Ауыл шаруашылығы өндiрiсiн дамытуға шет ел инвестициясын тарту жөнiндегi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң бастамашылығы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 7 желтоқсан N 1686

      Аудандық агроөнеркәсiп кешенi түрiндегi шаруашылық жүргiзудiң селодағы жаңа нарықтық нысанын енгiзу, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн дамыту үшiн шет ел капиталын тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Агроинвест GPAL" компаниясын Көкшетау облысының Рузаев ауданында, Қостанай облысының Урицкий ауданында, Солтүстiк Қазақстан облысының Тимирязев ауданында агроөнеркәсiп кешендерiн құруға тарту жөнiнде Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен, Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен және аталған облыстардың әкiмдерiмен келiсiлген бастамашылығы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      Ақсуат, Сулы, Париж коммунасы атындағы, Урицкий және Қоскөл элеваторлары акцияларының мемлекеттiк пакетi қолданылып жүрген заңдарға орай "Астық өнiмдерi жүйесiндегi акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакетiн сату туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 6 қарашадағы N 1450 қаулысына сәйкес "Агроинвест GPAL" компаниясына сатылсын;
      "Агроинвест GPAL" компаниясының басқармасына Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша осы аудандарда орналасқан ауыл шаруашылығы, ұқсатушы және агроөнеркәсiп орындары акцияларының мемлекеттiк пакетiн беретiн болсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Экономика министрлiгi Қостанай, Көкшетау және Солтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерiмен бiрлесе отырып:
      "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанындағы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау жөнiндегi мемлекеттiк қорға, меншiктiң барлық нысанындағы ауыл шаруашылық тауарларын өндiрушiлерге берiлген кредиттер бойынша қарыздары беру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 6 наурыздағы N 224 қаулысына ( Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 8, 87-бап) сәйкес, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау жөнiндегi мемлекеттiк қорға орталықтандырылған кредиттiк ресурстар жөнiндегi ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының берешегiн көшiру бөлiгiндегi, кешенге кiретiн, олардың берешегiн көшiру мүмкiндiгiн зерттейтiн болсын.
      4. "Агроинвест GPAL" компаниясы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен, Экономика министрлiгiмен, Қазақстан халықаралық агроөнеркәсiп биржасымен бiрлесе отырып, бiр ай мерзiмде, агроөнеркәсiп биржасымен бiрлесе отырып, бiр ай мерзiмде, агроөнеркәсiп кешендерiн құру тәртiбiн, басқару мен дамыту бағдарламасын әзiрлесiн шет ел инвесторларының нақты қатысу тетiгiн, шаруашылықтардың материалдық-техникалық базасын дамыту, жаңа технологиялар мен ғылыми әзiрлемелер сатып алу мен енгiзу жолдарын пысықтасын.
      5. "Агроинвест GPAL" компаниясының "Ақтау" теңiз портын

жаңғыртуға қатысуы және өз инвестициясы есебiнен 50 мың тонналық
астық элеваторын салуды қамтамасыз етуi жөнiндегi ұсынысы
мақұлдансын.
     Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi, Маңғыстау облысының әкiмi "Агроинвест GPAL"
компаниясына аталған жобаларды жүзеге асыруға қолдау жасайтын
болсын.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады