерден, орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан төлем қабiлетi жоқ кәсiпорындар туралы (негiзгi қаржы-экономикалық көрсеткiштер, кәсiпорындардың бухгалтерлiк баланстары, берешектерi жөнiндегi мәлiметтер және басқа талдау материалдары мен құжаттар) ақпарат алуға;
      жұмыс топтарын ұйымдастыру тәртiбi мен олардың құрамын белгiлеуге, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк медетшi банкiне берiлген кәсiпорындарға еркiн баруға және олардың басшыларымен өзара iс-қимыл жасап, олар үшiн қайта ұйымдастыру процедуралары мен тарату процедуралары жөнiндегi кешендi жоспарларын әзiрлеуге;
      өз қызметiн жоспарлауға, құрылымы мен штаттық кестесiн еңбекақы қорының және бөлiнген адам санының шегiнде дербес белгiлеуге құқығы бар.
      7. Қазақстан Республикасының республикалық бюджетiнiң қаржысы Орталықты қаржыландыру көздерi болып табылады.
      8. Орталықты басқару Орталық басшысына жүктеледi. Орталық басшысын Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайды.
      9. Орталықты қайта ұйымдастыру мен тарату Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп бойынша жүргiзiледi.
                                       Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң 1995 жылғы 7 желтоқсандағы N 1685 қаулысына ҚОСЫМША

          Төлем қабiлетi жоқ кәсiпорындарға консультация
             беру жөнiндегi республикалық орталықтың
                              ҚҰРЫЛЫМЫ
     Директор
     Директордың орынбасары - қайта жаңғырту жөнiндегi
     консультациялық бөлiмiнiң басшысы
     Кәсiпорындарды қайта жаңғырту жөнiндегi консультациялық бөлiм:
         Кәсiпорындардың стратегиясы жөнiндегi топ
         Кәсiпорындардың қаржысы жөнiндегi топ
         Әлеуметтiк қаражат және жұмыс күшiн пайдалану жөнiндегi топ
         Экология жөнiндегi топ
         Заң сараптамасы жөнiндегi топ
     Әкiмшiлiк-шаруашылық секторы:
         Бухгалтерия
         Шаруашылық қызметi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады